Шежірелер бойынша өзбектер өз баулы деп аталған. Оларды бүгінде осы этнонимді басы бүтін иемденген өзбек ұлтымен шатастыруга болмайды. Белгілі Башқұрт тарихшысы Б.Е.Кузевтің «Происхождение башкирского народа» атты кітабындағы түркі-моңғол-парсы шежірелеріне негізделіп жасалған салыстырмалы кестеде қыпшақтар дәуіріндегі өзбектер құрамында қыпшақ, қаңлы, керейіт, найман, үйсін сияқты осы күнгі қазақтар құрамында кездесетін рулардың бар екендігін дәлелдейді.
Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Олардың негігілері: Қыпшақ диалектісі; Оғыз диалектісі; Қарлық диалектісі.
Өзбек тілі басқа туыстас түрік тілдерімен сөз басында «й» дыбысын, сөз соны мен ортасында «ғ», «г» дыбыстарын қолдану секілді заңдылықтармен ерекшеленеді.
Бұдан шығар қорытынды, түркі тілдес тайпалардың халық болвп қалыптасуының тек тілдік бірлігі ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып, салт-сана, дін наным-сенімдері, экономиклық, жер аумағы, аумақтық бірлесиік сияқты халық болып қалыпасудың толық пісіліп жетілген уақыиын көрсетеді. Олай болса Өзбек халқының қалыптасуы өзінің «өзбек» деген атымен көрші жатқан елдерге әйгіленіп, олармен қарым қатынас жасай бастаған уақыты ХҮ ғ. соңы ХҮІ ғ. бастапқы кезіне сәйкес келеді. Бірақ өзбек халқының этникалық қалыптасу кезендері көне заманнан басталады.
Өзбектер еуропа нәсілінің памир-ферғана типтеріне жатады.