- Хан билiгiн жоюдың себептерi мен алғышарттары. ХIХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады. Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергiлiктi халық патша үкiметi тағайындаған хандарды көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.
Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. Сөйтiп, Орта жүз бiрi – Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi – Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл- ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын- да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай қарым-қатынас жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір- қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франциямен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн – хан билiгiн бiржола жоюға итермеледi. Өйткенi хан билiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi кел- тiрген едi.
- 1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде Бөкей хан мен Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдiң жарлығымен бекiтiлген «Сiбiр қырғыздары (қазақта- ры. – авт.) туралы Жарғы» күшiне ендi.
Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн бiржола жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiк- шығыс аймақтарын iс жүзiнде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтiп, әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқару жүйесi түбiрiмен өзгертiлдi.
Орыс ғалымы Н. Коншиннiң айтуынша, «Сiбiр әкiмшiлiгi орталық үкiметтiң нұсқауымен Дала өлкесiне қазақтарды жаңа құрылымды қабылдауға көндiру үшiн арнайы агенттер жiбере бастады».
- Басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу. Басқарудың округтiк жүйесi ен- гiзiлетiн болды. Сөйтiп, жаңа округтер құрылды. Округтер болыстарға бөлiндi, ал болыстар ауыл әкiмшiлiктерiнен тұрды. Әр округте 15–20 болыс, әр болыста 10–12 ауыл, ал әр ауылда 50–70 үй болатын болды. Сыртқы округтегiлер Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) облысына бiрiктiрiлдi. Жаңа әкiмшiлiк бiрлiгi орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кiрдi. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сiбiр генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында орналасты.
Округтердi сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыс- тар, ал ауылдарды – ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкiмшiлiк, шаруашылық және полицейлiк қызметтердi қоса атқарды.
Әр округте аға сұлтан басқаратын Округтiк приказ (мекеме) құ- рылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлiк екi заседатель және сайланып қойылатын екi «құрметтi қазақ» қатысуға тиiстi болды. Iшкi күзет Сiбiр казактарынан iрiктелдi. Басқарудың жаңа тәртiбi мен әскер күшiнiң енгiзiлуi аға сұлтандар билiгiне шектеу қойды. Аға сұлтанның билiгi елде тек сөз жүзiнде ғана қалды.
- Сыртқы округтердегi сайлау тәртiбi. Ауыл старшындарын көшпелiлердiң өздерi сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтiк мекеме бекiтетiн. Сайлау үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды.
Сұлтандардың қатарынан сайланатын болыстар өздерiнiң қолындағы өкiмет билiгiн балаларына мұра етiп қалдыру құқы- ғын иелендi. Билiктiң ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргiзiлдi. Кейiнгi кездерде болыстық қызметке сұлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рұқсат етiлдi. Бiрақ ондай адамдардың патша үкiметiне сiңiрген еңбегi зор болуы тиiс едi. Сол арқылы патша үкiметi Шыңғыс әулетiн билiк құрылымынан бiрте-бiрте шеттете бастады.
Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздерi, ал оның екi заседателiн билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдерi екi жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық бас- қарма бастығының бекiтуiнсiз өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кiрiсе алмайтын. Бұл далада билік етіп кел- ген Шыңғыс ұрпағын құрмет тұтатын қазақтардың қарсылығына ұшырамас үшін жасалды. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегi Шыңғыс әулетi емес адамдар да сайлана алатын болды.
- Округтiк приказдың негiзгi мiндеттерi. Округтiк приказдың қатаң белгiленген мiндеттерi болды. Атап айтқанда, округтегi халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; халыққа бiлiм беруге қамқорлық жасау; тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту; қарақшылық тонауға, барымтаға және өкiмет билiгiне бағынбау әрекеттерiне тыйым салу; өз бетiмен кетiп, озбырлық жасауға жол бермеу; тергеудi және сот iстерiн әдiл жүргiзу; дiни наным-сенiмдерге байланысты мәселелерді шешу; сауда керуенiнiң жүрiс-тұрысын бақылау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау. Округтiк приказ, сонымен қатар егiншаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиiс болды.
Округтiк приказдың басты қызметiнiң бiрi сот iсiн жүргiзу едi. Бiрақ бұл өте тиiмсiз болып шықты. Округтiк соттарға шағымданып келушiлердiң қатары сирек болды. А. Гейнстiң айтуынша, «приказдардың сот жүргiзу iсi ұзақ уақытқа созылып, еш нәтижесiз аяқталды. Ал билер соты дау- лы мәселенi жылдам және әдiлдiкпен шешiп отырды. Сондықтан билер сотына қазақтар ғана емес, сонымен қатар әртектiлер мен казактар да үлкен құрметпен қарады».
- Алым-салықтар. Басқарудың жаңа жобасын өмiрге бiрте-бiрте және ауыртпалықсыз енгiзу үшiн патша үкiметi барлық алым-салық түрлерiн өтеуге бес жылдық жеңiлдiк белгiледi. Бұл жылдар iшiнде ауруханалар мен мектептер салу үшiн ерiктi түрде төленетiн алым-салық қана жиналып келдi.
Жеңiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн округтердiң халқы мал басының санына қарай 100 бастан бiр бас мөлшерiнде жасақ төлеуге мiндеттi болды. Бiрақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткенi мұның өзi сауда керуенiн көбейту үшiн қажет едi. Алым-салық үшiн мал санағы үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. Жергілікті тұрғындар қосымша алым-салықтар төлемеу үшін малының санын жасыруға тырысты. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлiк жағынан көмек көрсетуге тиiс болды.
- денсаулық сақтау, дiн және халыққа бiлiм беру салаларындағы жаңалықтар. «Жарғы» енгiзiлгенге дейiн қазақ даласында ем жасау iсi- мен халық емшiлерi ғана айналысып келген болатын. Патша үкiметiнiң билiгi жүрiсiмен жағдай өзгере бастады. Әр округте екi емшi жұмыс iстей бастады. Тұрақты жұмыс iстейтiн ауруханалар пайда болды. Жергiлiктi әкiмшiлiкке халықты шешек ауруына қарсы егуден өткiзу мiндеттелдi.
«Жарғы» бойынша жергiлiктi билiк орындарына христиан дiнiн таратумен аты шыққан дiни миссионерлердiң қазақ даласындағы қыз- метiн күшейту тапсырылды. Бiрақ оларға «ешқандай да ықтиярсыз мәжбүр етпей, кәдiмгiдей сенiмiн арттыру және көзiн жеткiзу» тәсiлi арқылы әрекет ету қажеттiгi ескертiлдi. Рас, кейiнгi оқиғалардың көрсеткенiн- дей, патша үкiметi бұл мiндеттi жүзеге асыра алған жоқ. Өйткенi христиан дiнiн таратушы миссионер- лерге қазақтар тарапынан көрсетiлген қарсылық өте күштi болды.
«Жарғының» жағымды жақтарының бiрi округ тұрғындарының балаларын Ресейдiң iшкi аума- ғындағы губерниялардың оқу орындарына жiбере алатындығы болды. Алайда бұл құқықты қазақтар- дың iлуде бiреуi ғана пайдалана алды. Оның үстiне, қазақтар өз балаларының орыстанып кетуi мен шоқындырылуынан қатты шошынды.
- Орта жүзде 1822 жылдан кейiн орын алған оқиғалар. «Жарғы» қазақ даласына бiрте-бiрте енгiзiле бастады. Басқарудың жаңа тәртiбi ең әуелi шегара шебi маңындағы және «өздерiне қамқорлық жасауды өтiнген, бодандыққа адал болуға ант еткен» руларға енгiзiлдi. 1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерiстер енгiзiлген түрiнде 60-жылдардың ортасына дейiн қолданылып келдi. Шегаралық әкiмшiлiктен ше- неунiктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бiрiнен соң бiрi жиi шығып тұрды. Олар басқарудың жаңа жүйесiн қабылдаудың жергілікті халыққа пайдалы да тиiмдi болатынын егжей-тегжейлi түсiндiруге күш салып бақты. Ру-тайпалардың өзара жер үшiн қақтығыстары және сұл- тандардың арасындағы өзара бақталастық патша үкiметiне округтердi көбiрек ашуға қолайлы болды.
