Ғұндар мен монғолдардың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілер

 

Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылы: сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген. Ғұндардың жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» лауазымын иеленген. Оны қытай деректерінде «шаньюй» деп атаған. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болған. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды осы бекзадалар биледі. Ер азаматтардың барлығы өз руының жасағына тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны , тас атқыш техниканы қолданды. Сонымен бірге арбалардың үстіне мықты бекітілген жылжымалы шағын қалқа қамалдары болған. Олардың үстіне садақшалар тұрып, дұшпанға оқ жаудырған.

Монғол мемлекетін Шыңғысқан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.

Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен , жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жйесі ондықтардан басталды. Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Бұл ғұндардың мемлекетіндегі әскери жүйесіне ұқсайды. 1211-1215 жылдар аралығында Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *