ХVIII–ХIХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары

(1837 жылғы 5 қараша. – Исатай Тайманұлы бастаған көтерiлiс туралы Орынбор әскери губернаторына подполковник Гекенiң қол қойып жолдаған рапортынан).

«Мына жағдайды хабарлауды өз борышым деп санаймын. Болып өткен сой- қанды оқиғалардың iзiн ең таяу жерден өзiм көрiп шыққаннан кейiн мұндағы қазiргi жағдай менiң Орынбордан аттанарда көз алдыма ойша елестеткен- дегiмнен әлдеқайда күрделi де қиын екенi айқын болды. Кiшi ордадағы тәртiп пен тiршiлiктiң берекесi қашып, былыққаны соншалықты, тiптi оны ойлаудың өзі қиын. Мұның ақыры немен бiтетiнi де белгiсiз. Жұрттың бәрiнiң бастары қатып, жаппай мазасыздық жайлап алған. Олар өз жауларынан кек алмай, тоқтай алмайтын сияқты көрінеді».

ХVIII–ХIХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары. Алматы, 1964, 280– 282-беттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *