Отарлау және ұлт азаттық күресі

Өлкеде әкiмшiлiк реформаларды жүзеге асыруда, жергiлiктi халықтың көтерiлiстерiн басуда казак әскерлерi елеулi рөл атқарды. Олар Қазақ- станмен шегаралас жерлерде де, оның тiкелей iшкi аумақтарына да орналастырылды.

  1. Казак әскерлерiнiң атқарған негiзгi қызметi. Қа- зақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әскерi болды. Олар Жайық, Сiбiр, Орынбор және Жетiсу казак әскерлерi едi.

Казактар әскери қызмет атқарумен қатар, әскери- инженерлiк бекiнiс құрылыстарын, жолдар мен көпiрлер салуға және оларды жөндеуден өткiзiп тұруға мiндеттi

болды. Олардың мiндетiне орманнан ағаш кесу және оны тасып жеткiзу, пошта қатынасы көлiктерiн қорғауды қамтамасыз ету де кiретiн.

Казактардың патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне шын берiле адал қызмет етуi үшiн оларға ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлiндi. Казактарға бөлiнетiн жер телiмi Ресей- ден қоныс аударып келген шаруалардың жер телiмiнен

әлдеқайда артық болды. Казактардың сонымен қатар тұз кәсiпшiлiктерiн, ормандарды, өзендер мен көлдердi пайдалануға да ерекше құқықтары болды.

Казактар әскери қызметке өз қару-жарағымен, киiм-кешегiмен, азық- түлiгiмен, өз атымен шығатын. 1835 жылға дейiн казактар әскери қызметтi

өмiр бойы жалдану тәртiбiмен атқаратын. Ке- йiнiрек Ресей империясындағы барлық казак- тар үшiн әскери қызмет мерзiмi 30 жыл болып белгiлендi.

ХIХ ғасырдың орта кезiндегi соғыс уақыт- тарында Ресей казактары 160 мыңға дейiн жауынгер жасақтай алатын. Казактар қатары олардың табиғи өсуi есебiнен ғана емес, сонымен қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау арқылы да арта түстi. Казактардың әсiресе Сiбiр

казактарының құрамы тұтқынға түскен швед, француз, поляктардың есебiнен де толығып отырды. Казактардың қатарына орыс емес халық- тардың өкiлдерi – татар, башқұрт және қалмақтар да қабылданды.

Казактар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынас әртүрлi қа- лыптасты. Бiр жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңiнен өрiс алды, тiл және мәдениет саласында жақындасу нығая түстi, ал екiншi жағынан, өзара әскери қақтығыстар жиi-жиi болып тұрды. Ондай шиеленiстi оқиғалардың негiзгi себебi жер дауына байланысты күрес едi. Бұл жағдай қазақтардың казак бекiнiс қамалдары мен станицаларына шабуыл жасап тұруына себеп болды. Өз кезегiнде казактар да жазалау экспедициялары құрамында қазақ ауылдарына шабуыл жасап жүрдi. Жайық, Орынбор, Сiбiр және Жетiсу казактарының әскерлерi қазақ халқының ұлт-азаттық көтерiлiстерiн аяусыз басып-жаншуға белсене қатысты.

  1. Жайық казактары. Жайық (Орал) казактарының ең алғашқы ел- дi мекендерi ХVI ғасырда қазiргi Қазақстан аумағының солтүстiк-батыс бөлiгiнде (Жайық (Орал) өзенiнiң бойында) пайда болды. Сондықтан да оларда өзiн-өзi басқарудың элементтерi көп болды. Казактардың қоғамдық өмiрiнiң аса маңызды мәселелерi әскери топта ұжымдық талқыға салу арқылы шешiлетiн.
    1. Орынбор казактары. Орынбор казак әскер- лерi 1748–1755 жылдар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айырмашылы- ғы – өз беттерiмен емес, патша үкiметiнiң баста- ма көтеруi бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негiзгi ұйытқысы Самара, Уфа, Алексеев және Есет казактары болды. Олар шегараны қорғау күзетiнде қызмет еттi. Бұл әскер

      Патша үкiметi казактардың еркiндiгiн шектеу саясатын ұстанды. Олардың тұрмысына бiрте-бiрте қатаң әскери тәртiп енгiзiле бастады. Мәскеу мемлекетi Жайық казактарына оңтүстiк-шығыс шегараны қорғау және әскери отарлау мiндеттерiн жүктедi. Жайық казактары 1773–1775 жылдарда Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысты. Мұның өзi патша үкiметi тарапынан Жайық казактарының өзiн-өзi басқару құқығына қысым жасап, шектеулер қоюына қатысты болған едi.

      Жайық казактары ауқатты тұрды. Әрбiр казактың 80 десятинадан жер телiмi болды. Олар егiншiлiк пен балық аулау, тұз өндiру және аңшылықпен айналысты. Жайық казактары жердi қоғамдық негiзде пай- даланды. Орасан зор жер көлемiн иемденген казактар жердi ішкi Бөкей Ордасындағы және Жайықтың сыртқы жағындағы қазақтарға жалға бердi. Олар осылай мол табыс көзiне ие болды.

      Қызыл балық пен қара уылдырықтың өзiнен ғана казактар күмiс ақшамен жыл сайын қомақты табыс табатын. Олар жыл сайын 300 мың басқа дейiн қой сата алатын.

      Жайық казактары ХХ ғасырдың басына дейiн өздерiнiң дәстүрлерiн, «байырғы ескi» тәртiптерiн және тұрмыс-тiршiлiк салтын неғұрлым берiк сақ- тады. Жайық казак әскерлерiнде байырғы ескi дiни наным-сенiм ұзақ сақталды.

      Жайық казактары қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысына елеулi түрде ықпал еттi, өз кезегiнде, олар да қазақтардан бiрқатар шаруашылық дағдыларын үйрендi. Олар қазақтардың әдет-ғұрып, салт-санасымен та- ныс болды. Жайық казактарының тiлiне қазақтардың баспақ, дөнен, нар, тымақ, жасауыл сияқты бiрқатар сөздерi сiңiсiп кеттi. Бұл әскер өзiнiң құрамы жағынан көпұлтты едi. Орыстардың басым болуымен қатар, оның құрамына украин, башқұрт, қалмақ т.б. халықтардың өкiлдерi ендi.

      Орынбор казак әскерлерi Орынбор губерниясының оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс шегараларында орналасып, осы өлкенiң шамамен төрттен бiр бөлiгiн алып жатты.

      1840 жылы «Орынбор казак әскерлерi туралы Ереже» шықты. Ол бойынша Орынбор казак әскерлерiнiң жерiнде тұратын барлық шаруалар казактар тобына қабылданды. Бұл казак әскерлерi өзiнiң ұйымдастырылуы жағынан тұрақты орыс әскерiне жақын келдi. Орынбор казактарының қатарына Ставрополь қалмақ әскерi келiп қосылды. Орынбор казак әскерлерiнiң орталығы Орынбор қаласында орналасты.

      Казактар негiзiнен селолық жерлерде қоныстанды. Қалаларда ка- зактардың небәрі 2%-ы тұрды. Орынбор казактары негiзiнен егiншiлiк- пен, мал өсiрумен, балық аулаумен айналысты. Казак әйелдерi ешкiнiң түбiтiнен түрлi орамал тоқыды. Бүкiл Ресейге және одан тыс жерлерге кеңiнен танымал болған Орынбор шәлiсi, орамалы, бөкебайы, бетперделерi мен қолғаптары солардың қолымен тоқылатын. Орынбор казактары өзiнiң күнделiктi өмiрiнде қазақ халқымен ұдайы араласып тұрды. Казак әскерлерiнiң аумағындағы жалға алған жерлерде қазақтар көшiп-қонып жүрдi.

      1. Сiбiр казактары. Сiбiр казактарының негiзiн әскер қызметiндегiлер құрады. Олар ХVI ғасырдың аяқ кезiнен бастап Сiбiр әскери бекiнiстерiнде күзет қызметiн атқарды. ХVIII ғасырда Батыс Сiбiрдiң оңтүстiгiнде бiрқатар шегаралық бекiнiс қамал- дар бой көтердi. Сiбiр казактары ХVIII ғасырдың

      аяғына дейiн Сiбiрдегi орыс шаруаларының есебiнен толығып отырды. Казактардың қатары солдаттардың ержеткен балаларының, саяси жер аударылып келгендер мен башқұрт, мещеряктар және Дон казактарының есебiнен де толықтырылды. 1808 жылы Сiбiр казактары Сiбiр шегара шебiнiң казак әскерлерi деген ресми атқа ие болды. Әскердiң штабы Омбы қаласында орналасты. Олардың әскери атаманы Батыс Сiбiр гене- рал-губернаторына, ал кейiнiрек Дала өлкесiнiң генерал-губернаторына тiкелей бағынды.

      ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде Сiбiр казак әскерлерi екi облысқа – Ақмола және Семей облыстарына орналастырылды. Олардың тағы бiр бөлiгi Томск губерниясының Бийск округiне жайғастырылды.

      Сiбiр казактарының әрқайсысына тиесiлi жер телiмiнiң көлемi орта есеппен алғанда 30 десятинадан айналды. Жердi тек ер-азаматтар ғана алды. Офицерлерге жер әлдеқайда көп берiлдi. Олар жердi өмiр бойы пайдалану құқығына ие болды. Бiрақ олар әдетте ол жерлердi қазақтарға және қоныс аударушы орыс шаруаларына жалға берiп отырды. Сiбiр казактарына су көздерi бар ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлiнетiн. Казактар Ертiстiң оң жағалауындағы Долон, Шульба және Қарағайлы ормандарын да иелендi.

      Сiбiр казактарының негiзгi кәсiбi егiншiлiкпен айналысу болды. Бiрақ далалық ауа райының құбылмалылығы, құрғақшылықтың жиiлiгi, қақаған күштi аязды күндердiң көптiгi егiн егуде қыруар қиыншылықтар туғызды. Казактардың арасында бау-бақша, темекi өсiру де жақсы да- мыды. Петропавл маңында бау-бақша өсiрумен айналысатын тұтас казак поселкелерi құрылды. Шегара шебiнiң темекiсi «махорка» бүкiл Сiбiрге кеңiнен тарады. Казактар сонымен қатар кендiр өндiрумен де айналысты, сора өсiрдi.

      Казак әскерлерi мал да ұстады. Мұның өзi егiн шаруашылығына және жорыққа да қажет едi. Өзендер мен көлдердiң көптiгi балық аулау iсiн де дамытты. Олар Ертiс өзенi мен Зайсан көлiнде балық аулауды өздерiнiң кәсібіне айналдырып алды. Казактар сонымен қатар жүк тасымалымен, терi илеу және тоңмай дайындау кәсiпшiлiктерiмен де айналысты. Сауда- саттықпен де шұғылданды, жергiлiктi қазақтармен сауда жасасты.

      Жол жөндеу жұмыстары үшiн алынатын баж салығы да казак- тардың пайдасына түсетiн. Кедейленiп, қайыршылық күйге түскен көп- теген қазақтар казактарға жалданып жұмыс iстедi. Жалпы алғанда, ХIХ ғасырдың аяғында Ертiс шегара шебiнде 100 мыңға жуық қазақ жалда- нып жұмыс iстеген. Сiбiр казактары өз жерлерiнiң бiр бөлiгiн қазақтарға жалға берiп, табыс тауып отырды. Сiбiр казактарының тарихын, олардың Ертiс бойындағы қазақтармен қарым-қатынасын зерттеумен белгiлi тарихшы және өлкетанушы генерал г.Е. Катанаев айналысты.

      1. Жетiсу казактары. Жетiсу казак әскерлерi 1867 жылы Сiбiр ка- зактарынан жасақталған болатын. Сол жылы Жетiсу облысы құрылған едi. Бұл облыстың әскери губернаторы сонымен бiр мезгiлде Жетiсу казак әскерлерiнiң тағайындалған атаманы болып та бекiтiлдi. Жетiсу казактары Бұхара әмiрлiгiн, Қоқан, Хиуа, Түрiкменстанды бағындыруда және ұлт- азаттық көтерiлiстi басуда ерекше белсендiлiк танытты.

      Жетiсу казактарына өзiн-өзi басқарудың жетiлдiрiлген түрi тән болды. Өзiн-өзi басқарудың басты органы – сход жиыны маңызды рөл атқарды. Казактардың бұл жиналысына әскери топқа жатпайтын басқа қалалық адамдар да қатыса беретiн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *