«Сiбiр әкiмшiлiгi орталықтың берген өкiмi бойынша қазақ даласына агент- тер (өкiлдер. – авт.) жiбердi. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екенiне қазақтардың көзiн жеткiзiп, кәмiл сенуiн қамтамасыз етуге тиiстi едi. Округтердi ашуға Қытай үкiметiнiң наразылығы көп кедергi келтiрдi. Содан кейiн көп ұзамай-ақ қытайлықтар жоңғарларды талқандады. Қытай боғдыханы Цзянь Лунь қазақтардың жоңғарлар жерiне орналасуына рұқсат еткен грамотаға қол қойып, бекiтiп бердi. Бiрақ ол үшiн қазақтардың Қытай үкiметiне жасақ (салық) төлеп тұруы тиiс екенi ескертiлдi, қазақтардың Пекинге депутация (елшiлер тобын. – авт.) жiберуiне рұқсат етiлдi… Жаңа округтердiң ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара ала- уыз болуы әсер етті. Олардың өзара дүрдараздығын Сiбiр әкiмшiлiгi жалма- жан пайдалана қойды – округтер құруды қолдағандарға жәрдемiн аямады. Өздерiнiң даулы болып жүрген мал жайылымдарын сақтап қалуды, тiптi жаңа жерлер қосып алуды көксеген қазақтардың ынта-ықыласының күш- тiлiгi оларды жаңа округтердiң ашылуына келiсiм беруге итермелеген ең басты себеп қана болып қойған жоқ, округтердiң ашылуына өтiнiш жасауға да түрткi болды. Орыс империясының қол астына өтудi қазақтардың қабыл алуына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әртүрлi болыстардағы сұлтандар арасындағы билiк үшiн жанталасқан алауыздықтар да ықпал еттi».
Коншин Н. Павлодардан Қарқаралыға дейiн//Қазақ этнографиясы бойынша жазылған еңбектер. Павлодар, 2005, 89–92-беттер.