ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары. 1867 жылы 11-ші шілдеде бекітілген «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы  ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген «Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы   уақытша           ереже».           Қазақстан                 территориясының      3                    генерал-губернаторлыққа біріктіріліп басқарылуы. Генерал-губернаторлықтардың орталықтары. Уақытша Ережеге байланысты қазақ жерлері Ресей империясының меншігі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасының Астрахань губернаторлығына енгізілуі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтардың әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі. Реформа бойынша сот және салық жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформаларының енгізілуіне байланысты туған ұлт- азаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле түсуі.                   Көшпелі              және          отырықшы                 тұрмыстағы    халыққа    белгіленген    алым-салық    пен міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *