«Баянауыл тауындағы Жасыбай және Торайғыр көлдерi жатқан екi үлкен шатқалды сай ең көркем таңдаулы жерлер деп саналады… Бiр таудың басындағы көлдiң жанына Жасыбай батыр жерленген екен. Әлгi көл соның аты- мен аталып кетiптi… Қазақтар қалмақтарды Баянауыл аймағынан ығыстырған сол бiр алыс жылдарда Жасыбай сонда тұрыпты. Ол жағаласқан жауына есесiн жiбермеген, кегiн алмай қоймаған белгiлi батыр болыпты. Бiр күнi Жасыбайға қазақ жасақтарының қолбасшысы Олжабай батыр шағын ғана жасақ алып, мыңдаған қалың қалмақты қарсы алдынан тосқауыл қойып, тау iшiнен шығармай, қамап ұстау туралы бұйрық берiптi. Сұрапыл соғыс басталып кетiптi. Онда Жасыбай ғажайып ерлiктiң үлгiсiн көрсетiптi. Қалмақ ханы оны өлiмшi етiп жаралағанға дейiн қайтпай соғысыпты… Қазақтардың азғана тобы ендi қайтемiз деп сескене бастағанда Олжабайдың қалың қолы келiп жетiптi де тау iшi қалмақтардың жандарына сауға сұрап, күңiренген даусының жаңғырығына толып кетiптi…»
Коншин Н. Қазақ этнографиясы бойынша еңбектер (қайта басылымы). – Пав- лодар. «ЭКО» ҒӨФ. 2005, 42–43, 310-беттер.