Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы

«…Сұлтан Абылай тап сол кезде күн өткен сайын күшейе түстi. Өзiмен за- мандас қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) қай-қайсысынан болса да қулығы мен тәжiрибесi жағынан артық, ақыл-парасаты жағынан әбден танымал, қол астындағы халықтың саны жағынан қуатты әмiршi. Үш жүзге өзiнiң Орыс мемлекетiнiң императорымен де, Қытай боғдыханымен де қарым-қатынасы арқасында даңқы артқан Абылайдың бойында Орта жүздiң билеушiсi болуға қажеттi құқықтың бәрi де сай едi. Өзiнiң артықшылықтарына әбден сенiмдi ол өз жақтастарының бәрiн де айбынымен, салиқалы мiнез-құлқымен таңғалдыра қызықтырып, өзiне тарта бiлетiн, өзiнiң жауларын күш көрсете қорқыта алатын, ал әрбiр қалыптасқан нақты жағдайға қарай өзiн бiрде орыстардың қол астында, бiрде қытайлардың қол астында болғандай ұстай бiлетiн, бiрақ iс жүзiнде ешкiмдi мойындамайтын тәуелсiз билеушi едi. Оның бұл қасиетi әсiресе 1771 жылдан кейiн ерекше айқын көрiндi. Ол бұл кезде Ресейге сырттай болса да бағынышты сияқты болып көрiну туралы ойлауды да қойды, екiжүздiлiк жасамай-ақ, өзiн нағыз дербес те тәуелсiз ханмын деп атай бастады».

Левшин А.И. Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы. – Алматы, 1996, 254-бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *