АҚТАС — Қарағанды обл- ның Ұлытау ауд-ндағы кент. Ауд. орталығы — Ұлытау а- ның оңт.-батысында 110 км жерде орналасқан. Ең жақын т. ж. стансасы — Жезқазған (135 км жерде). Іргесі 1957 ж. қаланған. Тұрғыны 0,4 мың адам (1997). Кентте пьезооп- тикалық шикізат пен желілі кварцты барлайтын және өндіретін ірі кешенді геол. барлау партиясы, наубайхана, дәрігерлік пункт, 8 жылдық мектеп, клуб, кітапхана бар.