Қазақ болыстарын «құру кезiнде» рулық принцип негiзге алынбай, ендi аумақтық принцип негiзге алынды. Өйткенi патша үкiметi рулық ерек- шелiктердi еске алуды саяси тұрғыдан алғанда зиянды деп тапты. Қазақтардың ежелден көшiп-қонып жүрген байырғы атамекен жерлерi ендi «мемлекет меншiгi» саналды. Ол жерлер қазақтардың «мерзiмсiз әрi қоғамдық негiзде пайдалануына» берiлетiн болды. Бұрыннан алынып келген жасақ (салық) үй басына салынатын түтiн салықпен (алғашқыда жылына 3 сом, ал кейiнiрек – 4 сом) алмастырылды…»
Коншин Н. Семей өлкесiнiң 1917 жылға дейiнгi тарихи очеркi//Қазақ этно- графиясы жөнiндегi еңбектер. – Павлодар, 2005, 96-бет.