1854 жылы Ертiстiң оң жағалауындағы Семей iшкi округi, 1856 жылы Жетiсу жерiнде Алатау ерекше округi ашылды. Бұл екi округтi орыс офи- церлерiнiң арасынан тағайындалған бастықтар басқарды.
- 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөнiндегi Жарғы» және Кiшi жүздегi хан билiгiнiң жойылуы. Орта жүздегi хан билiгiнiң жойылуы Кiшi жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңiлдеттi. Бұл кезде Кiшi жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлi тоқтаған жоқ едi. Хан билiгi әлсiреп, қол астындағы халық арасында беделiнен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесiнiң губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары. – авт.) жөнiндегi Жарғының» жобасын жөнелттi. Бұл кезде Кiшi жүзде Шерғазы әлi де хан болып тұрған едi. Қазақтардың шегара шебiне және Орынбор өлкесiнiң iшкi округтерiне ша- буыл жасауы жиi-жиi қайталанумен болды. Орын- бор өлкесiнiң бастығы ұсынған жоба толықтыра түсу үшiн Азия комитетiне қайтадан жiберiлдi. Жарғының түпкiлiктi жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде бiржолата бекiттi. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейiн ай сайын жалақы төленiп тұратын болды. Сөйтiп, Кiшi жүздегi хан билiгi де жойылды.
Бұл реформа бойынша Кiшi жүз аумағы Жайықтың сырт жағын- дағы үш округке бөлiндi. Кейін ондағы әкiмшiлiк бiрлiктерiнiң аттары өзгертiлiп, Батыс, Орта және Шығыс бөліктер деп аталды. Жүздегi өкiмет билiгi Орынбор губернаторына тiкелей бағынатын үш басқарушы- сұлтандардың қолына көштi.
Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейiн адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шегара шебiндегi бекiнiстерде тұратын болып белгiлендi. Мұның өзi олардың патша үкiметiне тәуелдi болуын күшейте түстi. Басқарушы сұлтандардың атқаратын негiзгi қызметi өздерiне қарайтын халықты «тәртiп сақ- тайтын және патша үкiметiне әрқашан адал әрi айтқанын екi ет- пейтiндей бағынышта» болатындай етiп ұстау едi. Кiшi жүздегi ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейiнгi барлық лауа- зымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзi тағайындайтын болды. Сайлау жүйесi жойылды. Әр үй басына салынатын «түтiн салығының» мөлшерi 1,5 күмiс ақшаға (сомға) тең болатын. Жалданып жұмысқа тұрушылар үшiн айына 15 тиыннан алым енгiзiлдi. Басқарушы сұлтандардың жанында шешек ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргiзетiн бiр-бiрден қазақ фельдшерi болды.
-
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары. Ресей империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттерін күшейте түсті. Бұл қазақтардың жерін тартып алу барысында айқын көрінді. Патша үкіметі Елек өзенінің бойындағы Кіші жүз қазақтарының жерін қосып алып, жаңадан Жаңа Елек шебін құрды. Жаңа Елек шебі Жайық, Елек, Құралай және Бер-1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгi- зудiң салдары. Бұл жарғылар, негiзiнен алғанда, алысты көздейтiн арам ниеттi пиғылмен жасалған едi. Соның салдарынан Кiшi жүз бен Орта жүз қа- зақтары өздерiнiң тәуелсіздiгiнен айырылып қалды. Қазақстан бiрте-бiрте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көшi-қон шеңберiн тарылтты, еркiн көшу бостандығы мүмкiн болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжымдар бiр- бiрiмен мидай араласып кеттi. Бiр кездегi дамыған көшпелi малшаруашылығы тұйыққа тiрелiп, жағдай күрт құлдырай бастады.
Патша үкiметi мемлекеттiк салықтың қатаң белгiленген мөлшерiн бекiттi. Елден жиналатын алым-салық шенеунiктiк аппарат пен әскери күштердi ұстауға қажеттi қаржы көзiне айналды. Патша үкiметiнiң бұл ре- формалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан iрiктелген, айтқанды екi етпей орындайтын «тәртiптi аппарат» құруды одан әрi күшейте түстi. Олар бiрте-бiрте орыс шенеунiктерiне теңестiрiлдi. Ендiгi жерде олар сыйақы мен шен алу үшiн қызмет етуге көштi. Оларды қызметке тағайындау да, қызметiнен алып тастау да Ресейдiң аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңiл күйiне тiкелей байланысты болды.
Болыс сайлауы орыс шенеунiктерiнiң ықыласын сатып алу сияқты жиiркенiштi құбылыстардың етек алуына әкеліп соқты. Сайлаудың мұндай сиқы бiр руды екiншi руға қарсы қойып, өзара өшiктiрдi. Әркiм өз руының адамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қарапайым бұқара өкiлдерiнiң де қатысуына рұқсат етiлген кезде сұлтандар мен рубасыларының бiр-бiрiне қарсылығы күшейе түстi.
Округтiк приказдар империяның Қазақстан аумағындағы және Орта Азия иелiктерiндегi әскери-отаршылдық әрекеттерiн одан әрi өршiтудiң әзiрлiк алаңдарына айналды. Сұлтандардың бiр бөлiгi әсi- ресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезiнде ескерусiз қалған бөлiгi, патша үкiметiнiң реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтар- дың бiрқатары қарулы көтерiлiске ұласты. Дегенмен ХIХ ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәнi күштi болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау iсiн және халыққа бiлiм берудi едәуiр дамытуға оң ықпалын тигiздi. Қазақтар әскери мiндеткерлiктен заңды тұрғыда босатылды. Ресей тұрғындарына қазақ даласына өз еркiмен қоныстануға тыйым салынды. Бұл Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру бары- сын тежедi. Бердянка өзендері аралығын қамтыды. Қазақтардың 600 мың десятинаға жуық шұрайлы жері тартып алынды. Елек өзені бойында Изобильная, Бо- ранды, Жаңа Елек, Линев, Көмірлі, Вятлянская және Бердянская сияқты бекініс-қорғандардың негізі қаланды. Жаңа аймақтың аумағына әскери адамдар мен казактар, Ресейден қоныс аударып келген шаруалар орналастырылды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан- ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі.
1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жа- риялады. Елек өзені бойындағы жерлерді қай- тарып алу жолындағы күреске басшылық етті. Жоламан батыр өзінің қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшіні топтастырды. Ресей империясының жазалаушы әскері 1825 жылы көтерілісшілерге шабуыл жасап, қара- пайым халықты аяусыз қырып-жойды.
Жоламан Тіленшіұлы көтерілісін қатаң жазалаған патша үкіметі қазақтардың байырғы қоныстарын кең көлемде тартып ала бастады. Қазақтар тағы да 4 миллионға жуық десятина жерінен айырылды. 1835 жылы Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін шегаралық шеп қазақ даласының ішкі жағына қарай жылжытылды. Жаңашеп аймағы құрылды. Осының бәрі отаршылдыққа қарсы жаңа көтерілістің тууына алып келді. 1825 жылы көтерілісті Қарқаралы округі қазақтарының басқарушы сұлтаны Саржан Қа- сымұлы басқарды. 1826 жылы Саржан Қасымұлы жасағы патша үкіметінің әскеріне қарсы ашықтан ашық шайқасқа шықты. Алайда олар жеңіліске ұшырады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер жеңіліс тапқанымен, қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихында ерекше орын алады.
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары. Ресей империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттерін күшейте түсті. Бұл қазақтардың жерін тартып алу барысында айқын көрінді. Патша үкіметі Елек өзенінің бойындағы Кіші жүз қазақтарының жерін қосып алып, жаңадан Жаңа Елек шебін құрды. Жаңа Елек шебі Жайық, Елек, Құралай және Бер-1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгi- зудiң салдары. Бұл жарғылар, негiзiнен алғанда, алысты көздейтiн арам ниеттi пиғылмен жасалған едi. Соның салдарынан Кiшi жүз бен Орта жүз қа- зақтары өздерiнiң тәуелсіздiгiнен айырылып қалды. Қазақстан бiрте-бiрте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көшi-қон шеңберiн тарылтты, еркiн көшу бостандығы мүмкiн болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжымдар бiр- бiрiмен мидай араласып кеттi. Бiр кездегi дамыған көшпелi малшаруашылығы тұйыққа тiрелiп, жағдай күрт құлдырай бастады.
-