АҚ ТЕҢІЗ

АҚ ТЕҢІЗ — Солт. Мұзды мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан ішкі теңізі. Ауд. 90 мың км2, орташа теренд. 67 м, ең терең жері 350 м (Кандалакша қолтығында). Жағасы шығанақтармен қатты тілімделген. Олардың ірілері: Мезень, Двина, Кандалакша. Аралдары көп, олардың бастылары: СоловецМоржовецМудьюг. Теңізге Солт. Двина, Онега, т.б. көптеген ұсақ өзендер көп мөлшерде тұщы су құяды. Сондықтан теңіздің беткі қабатының тұзд. 25 — 26%. Судың беткі қабатының темп-расы 6°-тан 14— 15°С-қа жетеді. Қыс айларында мұз құрсап жатады. Толқынының биікт. ашық теңізде 1,1 — 3,5 м, Мезень қолтығында 10 м. Балықтардан майшабақ, семга, нәлім, теңіз аңдарынан итбалық ауланады. Порттары: Архангельск, Онега, Беломорск, Кандалакша. А. т. Балтық каналы арқылы Балтық т- мен, Еділ — Балтық су жолы арқылы Азов, Каспий және Қара т-бен жалғасады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *