АҚТАСТЫСАЙ

АҚТАСТЫСАЙ — Қостанай обл-ның Жітіқара ауд-ндағы өзен, Тобыл өз-нің сол жақ саласы. Белое а. маңындағы жазықтан басталады. Ұз. 52 км, су жинау алабының ауд. 888 км2. Негізінен, көктемде еріген қар суымен толығады. Сәуірдің 2-жартысында тасиды. Жазда тартылып, құрғап қалады. Саласындағы көп жылдық орташа су шығыны 0,31 м3/с. Өзен алабының құнарлы жерлеріне бақша егіледі. Арнасына көл. 171 мың м3 бөген салынған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *