Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIIIғ. бірінші жартысы)

 

 

1) «Өзбек атауы   Өзбектің ұлт болып қалыптасуы және мемлекет болып жазуға кіріспес бұрын «өзбек» атауы қайдан шыққан, «өзбек халқы» деген атау қашаннан бері қалыптасты, оыс сауалдарға тоқталайық.

   Өзбек деген сөз- ХҮ ғасырдың аяғы-ХҮІ ғасырдың бас кезінде Шығыс деректемелерінде Еділдің шығысы мен Арал теңізінің солтүстігіндегі далалық аймақтың атауы.

   Өзбек атауы Шығыс деректемелерінде – Низам ад-Дин Шами, Муин ад-дин Натанзи, т.б. еңбектерінде ХҮІғасырдың 50-60ж. бастап бұрын Шайбан және Орда Ежен ұлыстарының құрамына енген Шығыс Дешті Қыпшақтың түркі-монгол тайпаларының орталық жалпы атауына байланысты аталады. Бұдан гөрі ертеректе өзбек атауы кездеспейді.

    ХҮІ ғасырың 60ж. Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дн Натанзи Ақ орда жерлерін Өзбектер елі, ал Орыс ханды Өзбектер патшасы деп атай бастайды.

   Өзбектердің қалыптасуына негізінен 3топ едәуір ықпал жасады.

   Бірінші топ:Бүркіт, Қият, Қосшы, Бенай, Қоңырат, Қыпшақ, Найман т.б. тайпалар

   Екінші топ-Орта Азиялық Қос Өзен аралығындағы монғол дәуіріне дейінгі түркі тайпаларымен Шыңғыс хан заманындағы түркі моңғол тайпаларының ұрпақтары.

   Үшінші топ- Дешті Қыпшақтағы өзбек тайпаларының ұрпақтары. Қыпшақ, Найман, Жалайыр, Қаңлы, Қоңырат.

  Бұлар кейіннен бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді. Өзбек тп\айпалары ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда отырықшылыққа көше бастап, бұл үрдіс ХІХғасырдың аяғында аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *