АҚТАУ — Қарағанды обл-ның Жаңаарқа ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аудан орталығы — Атасу кентінің оңтүстігінде 145 км жерде, Ақтау тауының оңтүстігінде, Атасу өз-нің сол жағалауында орналасқан. Ауыл іргесі 1963 ж. қаланған. Ең жақын т.ж. стансасы — Ақтай (60 км) жерде. Ауыл іргесі 1963 ж. қаланған. Тұрғыны 2,0 мың адам (1997). 1963 — 97 ж. “Ақтау” қой кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. А-да орта мектеп, аурухана, клуб, кітапхана және халықтың тұрмыс қажетін өтеу мекемесі бар.