Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (VІ-XII ғғ.)

 

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда — өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды. Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде — половецтер деп атаған. Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *