Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы

  

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің ӛзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның ӛзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасӛз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына кӛп кӛңіл бӛлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар — парламент, 1993ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының   стратегиясы  еңбегі          жарияланды.  Бұл   еңбектің  маңызы: 

  • тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар кӛрсетілді;
  • ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды;
  • ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жӛніндегі міндеттер сараланды;
  • қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.

«Ұлт ӛзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып ӛмір сүре алмақ емес…Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның ӛзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап кӛрсетті Н.Ә.Назарбаев. 

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы ӛткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды.Осы кезде Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды республика үкіметінің қармағына беру, мемлекеттің сыртқы эканомикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 Желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып ӛзгертілді. 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ол ӛзінін жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтың принциптері негізінде ӛзара байланыс жасайды деп кӛрсетілді. Республикадағы барлық ұлттардяң ӛкілдері жергілікті қазақтармен тең құқықты азаматы деп сайланады. Олар республикадағы мемлекеттік ӛкіметінің қайна кӛзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген. Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жӛніндегі құқы, республика азаматтарының әскери міндетін ӛтеу, оның тәртіптері мен талаптары жонінде айтылған.Оған сондай-ақ Республика Қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-щы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қәуіпсіздік органдары Президенткебағынады деп жазған.Респуликаның мемлекеттік тілі-қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленеді.Сӛйтіп,1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылады.

Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. 

Президенттің ӛкілеттілігі:

  • жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;
  • президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;
  • парламентті таратуға құқылы;
  • референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;
  • парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;
  • парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;
  • парламент келісімімен Ұлттық банктің тӛрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің тӛрағасын қызметтеріне тағайындайды;
  • дипломатиялық ӛкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;
  • үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя алады;
  • мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
  • халықаралық келіссӛздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;
  • тӛтенше және әскери жағдайды енгізеді.

Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады. 

Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік ӛкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.

Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев болып табылады.

Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың ӛкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға ӛзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып ӛте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тӛрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады

Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот тӛрелерін Жоғарғы соттың тӛрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — ӛкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың ӛкілеттіліктері 13 жылға созылады.

ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. ҚК-дің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рӛлі және әскери саясаттың жалпы принциптері. ҚК-дің даму кезеңдері және олардың негізгі міндеттері. Қазақ халқының ежелгі арманы жүзеге асып, ҚР  тәулсіздікке ие болды. Қазақстан Республикасы Конституциясына (ҚРК) сәйкес, барлық азаматтарға тең құқықтық берілген, түрлі ұлт ӛкілдерінің бірге  бейбіт  ӛмір  сүруі  үшін заңдық негіз жасалған. Сондықтан ҚР – онда тұратын барлық қазақстандықтардың мемлекеті.  ҚРК бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық болып табылады. Халыққа мемлекеттің ішкі саясатын анықтауға бірден-бір құқық берілген.  Конституцияда ҚР президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет екендігі жазылған. Мемлекеттің біртұтастығының мәні Қазақстан әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұрады және құрылысы жағынан автономияларға бӛлінбейді.Қазақстан халқы дауыс беру (референдум), талқылау, Парламент депутаттарын тӛте және жанама сайлау  арқылы мемлекеттік ӛмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. ҚР ӛзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның ӛмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. ҚР-ның мемлекеттік құрылымының негізгі белгілері: тұтастығы жарияланған ӛз аумағының қол сұғылмауы мен бӛлінбеуі; жергілікті және жоғары мемлекеттік  органдарының болуы; халық, Парламент, Президент, Үкімет қабылдайтын Конституциясы; ӛз заңдары; ӛзінің азаматтығы; ҚР-ның дүние жүзі мемлекеттері жүйесіндегі тең құқылық орныМемлекет басшысы – Президентті ҚР-ның азаматтары сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынның негізгі бағыттарын анықтайды, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан ӛкілдік етеді. Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары үкімет органы Парламент болып табылады. Парламент екі палатадан Мәжіліс пен Сенаттан тұрады. Мәжіліс депутатарын азаматтар тікелей сайласа, Сенат депутатарын мәслихат депутаттары сайлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметі (ҚРҮ) ел кӛлеміндегі атқару билігін жүзеге асырады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады. Оған министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, бас басқармалар енетін орталық орган, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, ауылдық әкімшіліктер кіретін жергілікті атқару органдары енеді. Атқарушы органдардың ӛкілеттілігі заңда, сондай-ақ тиісті құжаттарда айқындалады. Қазақстан елінің тарихи қалыптасқан аумағы Ресей, Қытай, Ӛзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Мемлекет аумағы бӛлінгісіз және оған қол сұғылмайды. Мемлекет аумағына басқа мемлекеттің басып кіруі агрессия болып саналады, ол халықаралық құқық бойынша айыпталады. «ҚР-ның мемлекеттік шекарасы туралы» заңы бойынша, біздің мемлекетіміз ӛз аумағын құрлықта, суда және әуе кеңістігінде ҚК арқылы қорғайды. Қазақстан шекарасын шекара әскері қорғайды. Қазақстанның әскери саясатының жалпы принциптері мынадай:

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бӛлігі — әскери қауіпсіздік болып саналады, ал оны қарулы күштерсіз құру да, ұймдастыру да мүмкін емес. Әскери қауіпсіздік – елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне соғыс сипатындағы нақты және мүмкін болатын қол сұғу мен қауіп-қатерден еліміздің ұлттық мүддесінің қорғану жайы. Сондықтан ел Президенті ҚР ҚК-ін құруға аса үлкен кӛңіл бӛлді. Президенттің 1992жылғы  7 мамырдағы «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, оның құрамына әскери бірлестіктер, құрамалар, бӛлімдер, мекемелер, ұйымдар мен полигондар, сондай-ақ біздің еліміздің аумағында орналасқан Достастық елдерінің Біріккен ҚК-нің әскери мүліктері де енгізілді. 1993 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «ҚР ҚК мен қорғанысы» туралы 2005 жылғы 8 шілдеде қабылданған «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 1993 жылдың 20 қаңтарында қабылданған «Әскри қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» заңдар пакетіне сәйкес, біздің мемлекетімізде әскери құрылыстың нормативті-құқықтық базасы құрылды. ҚР-ның 1993жылы ақпанда қабылданған алғашқы Әскери Доктринасы ҚК-ді құру үшін нақты қуатты серпін болды. ҚР-ың жаңа Әскери Доктринасы ҚР Президентінің қатысуымен 2000жылғы10ақпанда бекітілді.

Әскери Доктрина әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:

  • ӛздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және ӛзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
  • биліктік ӛкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
  • басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
  • мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.

Мемлекеттік аппараттың ӛздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.

 

сәйкес биліктік ӛкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *