- Қазақстанда реформа жүргiзудiң себептерi және оны әзiрлеу барысы. 1822 және 1824 жыл- дары жүргiзiлген реформалар ХIХ ғасырдың 60-жылдарына қарай бiрте-бiрте жарамсыз бола бастады. Ресей империясы Қазақстан жерін толық отарлап, әкімшілік жағынан бағындыруды ойлас- тырды. Сондықтан да жаңа реформалар жүргiзудiң қажеттiлігi туындады.
Өлкенiң өзiндiк ерекшелiктерiн зерттеу үшiн және оны басқару туралы ереженiң жобасын әзiрлеу мақсатымен «Дала комиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлiк шенеунiктер мен офицер- лер кiрдi. Жаңа ереженi жасауға қазақ ақсүйектерi қатыстырылмады. 1867 жылы II Александр «Сырдария мен Жетiсу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Тор- ғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженiң» жобасын да бекiттi. Басқарудың жаңа ережесiн 1869 жылдың мамырынан бастап енгiзу көзделдi. Әкiмшiлiк реформалардың себептерiн егжей-тегжейлi түсiндiретiн мәлiмдеме қазақ және орыс тiлдерiнде жазылып, таратылды. 1867–1868 жылдардағы реформалар бүкiл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкiмшiлiк құрылды. Әрбiр генерал-губернаторлық облыстарға бөлiндi. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы – Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығы – Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркiстан генерал-губернаторлығы – Жетiсу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екi облыстың құрамына қазақ жерiнiң едәуiр үлкен бөлiгi, сондай- ақ қырғыз және өзбек жерлерiнiң бiр бөлiгi ендi. Әкiмшiлiк бөлiнiс былай болды: әр облыс – уездерден, әр уезд – болыс- тардан, әр болыс – ауылдардан тұрды. Iшкi Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құ- рамына қосылды.
- Әкiмшiлiк басқару жүйесiндегi өзгерiстер.
Патша үкіметі облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындады. Олар сонымен қатар казак әскерлерiнiң атамандары болып есептелдi. Уездi уезд бастығы басқарды. Ол ресейлiк шенеу- нiктер қатарынан сайланды. Әкiмшiлiк басқарудың ең төменгi екi сатысын- да жергілікті ақсүйектерден іріктеліп алынатын болыстар мен ауыл старшындары тұрды.
Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылып, өмiрлiк зейнетақы тағайындалды. Патша үкiметiнiң мұндай қадам жасауының себебi – қазақ даласында сұлтандар тобына деген сый- құрмет әлi де болса едәуiр дәрежеде сақталған едi. Олар үкiметке қарсы халық толқуын ұйымдастыруы мүмкiн деп сескендi.
- Сайлау жүйесi. Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топ- тардан iрiктелiп, сайлауда (дауыс берудiң) нәтижесi бойынша ғана тағайындалатын. Бұл қызметтерге үмiткерлердiң жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын. Генерал-губернатордың қолында әскери билiк те, азаматтық билiк те болды. Түркiстан генерал-губернаторлығы басшысының көршi мем- лекеттермен, атап айтқанда, Қытай және Иранмен тiкелей келiссөздер жүргiзу құқығы да бар едi.
Батыс Сiбiр |
Ақмола |
Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атба- сар
|
Семей |
Павлодар, Семей, Қарқаралы, Өскемен және басқалары |
Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзiмге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл стар- шындарын уезд бастығы бекiтетiн. Сондай-ақ оларды бұл қызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшында- рын қызметке бекiту мен қызметiнен алып тастаудың мұндай тәртiбi қазақ даласындағы сайлау жүйесiнiң отаршылдық мазмұнын көрсеттi. Жоғары лауазымды шенеунiктердiң отаршыл әкiмшiлiкке қолдау көрсетпейтiн адамдарды қызметке бекiтпей қоюға құқығы болды. Өкiнiшке қарай, оқиғалардың бұдан кейiнгi барысы сайлау жүйесiнiң «партиялық» күреске айналып кетуiне әкеп соқты. Бiр рудың өкiлдерi мен екiншi бiр ру өкiлдерiнiң арасында билік үшін талас күшейді.
- Қазынагерлiк жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар. Осы кезден бастап Қазақстанның бүкiл аумағында бiртұтас салық – «түтiн салығы» енгiзiлдi. Ол жыл сайын бiр рет әрi үй басынан ақшалай алынып тұрды. Орынбор және Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығындағы қазақтар 3 сом- нан, ал Түркiстан генерал-губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келдi. Мал санағы 3 жылда бiр рет өткiзiлдi.
Жергілікті халық бiрқатар борыштар атқаруға, атап айтқанда, олар көпiрлер мен жолдарды тегiн жөндеп тұруға мiндеттi болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас адамдар жататын және iссапарға келген шенеунiктер тоқтайтын киiз үйлер бөлiп тұруға мiндеттелiндi. Қазақтарға оларды отын-сумен және шенеунiктердi жолға мiнетiн ат-көлiкпен қамтамасыз ету де жүктелдi. Қазақтар мiндеттi әскери борыш өтеуден босатылды. Басқа сословиеге өтетiндерге бес жылға дейiн мемлекеттiк мiндеткерлiктерден босатуға уәде берiлдi. Мұнымен патша үкiметi көшпелiлердi шаруаларға айналдыруды көздедi. Бiрақ бұл ойлары жүзеге аспады.
-
- Жердi пайдалану мәселелерi. Қазақтардың қоныстанған жерлерi мемлекет меншiгi саналды. Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пайдалану құқығыДенсаулық сақтау саласындағы реформа. Әр облыста облыстық дәрiгер тағайындалды. Әрбiр уезде бiр дәрiгер мен акушер кiндiк шеше бо- латын болды. Уездiк дәрiгерге шешекке қарсы егу шараларын қамтамасыз ету мiндетi жүктелдi. Ол науқас адамдарға медициналық көмек көрсетiп, оларды дәрi-дәрмекпен тегiн қамтамасыз етуi керек болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекемелердегi емдеу орындарында да дәрiгерге тексерiле алды. Солай бола тұрса да, дәрiгерлердiң жеткiлiксiздiгi салдары- нан қазақтардың бұл мүмкiндiктер мен жеңiлдiктердi толық пайдалануы мүмкiн болмады. негiзiнде ғана берiлдi. Жаңа реформа бойынша ор- мандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды.
Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр мөлшерде жалға беруiне рұқсат етiлдi. Ал мұның өзi олардың ежелден келе жатқан атамекенiнен айыры- лып, өздерiнiң жерсiз қалуына жеткізді. Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар елеулi жеңiлдiктердi пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездiк билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондай-ақ құрылыстық ағаш материалдарын тегiн алды. Олардың сауда-саттықпен, қолөнер кәсiбiмен, өнеркәсiптiк қызметпен және егiншiлiкпен емiн-еркiн айналысу құқығы болды.
- Реформаның отаршылдық сипаты. Реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдiсiнiң толық аяқталғанын көрсеттi. Қазақстанның кең-байтақ жерi Ресейдiң мемлекеттiк меншiгiне өттi. Патша үкiметi бұдан былай қазақтардың жерiн кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретiн болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгi атамекен жерлерiнен айырылып қалуына, құнарсыз, тұзы бетiне шығып жатқан сортаң жер- лерге ығыстырылуына әкеліп соқты. Құнарлы жерлер iшкi Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактарға, шенеунiктерге үлестірілді. Патша үкiметi Қазақстанның табиғи бай ресурстарын барынша пайдаланды.
Сұлтан тобын басқару жүйесiнiң орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығаруы қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айнал- дырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттiлiгiнiң ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгi дәрежедегi қызметтер ғана тидi. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкiмшiлiк қызметтерге барар жолы заң жүзiнде бiржола жабылды. Жаңа мiндеттi борыштар мен алым-салық түрлерiнiң еселеп енгiзiлуi қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жiбердi. Болыстарды, ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қосымша жиналып алынды. Әртүрлi қажеттіліктерге жұмсау үшiн қарашығын деп атала- тын қосымша салық та салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпiр, мешiт, мектеп, аурухана салуға жұмсалды. Патша үкiметi Қазақстаннан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бiр бөлiгi отаршыл әкiмшiлiк пен әскери күштердi ұстауға жұмсалды, ендi бiр бөлiгi орталыққа жiберiлiп отырды.
Патша үкiметi қазақтардың ежелгi дәстүрлi қоғамын күйреттi. Болыс- тар мен уездер құру кезiнде рулық ерекшелiктер ескерiлмедi. Дәстүрлi билер сотының құқықтары елеулi түрде қысқартылды. Сонымен қатар реформаның барысында ел өмiрiне кейбiр жаңалықтар да енгiзiлдi. Қалалар тұрғызылып, темiржолдар салына бастады. Ертiске кеме түсiрiлдi. Бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiнiң қатары арта түстi.