- 141. Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдер бір-біріне түсінік болып, яғни соңғысы не соңғылары алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашып тұрса, араларына қос нүкте қойылады. Мысалы: Аюлар үйде жоқ: олар орман ішіне серуенге кеткен еді.
- 142. Өйткені, себебі сияқты жалғаулықтар түсіп қалып жасалған салаластарда жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Мен жиналып үлгеретін болдым: пойыз кешке жүреді екен. Салған әні жан- дүниемізді балқытты: даусы аса әсем екен.
- 143. Төл сөз екі түрлі қолданылады: бірі – төл сөзді мәтін ішінен бөлмей, абзацсыз (жаңа жолсыз) қолдану, екіншісі – төл сөзді абзацпен бөліп тастау. Бірінші жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады, екіншіде сызықша арқылы жазылады: Әкей оқта-текте иығын қозғап қалып, күбірлеп сөйлеп те қояды:
«Генерал-поручик!.. Ол менің ротамда сержант қана еді! Содан бері көп-ақ өткені ме?..» (А.С.Пушкин).
- Асан үйінде екен, – деді біреу жүгіріп кеп.
- Қалима ше?
– О да үйінде (С.Мұқанов).
- 144. Де (деп, деген, деді, дейтін, дейді т.б.) етістігі келген сөйлемдердің бәрінде де төл сөз бола бермейді. Деп, дегеніміз деген сөздер бастауыш пен баяндауыштың арасында дәнекер болып келеді. Мысалы: Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білу. Синекдоха деп газ мағынасының бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың және керісінше қолданудың негізінде ауысуын айтамыз.