Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды. Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, оң және сол қанат болып бөлінді. Күші беделі
басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты. Әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол қанаттың шығыстағы билікті мықтап ұстап отыруы үшін жасалған еді.