Санжар Асфендияров — XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі. Ол 1912 жылы Ресейдің ең ірі ғылыми және мәдени орталығы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын алтын алқамен үздік бітірді.Патша заманында Ресейде білім алған энциклопедист-ғалым, Кеңестік Ресей мен Қазақ Автономиялық Республикасының мемлекеттік қайраткері, шебер ұйымдастырушы, талантты азамат Санжар Асфендияров — қазақ елінің болашағы үшін қайраты мен күш-жігерін аямаған тарихи тұлға Гүлсім Асфендиярова (Аспандиярова) 1913 жылдан Ташкент қаласындағы әйелдер босанатын үйдің бас дәрігері болды. 1920 жылы Ташкент қаласында мұсылмандар ұйымының Түркістан өлкелік бюросының өтінішімен жергілікті халықтардан шыққан әйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырды, әрі сол мектептің меңгерушісі және оқытушысы болды. 1924 жылы бұл мектеп Ю.Ахунбабаев атындағы медициналық техникумға қосылды. Гүлсім Сейітжапарқызы өмірінің соңына дейін осы техникумда дәріс берді. Ол оқытқан шәкірттерінің арасынан кейін Орта Азия мен Қазақстанның көрнекті ғалымдары өсіп шықты.Сонымен, Санжар Асфендияров ауқымды ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыспен айналыса жүріп, өзінің ғылыми ізденістерін жүргізуге мүмкіндік тауып отырған. Көптеген жылдарға созылған ғылыми-зерттеу жұмысының заңды нәтижесі ретінде ғалымның еңбектері көпшілікке таңымал болған ғылыми еңбектері өмірге келіп, артынан өзінің бай ғылыми мұрасын қалдырған болатын.