Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдары

 

Дәстүрлі қазақ қоғамының қатаң иерархиялық құрылымы болды: ол ақсүйекке және қарасүйекке бөлінді. Шыңғыс ұрпақтары жоғары үстем топты – ақсүйекті құрады. Сұлтандар жүздер жүйесіне кірмеді, қоғамнан жоғары тұрды. Шыңғыс ұрпақтарының балалары сұлтан лауазымына ие болды, яғни өз құқықтары мен артықшылықтарға ие болды. Хандық таққа қатысты құқық Шыңғыс ұрпақтарында ғана сақталды.Олар халықтың таңдаулы тобы болып қалып, ешқандай міндеткерліктерді (әскериден басқа) алмады. Олар тән жазасынан құтқарылып, билер сотына тартылмады.

Ақсүйекке – қожалар мен сейіттер де жатты. Шыңғыс ұрпақтары оларды Жошы мен Шағатай ұлысында ислам ресми дін болып танылған, ХІVғ. артықшылығы бар топ деп таныды.Сейіттер – Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары. Олар әулие болып есептеліп, өлім жазасына кесілмеді. Қожа –алғашқы араб басқыншылары мен араб миссионерлерінің (VІІІғ.)ұрпақтары. Қожалардың Шыңғыс ұрпақтары мен сейіттерден айырмашылығы – олардың ортақ шежіресі жоқ. Қожаларға күш жұмсауға рұқсат етілмеді. Олар сұлтандар мен сейіттер сияқты тұйық оқшауланған бекзаттық топты құрады. Халықтың барлық қалған бөлігі қарасүйек деп аталды. Бұл қазақ қоғамының негізгі және көп санды бөлігі. Қарасүйек өкілдерінде ақсүйекке қарағанда жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну сақталды. Қарасүйектің әр өкілінің қоғамдық жағдайы

 

оның руы мен тайпасының артықшылық деңгейімен анықталды. Қарасүйек қауымының өз арасында бірнеше жоғары саналатын топ бөлінді. Бұлар билер мен батырлар болды. Би-әкімшілік және сот істерін атқарды. Батыр –жеке ерлігі немесе соғыста әскери іс- қимылдарды білгірлікпен басқарғаны үшін берілетін құрметті атақ. Мұндай атақты қоғамның шыққан тегіне қарамай кез-келген еркін мүшесі ала алды. Көшпелілерде сонымен қатар құлдар болды. Шығу көзі –тұтқын және құл саудасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *