Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим қаласымен аяқталады.
Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған.
- Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты.
- Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
- Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік- шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар- Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.
- Отүстік-батыс бағыт: Испиджаб- Шаш –Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.
- Екінші бағыт: Испиджаб–Шымкент –Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ –Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді, біріншісі – Хорезмге бағытталды, екіншісі – Жанкент –Арал теңізінің солтүстігі- Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.
Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж қаласына барған. Васидждан шыққан жол –Сырдың бойымен жоғары өрлеп –Сүткент арқылы Шашқа, екнішісі төмен қарай – Жент қаласына жеткен.
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуына әсері:
Қазақстан аумағындағы қала мәдениеті дамуының екінші кезеңі (ІХ- ХІІІ.ғ.)қала өмірінің ең қарқынды өркендеуімен сипатталады. Бұл ретте жаңа дін –ислам мен Ұлы Жібек жолының бойымен жүрген сауда- саттық басты рөл атқарды. Ұлы жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жай салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді.