Тәуелсiз Қазақстан егемендi ел болғаннан кейiнгi алдына қойған басты мақсатының бiрi — адамдардың жақсы тұрмысын iс жүзiнде қамтамасыз ететiн қоғам орнату. Осы орайда әрбiр адамға кәсiпкерлiк еркiндiк пен мүмкiндiк туғызып, жоғары әлеуметтiк мәртебеге жетуiн қамтамасыз ету, экономиканың ӛсуi мен тұрақтануына және оның дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.
Әлеуметтiк салада егемендiкке жеткенiмiздiң басты кӛрсеткiштері: ұлттық байлықтың кӛбеюi, халықтың тұрмыс-тiршiлiгi дүние жүзiндегi озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейiндегі айырмашылықты қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтiк қабiлетiне байланысты. Оған құндылықтар жүйесi, оқу-бiлiм, кәсiби шеберлiк, бiлiм-ғылым базасының деңгейi, ұлттық нарықтық қатынас, қоғамдық институттардың даму дәрежесi және т.б. жатады.
Алайда, қоғамдық қатынастардың ӛзгеруiмен және нарықтық экономикаға кӛшумен байланысты ХХ ғ. 90-шы жылдары жақсы ӛмiр сүру халықтың кӛпшiлiгiнiң кӛзiнен бұл-бұл ұшты, оның тұрмыс жағдайы жыл сайын тӛмендеп отырды. Елiмiздiң экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиiсiнше дәрежеде ӛспей, тауарларды ырықтандыру деңгейiнен ондаған есе артта қалып қойды. Халықтың материалдық-тұрмыстық жағдайының үнемi нашарлауы, баға мен ақшаның құнсыздану жылдамдығының ӛсуi адамдардың болашаққа деген сенiмсiздiгiн, моральдық-психологиялық дағдарысқа ұрынуын күшейттi, рухани жүдеулiк ӛрбiдi.
Елiмiздiң барлық аймақтарында ӛндiрiстiң құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейiнiң тӛмендеуi демографиялық жағдайға әсерiн тигiздi. Мұны бала туу мен ӛлiмжiтiмнiң, сондай-ақ, халықтың республикадан тыс жерлерге кӛшiп кетуiнiң жай-күйiн сипаттайтын кӛрсеткiштерден анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жылдар аралығында әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейi 21,0 адамнан 16,6 адамға дейiн азайды. Сонымен қатар басқа жақтарға, соның iшiнде Израильге, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т.б. жерлерге қоныс аударушылар кӛбейдi. Олардың саны: 1992 жылы — 352 мың, 1993 жылы — 333 мың, 1994 жылы — 542 мың, 1995 жылы — 423 мың, 1996 жылы — 229,4 мың, 1997 жылы — 299,4 мың, 1998 жылы — 243,6 мың, 1999 жылы — 162 мың, 2000 жылы — 156,8 мың, 2001 жылы — 143,6 мың болды. Осы себептермен байланысты халықтың саны жылдан-жылға қысқарды. Егер 1992 ж. Қазақстанда — 17 млн. халық болса, 1993 жылы — 16 млн. 871 мың, 1995 жылы — 16 млн. 539 мың, 1996 жылы — 16 млн. 41 мың, 1997 жылы — 15 млн. 860 мың, 1999 жылдың басында 14 млн. 951 мың, ал 2002 ж. басында 14 млн. 820 мың адам болған немесе 1992 жылмен салыстырғанда республикада тұратын халықтың саны 2 миллион 180 мың адамға қысқарған. Соңғы кезде қалада тұратын халық кӛбейдi, елiмiздегi барлық халықтың 57%-ы қалаларда, ал қалған 43%-ы ауыл-селоларда тұрады.
Республика кӛлемiнде 131 ұлт пен ұлыстың ӛкiлi тұрып жатыр. Бiр айрықша бӛлiп айта кететiн жайт, қазақтар саны бiрте-бiрте басымдыққа ие болып келедi. Мәселен, ХХ ғ. 60-шы жылдары қазақтар елде тұратын халықтың үштен бiрiн қамтыса, 1997 жылдың басында олар республика халқының тең жарымын құрады. 1999 жылдың басындағы халық санағы деректерi бойынша қазақтардың саны 8,2 млн. адамға жетiп, жалпы халықтың 53,4%-iн қамтыған.
Экономикалық реформалар процесi тереңдеп, еңбек рыногiндегi жағдай неғұрлым шапшаң шиеленiскен сайын халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделендi. Адамдардың еркiн еңбек етуге және қалаған мамандығын таңдап алуына деген құқықтары сӛз жүзiнде қалды. Нәтижесiнде 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық басталды.
Республика мектептерiнде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгiзуде де оң қадамдар ӛрiс алды. 2001 жылы елде орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың бiрiншi кезеңi негiзiнен аяқталды, нәтижесiнде 58 оқушыға бiр компьютерден келген. «Интернет – мектепте» бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның iшiнде 868 ауыл мектебi ақпарат желiсiне қосылған.
Үкiметтiң 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегi бiлiм беру, оқытудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру, оқу-әдiстемелiк кешендi қалыптастыру, мектепке дейiнгi балалар мекемелерінің санын арттыру кӛзделген. Ауылдық жерлердегi мұғалiмдердi тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың бiлiктiлiк деңгейiн кӛтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа iстердi жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бiрге кәсiптiк мектептер мен колледждерге керектi оқулықтар және оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу жайы да жан-жақты қарастырылған.
Елiмiз егемендiк алған он жылдан астам уақыт iшiнде республика жоғары және орта арнаулы бiлiм беретiн оқу орындарында да бiрсыпыра жаңа ӛзгерiстер орын алды. Республиканың жетекшi оқу орындары — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттiк университетi, Абай атындағы Алматы университетi, Қазақ ұлттық техникалық университетi және басқалар Қазақстанның тәуелсiз iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуге қабiлеттi маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркiстандағы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi, Сыртқы Iстер Министрлiгi жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс iстейдi. Бұлардан бiлiм алып, дайындалып шыққан кадрлар, Тәуелсiз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрi дамытып, бiлiктiлiкпен жүргiзуде ӛздерiнiң лайықты үлесiн қосатынына сенiм артты. Ӛйткенi олар қазақ, орыс тiлдерiнен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажеттi ағылшын, немiс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа да тiлдердi меңгерiп бiлiм алады. 1997 жылы елiмiзде мемлекеттiк 53 жоғары бiлiм беретiн және 40-тан астам жеке меншiк жоғары оқу орындары жұмыс iстедi. 2002 жылы мемлекеттiк жоғары оқу орындары 47-ге дейiн азайды, оған керiсiнше ақы тӛлеп оқитын жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Бiлiм және ғылым минситрлiгiнiң шешiмiмен 43 мемлекеттiк, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.
Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-қатынасы кеңейдi. 1991 жылы жүздеген республика оқушылары, студенттерi мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазiрде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президентi жанынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның iшiнде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жiберiледi. Соңғы он жылда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден бiлiм алып келдi. Ал 2003 жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешiмiмен 25 жас жiгiттермен қыздар шет елге оқуға жiберiлетiн болды.
Егемендiк алған жылдары елiмiздiң ғылымын дамыту салаларында үрдiс ӛзгерiстер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми iзденiстерiнiң тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесi кеңейтiлдi. Қазақстан Республикасының Инженерлiк академиясы жұмыс iстейдi, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгiзiлдi. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекiту үшiн республика Жоғары аттестациялық комитетi құрылды. 4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, карта
- Әдебиет: Негізгі:
- Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. — Астана, 2002.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан — 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.
- Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы:Ӛнер,1996, 272б.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана,2007
- Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет,
- Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. — 320 бет.
- Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз
Қосымша:
- Дарашова, З. Б. Қазақстан тарихы оқу-әдістемелік құрал. — Шымкент : «Ернияз» жарнама ӛндірістік фирмасы, 2014.
- Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.