АҚТОЛЫС АНА (шамамен 1600 — 55 ж.) — есімі ел есінде сақталған көріпкел және емші. Есімханның замандасы Жарлықамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы. Жасынан көріпкелдік, емшілік қасиетімен аты шыққан. Оның кейінгі ұрпақтарынан Сары мырза (Ресейге қазақ елшілігін басқарып барған елші), Бөрібай батыр, Тауасар батыр, Шаппа би, Қыдырәлі би, т.б. қайраткерлер шыққан.