Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда, көбіне археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларына сүйенеді. Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген корымдар мен коныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттері деп атады.
Қауыншы мәдениеті — Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақта, Отырар-Қаратау — Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Ал Жетіасар — Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.