Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы

 

Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.

Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, эсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы).

Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге болады. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмаганнан кейін, адамдар табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамга керек багытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қараганда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын тугызды.

Басқа қоғамдағы сан алуан қүбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп, өзінің әртүрлі багыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея — эсхатология (eschatos — соңғы, грек сөзі, logos — ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі жэне өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа аттандыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *