ХVIII ғасырда қазақ халқы өздерінің ежелгі бірегей мәдениетінің төлтумалылығын сол қалпы сақтап қалған болатын. Олардың мәдениетінде ақындардың, жырау мен би-шешендердің шығармашылығы және музыка өнері көрнекті орын алды.
- Ақын-жыраулар. Көшпелi өмiр салты жағда- йында халықтың ауыз әдебиетi, жыраулық дәстүрi, музыка өнерi дами түсті. Қазақтардың жоңғар бас- қыншыларына қарсы күресi, патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы дала тұрғындарының ұлт-азаттық қозғалысы сол кездегi ақын-жыраулардың негiзгi тақырыбына айналды. Қазақ әдебиетi тарихында ХVIII ғасырдағы көрнектi ақындар мен жыраулар ерекше орын алады.
Қазақтың көрнектi жырауларының бiрi – Ақтамбердi жырау Сарыұлы. Ол жоңғарларға қарсы көптеген жорықтарға қатысқан және батыр ретiнде де белгiлi болған жырау. ХVIII ғасырдың 50-жылдарын- да жоңғарлардан азат етiлген жерлерге қазақтардың қайта оралуын басқарды. Ақтамбердi жыраудың бүкiл шығармашылығы елдi ерлiкке, қаһармандық пен батылдыққа үндеуге арналды. Оның кесенесi Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Жүрекжота шоқысының баурайында осы уақытқа дейiн сақталған. ХVIII ғасырда қазақтардың арасында атақ-даңқы кеңiнен таралған жырау, қазақтардың әдет-ғұрып заңдары мен шежiресiнiң ғажайып бiлгiрi, би әрi да- нышпан дипломат, мемлекет қайраткерi Бұқар Қал- қаманұлы болды. Ол қазiргi Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Далба тауының етегiнде дүниеге келген. Әкесi Қалқаман батыр да ерлiгiмен және жаужүрек батылдығымен халыққа кеңiнен танымал болған едi. Халық арасында Бұ- қар жырау «Көмекей әулие» атанды. Бұқар жырау көптеген терең ойлы, ғибрат аларлық өсиет өлеңдер шығарды. Олардың негiзгi идея- сы Қазақ хандығының тәуелсiздiгiн сақтау мен нығайту мәселесiне арналды. Бұқар жырау Абылайдың тұсындағы данагөй билердiң бiрi. Ол ханның ең жақын кеңесшiсi әрi сенiмдi се- рiктерiнiң бiрi болды. Өзiнiң толғауларында Абылайдың мiнiн ашық та батыл айтумен бiрге оны прогресшiл мемлекет қайраткерi ретiнде де мадақтады:
«…Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай еш мiнiң.
Алтын тақтың үстiнде
Үш жүздiң басын құрадың,
Жетiм менен жесiрге
Ешбiр жаман қылмадың.
Әдiлдiкпен жүрдiң сен,
Әдептi iске кiрдiң сен…»
Бұқар жырау шындықты бетiң бар, жүзiң бар демей, әрқашан тура айтқан. Болашақты болжай бiлетiн көрiпкелдiк дарыны да болған. Ол өзiнiң жыр-толғауларында патша үкiметiнiң алысты көздейтiн отаршылдық саясатының зардабы болашақта қандай болатынын күнi бұрын сезiп, болжай бiлдi. Бұқар жырау шығармаларының негiзгi тақырыбы – туған елге, өскен жерге деген шексiз сүйiспеншiлiк, отаншылдық, қазақ батырларының ерлiгiн мадақтау. Сыртқы жаулардан қатер төнген кезде халықты жұмылған жұдырықтай бiрлiкке, топтасуға шақырды. Ол Қазақстанның өз алдына күштi, бiр орталыққа бағынған әрi тәуелсiз мемлекет болуын армандап өттi. Бұқар жыраумен замандас және оған идеясы жағынан жақын Үмбетей Тiлеуұлы болды. Ол жоңғар- Бұқар жырауларға қарсы жорықтардың бәрiне де қатысты. Қазақ батырларының көрсеткен ерлiгiн жырлады. Қазақ халқының қас батыры Қанжығалы қарт Бөгенбайды жоқтау және оның өлiмiн Абылай ханға естiрту сияқты жырлары халық жадында сақталған.
ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ ғасырдың бас кезiнде Тәтiғара, Шал, Көтеш жыраулардың жыр- лары халық арасында кеңiнен таралды. ХVIII ғасырдағы қазақ ақындары мен жыраула- ры шығармаларының басым көпшiлiгi ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткiзiлiп келдi. Тек ХIХ–ХХ ғасырларда ғана қазақ және орыс зерттеушiлерiнiң ел аузынан жазып алуы арқасында баспа бетiнде жарық көрдi.
- Тарихи деректер. Қазақтарда жазба әдебиетінің өзіндік ұлттық нақыштағы түрі ерекше өріс алды. Соның ішінде халық ауыз әдебиетiнiң тарихи әңгiмелер деген жанры күштi дамыды. Әңгімелерде қазақ халқының тарихы қамтылды. Ондай әңгiмелердi әдетте көпке белгiлi билер мен шешендер айта- тын. Дәстүрлi қазақ қоғамында олар керемет зор сый-құрметке бөленетiн. Той, астарда даланың қызыл тiлге шебер шешендерi өз тыңдаушыларын қызықты тарихи ертегi, әңгiме, хикаяттармен таныстыратын.
Тарихи әңгiмелерде ұлағатты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жиi айтылатын. Мұның жастарды тәрбиелеуде маңызы зор болды. Жастар естiген
әңгiмелерiн есте сақтап, одан үлгi-өнеге алды. Атап айтқанда, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би айтыпты деген әңгiмелер мен нақыл сөздер бiздiң заманымызға дейiн жеткен.
ХVIII ғасырдағы тарихи әңгiмелердiң негiзгi тақырыбы – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi мен Едiл қалмақ- тарымен болған соғыстар. Белгілі орыс ғалымы Б. Куфтин былай деп жазды: «Жалпы қазақтар туа біткен шешен халық: өзінің ойын, пікірін сөз кестесіне салып, көркемдеп, мәнерлеп, бейнелеп жеткізеді».
-
- Музыка өнерi және айтыс. ХVIII ғасырдағы қазақтардың рухани өмi- рiнде музыка өнерi елеулi орын алды. Музыкалық шығармалардың негiзгi түрлерi ән мен күй болды. Олар халық арасына жекеШежiре. ХVIII ғасырда әрбiр қазақ отбасында өзiндiк шежiресi бо- латын. Көшпелi өмiр салтын ұстанған қоғамда генеалогияны бiлу мiндеттi парыз еді, тегiн бiлмеген тексiз саналды. Егер қожалар мен сұлтандар өздерiнiң шығу тегiн жазбаша шежiре арқылы анықтаса, дала төсiнде көшiп-қонып жүрген қазақтар бұл ақпаратты ауызша айтылатын дерек- терден алды. Шежiре қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды: бiрiншiден, ел билеушiлерiнiң көшпелi қоғамды басқаруына, екiншiден, ата тарихымызды кезең-кезеңiмен есте сақтауға көмектестi.
Әрбiр көшпелi қазақ халқының өткен өмiрiн өз отбасы, ру-тайпасының тарихи көрiнiсi ретiнде қабылдады. Тарихи оқиғалар оның ата-бабаларының өмiрi төңiрегiнде өтiп жатқандай көрiндi. Даңқты ата-бабалар туралы деректер қосымша ақпараттармен толықтырылып отырды. Қазақтар жас ұрпақты есiмдерi ел аузында аңызға айналған ата-бабаларының тамаша өмiрiнен үлгi- өнеге алатындай етiп тәрбиелеуге тырысты. Үшiншiден, шежiре қоғамды әлеуметтiк реттеп отыру мiндетiн де атқарды. Мәселен, отбасылық неке қатынастарын, мал жайылымдарын бөлу мәселелерiн қадағалады. Үлкен ас, тойларда, құрылтай жиналыстарында қонақтарды жол-жоралғымен орналастыруда да, халықтық жасақтар құрудың ежелден қалыптасқан тәртiбiн сақтауда да шежiренiң реттеушiлiк рөлi зор болды. орындаушылардың ән айтуы, күй тартуы, сондай- ақ хормен орындауы арқылы таратылды. Сөз етiп отырған кезеңде қазақтарда 20-дан астам музыкалық аспап болды. Олар домбыра, қобыз, шертер, жетiген, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ, сыбызғы, дауылпаз тағы басқа аспаптар едi.
Атақты қобызшылардың бiрi Тiлеп Аспантайұлы болды. Ол 13 жа- сынан қобыз тарта бастады, «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлерiн шығарды. Қазақтың әндерi мен күйлерi барлық мерекелiк той-думандарда орындалатын. Суырыпсалма талантты ақындарды анықтау үшiн айтыс өткiзiлетiн. Онда ақындар қоғамдық өмiрдегi алуан түрлi оқиғаларға өздерiнiң бағаларын жұрт алдында ашық айтатын. Қоғам өмiрiнiң жақсы жақтарын мадақтап үлгi етумен қатар, келеңсiз кемшiлiктер, жаман мiнез-құлықтар келеке етiлiп, қатты сынға алынатын. Сондықтан да дала тұрғындары өздерi мен руластарының қадiр-қасиетiне кiр жұқтырмауға ты- рысатын. Олар қонақжайлылық, мырзалық, Құдайға құлшылық ету, аруақтарды құрмет тұту, жасы үлкендердi сыйлау сияқты адамгершiлiк асыл қасиеттердi берiк сақтауға күш салатын. Мұның өзi қоғамдық тәрбиенiң ықпалды жағы едi. Қазақтар арасында өмiрдегi кереғар көрiнiстердi сынап-мiнеу, кемшiлiктi бетке айту сияқты адамгершiлiк қасиеттер берiк сақталды.
- Музыка өнерi және айтыс. ХVIII ғасырдағы қазақтардың рухани өмi- рiнде музыка өнерi елеулi орын алды. Музыкалық шығармалардың негiзгi түрлерi ән мен күй болды. Олар халық арасына жекеШежiре. ХVIII ғасырда әрбiр қазақ отбасында өзiндiк шежiресi бо- латын. Көшпелi өмiр салтын ұстанған қоғамда генеалогияны бiлу мiндеттi парыз еді, тегiн бiлмеген тексiз саналды. Егер қожалар мен сұлтандар өздерiнiң шығу тегiн жазбаша шежiре арқылы анықтаса, дала төсiнде көшiп-қонып жүрген қазақтар бұл ақпаратты ауызша айтылатын дерек- терден алды. Шежiре қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды: бiрiншiден, ел билеушiлерiнiң көшпелi қоғамды басқаруына, екiншiден, ата тарихымызды кезең-кезеңiмен есте сақтауға көмектестi.
Ән-жыр, айтыс сайыстарында жеңiп шыққандар бағалы жүлде, сый- лықтармен марапатталды. Атап айтқанда, ондай жүлделi сыйлықтарға тайтұяқ алтын, үйiрлi жылқы берiлетiн. Олардың даңқы ауыл-ауылға тез тарап, барлық жерде өнер саңлақтарын зор құрметпен қарсы алған.
Қыз ұзату, келiн түсiру тойлары салтанатты жағдайда «Той бас- тар» әнiмен басталатын, жар-жар айтылатын. Ұзатылып бара жатқан қыз өзiнiң ата-анасымен, жақын туған-туысқандарымен, ел-жұртымен қоштасарда қыздың мұңды әнi – «сыңсуды» айтатын. Келiн болып түскен қызға оның қайын жұртымен таныстыру, ғибрат аларлық ақыл-кеңес, өсиет айту мақсатымен «беташар» рәсiмi жасалатын. Қайтыс болған адамды «жоқтау» сияқты ерекше азалы ән орындалатын.
ХVIII ғасырдағы қазақ әншiлерi мен ақындарының, сазгерлерiнiң шығармашылығы арқасында бiзге «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш– Баян сұлу», «Қыз Жiбек» сияқты ғажайып жыр-дастандар, сондай-ақ «Ақсақ құлан», «Жошы хан» т.б. керемет күй туындылары жеттi.
Бөгенбай қазасын Абылайға естірту
Өзіңнен біраз жасы үлкен,
Дампеш таудай басы үлкен,
Жасында болған сырласың,
Үлкен де болса, құрдасың.
Сексеннен аса бергенде,
Қайырылмас қаза келгенде,
Батырың өлді – Бөгенбай.
Үмбетей жырау
«Қазақтың ханы Абылай»
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған.
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар,
Қорғасындай балқыған
Батырың өтті Бөгенбай.
Бұқар жырау