1635 жылы Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қа- зақстанның оңтүстiк-шығыс жағында едi. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бiрлiгi нығайды, әскери күш-қуаты арта түстi. Әскердегi тәртiп күшейтілді. Майдан алаңын тастап кеткендерге мал-мүлiктiк айып салынды. Сатқындар қатаң жазала- нып, өлiм жазасына кесiлдi. Соғыс жағдайы кезiнде жоңғарлардың әрбiр рулық тобы өте қысқа мерзiмнiң iшiнде жауынгерлiк бiрлiк күшіне айналып шыға келдi. Жоңғар хандығы жауынгерлерiнiң жалпы саны 100 мың- ға дейiн жететiн қуатты атты әскер шығара алатын едi. Жоңғар әскерiнiң қатарында мылтықпен қаруланғандар да болды. ХVIII ғасырдағы немiс ғалымы И. Георги:
«Олар мылтықтарын аттан түсiп ататын», – деп жазды.
Жоңғарлар соғысуға машықтанған едi. Оқ-дәрiнi селитра мен күкiрттен өздерi қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерiн жасау да келетiн. ХVII
ғасырдың аяғына қарай жоңғарларда бiлтелi мылтық пай- да болды. Жоңғарлар тiптi зеңбiрек жасауды да үйренiп алды. Зеңбiрек құюды оларға тұтқын болып қолға түс- кен швед Иоган Густав Ренат үйреттi. Жоңғарлармен шегаралас жатқан мемлекеттердiң аумағында жүрiп, құпия ақпараттар жинаумен айналысатын тыңшылар жүйесi құрылды.