АҚТАС — Қарағанды обл- ндағы Саран қ-лық әкімш. құрамындағы кент. Қарағандының оңт.-батысында 18 км жерде орналасқан. Іргесі 1950 ж. Қарағанды көмір алабының батыс телімдерін игеруге байланысты қаланған. Тұрғыны 11,4 мың адам (1997). А-та 2 кірпіш з-ты, ірі автобаза жұмыс істейді. Кентте жалпы білім беретін 2 мектеп, кәсіптік-техн. уч-ще, жұмысшы жастар мектебі, мәдениет үйі, 12 кітапхана (9-ы жылжымалы), 5 балабақшасы мен 1 ясли бар. А. кенті арқылы Қарағанды — Саран автомоб. жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.