АҚТАҢДАҚ

АҚТАҢДАҚ (лат. vitiligo — ала шұбар тері, тері ауруы) — терінің кейбір тұстарында меланин пигментінің жойылуынан болатын дақтар. Көбінесе, жас адамдарда кездеседі. Аурудың себебі толық анықталмаған, бірақ жүйке-эндокринді жүйенің бұзылуынан болады деген пікір бар. А-тар бір-бірімен қосылып, ұлғаяды, сол жердегі шаш түспейді, бірақ олар пигментсіз болады. Аурудың жалпы жағдайы өзгермейді. Кейбір А-тар өзінен-өзі жоғалып кетеді. Емді тек дәрігердің бақылауымен жүргізу қажет. А-ты косметикалық жолмен грим жасап, сұйық опамен көмескілеуге болады. Себебі күнге күйген теріде А. өте анық көрінеді. Ауру адам күннің көзінде көп жүрмеуі керек. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *