Сызықша

 

 

  • 87. Бастауыш зат есімнен немесе заттанған (зат есімдік мәнге ие болған) басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Тіл – қоғамдық құбылыс. Қаһарлы суық Мұзды мұхит үстінен құс ұшпаған қырқасын, жан баспаған жапан түз. Жастар біздің болашағымыз. Соңғы келген үшеудің ортасындағы Құнанбайдың тағы бір тоқал шешесінен туған Жақып (М.Әуезов). Бүгін сапарға аттанатын күн (Бүгін – сапарға аттанатын күн). «Ойпырмай» өкінуді білдіретін одағай. «Кейін» – демеулік шылау. «Тарақ» деген сөздегі «рақ» – бітеу буын. «А» ашық дауысты

 

дыбыс.

  • 88. Атау тұлғадағы бастауыш не баяндауыш, не екеуі де тәуелдік, көптік жалғаулы болуы мүмкін. Ол күнде де бастауыштан кейін сызықша қойылады: Монолог – бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі. Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың (Абай). Адамның ішкі сезімінің айнасы
  • көз (С.Мұқанов).
  • 89. Бастауыштан кейін оған жалғас сұрау есімдігі келген сөйлемдерде, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім болғанмен, сызықша қойылмайды: Жилин қандай адам? Қала мен селоның арасы қанша километр? Бүгінгі күн қай күн?
  • 90. Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза (М.Әуезов). Ғашықтың тілі тілсіз тіл (Абай). Әлі де беделі – бедел (Ғ.Мұстафин). Күлкі қыздың күлкісі (С.Ерубаев).
  • 91. Баяндауыштың алдында не артында ғана, ғой т.б. сияқты шылаулар тұрса, сызықша қойыла береді: Қаланың қасында көз толатын табиғат – шалқар көл ғана (С.Мұқанов). Даланы билеп алған жалғыз үн – күн сайын қатая түскен күзгі желдің уілі ғана (М.Әуезов). Адамды бақытты ететін – тек қана азат еңбек.

Е с к е р т у л е р . 1. Бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш жатыс септіктегі зат есімнен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Бүркітші тау басында, қағушы ойда (Абай). Мектеп үйі қалашыктың қақ ортасында.

  1. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сын есімнен болғанда, екеуінін арасына сызықша қойылмайды: Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл (Абай). Күз түні ызғарлы, суық.
  2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау не жатыс тұлғадағы сан есімнен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: 1936 жылы Жамбылдан жазылып алынған жырдың саны он алты. Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде (С.Мұқанов).
  • 92. Бастауыш І, ІІ жақтық жекеше я көпше тұлғадағы есімдіктен, баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Мен тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын (Абай). Семья шағын мемлекет, мен – президент, сен – премьер (Қ.Аманжолов). Сен – тоты құс бақта жүрген (Абай).

Е с к е р т у. Мұндайда баяндауыш жіктік жалғаулы болса, сызықша қойылмайды: Мен осы үйдің баласымын. Сіздер тәжірибелі мамансыздар. Мен көмірмін қалған өрттен (Абай).

 

  • 93. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Жақсы – ісімен жақсы. Сұлу сұлу

 

емес, сүйген сұлу.

  • 94. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылды: Үш жердегі үш – тоғыз. Екі бесіміз – он.
  • 95. Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен жасалып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы басқа сөз табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады: Бұл

адам көз сүйегі, деді ханға (Абай). Сонау – біздің бие. Анау – емен ағашы. Бірақ бұл – қайтқаны емес, толғанып  қалып, бірнеше  тәсіл тапқаны (Ғ.Мұстафин). Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан. Ол ісі қанқұмардың қарғыс атқан (Жамбыл).

  • 96. Ол, бұл деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыштар өзінен кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, бастауышы қай сөз табынан жасалса да, одан кейін сызықша қойылады: Мұндай бастауыштары бар сөйлем өзінің алдындағы сөйлемдермен логикалық байланыста болады, сондықтан олар контекске қарай ажыратылады: Тіл-тілдің қайсысында болсын сөз мағынасы көбіне осы метафора арқылы ауысады. Сөйтіп, бұл – сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішіндегі метафораның айрықша орын алатындығын көрсетеді (К.Аханов).

Е с к е р т у л е р . 1. Бұл ережені орынсыз қолдана беруге болмайды. Анықтауыш деп танылып кететін қаупі жоқ жерде ол, бұл деген есімдіктерден жасалған бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Ол біздің үйге келді. Ол кітап оқып отыр. Сол әңгімелерді ол аса шеберлікпен айтып береді (С.Мұқанов).

  1. Ол, бұл деген есімдіктерден болған бастауыштар көпше тұлғада (олар, бұлар) тұрса, олардан кейін сызықша қойылмайды: Бұлар өндіріс озаттары (Бұл – өндіріс озаты дегенмен салыстыр). Олар би-старшын, бай-бағылан емес, сын кезеңдерде ел салмағын тәуекелшіл сом иықпен берік көтеретін өжет жандар (М.Әуезов).

 

  • 97. Бастауыш жұрнақты етістіктен не ол араласқан тіркестен жасалса, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен немесе жұрнақты етістіктен және керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Елдің шетін күзету – ең ардақты правоң (Жамбыл). Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу – ой мешеулігі (Ғ.Мұстафин). Аз сөзді, көп мағыналы болу – мақал-мәтелдерге тән құбылыс. Мектептің міндеті – оқушыларға жан- жақты білім беру және тәрбиелеу.
  • 98. Бастауыш -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жасалған есімшеден (не есімше аралас тіркестен) болса, баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұған таяу отырған – Ыбырайдың Ысқағы (М.Әуезов). Көпір біткен соғыс тұмсығының қатты қадалатын жері (Ғ.Мұстафин). Алтын орден алғаным терең жырдың тиегі (Жамбыл). Менің жазып отырғаным теңіз үстінде кездескен көріністерден,

 

жолыққан адамдардан білгендерім (С.Мұқанов). Абайды таң еткен сол екі

жігіт (М.Әуезов). Ән шырқаған – сол. Станцияға ең кеш келген – осы.

  • 99. Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылмайды, өйткені мұнда есімше өзінің етістік қызметінде қолданылады: Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт Абайды таңдандырған.
  • 100. Баяндауыш болып тұрған есімше зат есім мағынасында қолданылған болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Осы кездік саған тартқаным (соңғы есімше тұлға «тартқан сыйым» деген заттық мағынада қолданылып тұр). Енді осы – тоқтатқаны (Ғ.Мүсірепов).
  • 101. Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген заттанған сан есім, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не жұрнақты етістіктен (және керісінше) болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Пьесада («Шыңырау түбінде») бір- біріне қарсы екі түрлі идея түйіседі: оның бірі көнбістікті, төзе берушілікті уағыздайтын аяушылық идеясы, екіншісі адам күшіне сену, оны өмір үшін күреске шақыру идеясы («Қазақ әдебиеті»). Жаяу Мұса Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің бірі (М.Әуезов). Горькийдің реалистік шығармаларында суреттелетін образдардың көбі – өмірдің азабын шеккен, қорлық, зорлық көрген таптың өкілдері («Қазақ әдебиеті»).
  • 102. Бастауыш бірі, біреуі, екіниіісі, біріншісі, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім мен жұрнақты етістіктен басқа сөз таптарының бірінен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ойыл екеу: бірі – ащы, бірі – тұщы (Ғ.Мұстафин).
  • 103. Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір мүшесімен шатасып кететін болса, одан кейін сызықша қойылады (мұндайда баяндауыш қай сөз табынан, қандай тұлғадан жасалғаны шарт емес). Айтуда бастауыштан кейін пауза болады. Мысалы: Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді.
  • 104. Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз табынан болып, баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Туысым – аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар (М.Әуезов). Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу (Мақал). Эпопеядағыдай бұларда үстем болып отырған – оқиға емес, драмадағы тәрізді, адам («Қазақ әдебиеті»). Жатақтарды қосып отырған – ру ұраны емес (М.Әуезов).
  • 105. Бастауыш алды (алдым, алдың), арты (артым, артың), қасым (қасы, қасың), үсті (үстім, үстің), асты сияқты көмекші есімдердің жалаң өзінен болып, баяндауыш та есім сөзден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ (Абай).

Үстім – көк, астым – теңіз, атым – кеме

Арқырап ту толқынмен арпалысқан (Т.Жароков).

  • 106. Бастауыштан кейін    сызықша   қойылуға   тиісті    сөйлемдердегі

 

баяндауышқа еді, екен, болды, болады, болатын, болып табылады сияқты көмекші етістіктердің бірі тіркессе, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Тіл коғамдық құбылыс болып табылады (Тіл қоғамдық құбылыс дегенмен салыстыр). Орысша киінген жігіт Досанов Асқар еді (ал: Орысша киінген жігіт

– Досанов Асқар). Туысым өзіммен мұңы бір жатақтар екен. Елімізді  жаудан

қорғау Жамбыл өлеңдерінің негізгі тақырыптарының бірі болды.

  • 107. Бастауыштан кейін сызықша қойылуға тиісті сөйлемдерде бастауыштан кейін қыстырма сөздер тұрса, сызықша қойылады: Пьесадағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлер арасындағы күрес, дұрысында, ескі дүние мен жаңа дүниенің арасындағы болып жатқан таптық күрес. Челкаш та, сайып келгенде, Гаврила секілді, жеке меншіктің құрбаны болған адам («Қазақ әдебиеті»). Бөжей де, Құнанбай сияқты, феодалдық-рушылдық қоғамның мықты болғанын тілейтін феодал (М.Әуезов).
  • 108. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін, бастауыштан кейін сызықша қоюға болады: Ер – егесте (сыналады), нар – кешуде (сыналады) (М.Әуезов). Асыл тастан (шығады), ақыл жастан (шығады). Қой – қозыдан (өреді) (Мақалдар). Біреуі – көк (тағысы), біреуі – жер тағысы (Абай).
  • 109. Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма, бұл – бұл ма сияқты қыстырма сөз тіркестері араларына сызықша қойылып жазылады: Бұрынғы – бұрынғы ма, оның салтанаты тіпті артып кетті. Ол – ол ма, әңгіме одан сайын күшейе түсті.
  • 110. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген (дегенім, дегенің, дегені) деген сөз тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Сөйлем дегеніміз – тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз тіркесі («Грамматика»). Мия дегеніміз – қоймалжың қорыс батпақ. Гипотеза дегеніміз – ғылыми жорамалдар. Қарағанды деген байлық қой жатқан (Ғ.Мұстафин). (Қарағанды деген жер – жатқан байлық). Көрдім деген – көп сөз (Көрдім деген сөз – көп сөз).
  • 111. Де етістігінің алдында келетін, бірақ төл сөз емес құрылым өз алдына сөйлем болса, оның бастауышы мен баяндауышының арасына қойылуға тиісті сызықша сақталады: Жазушы өз шығармаларында қоғамдағы зұлымдықты жоя алатын күш – адамның өзі деп, еңбекші халықтың күшіне сенім білдірді.
  • 112. Суреттеме мазмұнды атаулы сөйлемдердің ішіне сызықша қойылмайды, өйткені олар бастауыш, баяндауышқа бөлінбейді: Ортада үстел. Сол жақта диван. Диван үстінде кішкене жастықтар. Орман. Бірінің соңынан бірі келе жатқан адамдар. Әркімнің арқасына таңылған бір-бір рюкзак (соңғы сөйлемдегі таңылған деген сөз – бастауыш емес, анықтауыш).
  • 113. Бастауыш болып тұрған сөз баяндауыштың құрамында қайталап, бастауышқа жалғас тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Физикалық, денелерден құралған заттар сол қалпында: шыны – шыны қалпында (қалады),

 

парафин – парафин қалпында (қалады), мыс – мыс қалпында қалады («Химия оқулығы»). Жамбыл – Жамбыл болғалы, Есіткен талай батырды (Жамбыл).

  • 114. Өз ішінде үтірлері бар жайылма оңашаланған айқындауыш мүшелер екі жағынан сызықша алынып жазылады. Оңашаланған мүше үтірмен бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде де сызықша қоюға болады: Біз – Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен, мен үшеуміз – үйден шықтық (С.Мұқанов). Біраз жүрген соң Асан күндіз көп жүріп, шаршаған бала – ұйықтап қалды (Ы.Алтынсарин). Ұлы орыс халқының бай мәдени мұрасының бір саласы оның тамаша мақалдары, мәтелдері – қазақ халқына аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналып келеді («Қазақ әдебиеті»).

Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:

а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:

Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды, жұрт көп мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).

ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда, «әсіресе» деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса оңашаланған мүше болады. Жоғарыдағы сөздердің өздері жеке үтірмен бөлінбейді. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады: Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі. Реакцияға түскен заттардың салмағы реакция нәтижесінде шығатын заттардың салмағына әрдайым тең болады; бұл заңды заттар сақталу заңы, немесе Ломоносов заңы, деп атайды. Әңгімемізді шығармашылықтың бір түрі, мысалы музыка, туралы бастайық.

б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады: Олар, жас жігіттер мен жас қыздар, қиын жұмыстардан бас тартпады. Мен, Олег Кошевой, Жас гвардия мүшелерінің қатарына кірерде… ант етем (А.Фадеев). Айтып тұрған мына мен, Бақбергенмін (М.Әуезов).

Кейде керісінше құрылған түрлері де болады, яғни есімдік оңашаланады, бірақ бұл сирек қолданылады. Мысалы: Балалары, біз, тірі тұрғанда, апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді (С.Мұқанов).

  • 115. Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, яғни айқындалушы сөз атау тұлғада келсе, араларына сызықша қойылады да, айқындауыштан кейін ссызықша қойылады: Күлкінің иесі – қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесін, қызды, біз енді жақсылап көрдік.
  • 117. Айқындалатын сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай

 

(бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған айқындауыштан кейін сызықша қойылады: Менің інім Марат биыл мектеп бітіреді. Оның бұл тұрған қалпын ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан басқа ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов). Шойын кеуделі, аю жоталы…қара кісі Игілік би паң да, тәкаппар да емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала деген жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі, әйелі деген сөздерді дәлдеп атап айтып, айқындап тұр.

  • 118. Бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, бірыңғай мүшенің ең соңғысынан кейін сызықша қойылады: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Бұл өлең жолдарының қара сөзбен айтылатын құрылымы мынадай болар еді: Адамның қасиеті үш- ақ нәрсе: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Мұнда жалпылауыш сөз – үш-ақ нәрсе (баяндауыш).
  • 119. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш сөзден бұрын сызықша қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін жалпылауыш сөз болып келетіндер, көбінесе, бәрі, барлығы, баршасы, күллісі, бірі деген есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады: Ортасында Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар –бәрі бар (М.Әуезов). Жылаған Тоғжан, жылаған Бөжей қыздары, барлық қаралы көш… қаралы киім, тұл ат – баршасы осы барлық қауымның қайғысын да Абайға өзгеше терең түсіндірді (М.Әуезов). Жандармдар қораны, шардақты – бірін қоймай тінте бастады (М.Горький). Алма, Жанат – екі қыз бір анадан туғандай, бір қалыптан шыққандай, бір ауылда ер жетті (Ғ.Мұстафин). Көбі шалдар, өзгелері жастар – он шақты адам қатарласа сөйледі (Ғ.Мүсірепов).
  • 120. Жинақтаушы мәнде қолданылған кейбір зат есімдер де, оның ішінде мөлшерлі сан есіммен келгендері де жалпылауыш сөз бола алады: Екі ақсақ, бір жел аяқ – үш боздақ енді базарға қарай бет алдық (Ғ.Мүсірепов).
  • 121. Тізбек сонда, соншалық, сонша, сондай, сол, мынау, мынадай, себебі деген сөздермен аяқталып, әрі қарай өз алдына сөйлем болып кетсе, бұл сөздерден кейін қос нүкте қойылмай, сызықша қойылады. Мысалы: Горькийдің данышпандығы сонда – ол өз заманының негізгі мақсатын, міндетін терең және толық түсіне білді. Мақал-мәтелдердің ықшам болатын себебі – олар келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен айтып, «тоқсан ауыз сөзді тобықтай түюі» керек. Қойнына салған хаттың оған ыстықтығы сонша – төс қалтасында қағаз емес, тірі Дәулеттің соғып тұрған жүрегі сияқты (С.Мұқанов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *