Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді.
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған.
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Қарлұқ тайпаларынын мекені — Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.