Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір түрі.
Анықтаманың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күшке ие. Себебі біздің жеке басымызды куәландыратын құжатымызды жоғалтып алған жағдайда, оның орнын уақытша анықтама ауыстыра алады. Сондай- ақ, перзентханаларда сәбидің өмірге жаңа келгендігін растау үшін де анықтамалар беріледі.
Анықтаманың түрлері:
- Жеке адамға қатысты анықтама.
- Қызметтік анықтама.
- Жеке адамға қатысты анықтама
Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек өтілі, атқаратын қызметі, мамандығы, білімі туралы мәлімет, т.б.
Анықтамада берілген мәлімет әр кез мұқият тексерілуі қажет.
Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері немесе ұйым жетекшісі, өкілдік берген хатшы айналысады.
Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай, әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, “422/2”.
Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатын болса, ол жеке іс бумасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар.
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті кадр бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды.
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.
6 Құрылымы:
- Құжат атауы.
- Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, орны.
- Негізгі мәтіні.
- Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет.
- Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет.
- Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығына жауапты ұйым жетекшісінің лауазымы, аты-жөні, қолы.
- Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі.
- Құжат атауы. Құжат атауы үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады. Мысалы:
АНЫҚТАМА
- Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, қала атауы. Мысалы,
10 қаңтар, 2010 жыл №115 Алматы қаласы
- Негізгі мәтіні. Негізгі мәтіні анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы,
“Осы анықтама Бияров Бердібекке оның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультеті күндізгі бөлімінің 3 курсында оқитынын растайды”.
- Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы:
“Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық әскери комиссариатқа көрсету үшін берілді”.
- Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы:
“Анықтама 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды”.
Немесе:
“Анықтама берілген күннен бастап 6 айға дейін жарамды”.
(Кейбір өзгермейтін фактілер жазылатын немесе болған оқиғаның күні көрсетілетін анықтамалардың жарамдылық мерзімін көрсету міндетті емес. Мысалы, полицияда болғандығы туралы немесе белгілі бір құжатты, затты өткізгендігі туралы).
- Анықтама беруші адамның қолы. Бұл мәлімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей орын қалдырылып барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ филологиясы
факультетінің деканы Т. Сағымбеков
(қолы)
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланк-
те дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
- Қызметтік анықтама
Қызметтік анықтамалар бекітілген комиссия мүшелері жүргізген қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады:
- Белгілі бір мекемедегі материалдардың болуы туралы анықтама.
- ЖОО ішкі бақылау комиссиясының анықтамасы.
- Белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында да жазылған анықтама т.б.
Осындай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы тексерілген істер бойынша (мысалы, оқу орнының оқу-тәрбие жұмысын тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-шараларын тексеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы ұйымға, басшыларға жеткізеді.
Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.
Жеке адамға қатысты анықтама мен қызметтік анықтамалардың айырмашылықтары:
- қызметтік анықтамада адресат деректемесі рәсімделеді,
- жеке анықтамада адресат рәсімделмейді.
, 1-үлгі
АНЫҚТАМА 20 қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы Қожабергенова Жанар Ғарифоллақызына оның Халықаралық Бизнес Академиясының Қаржы-экономика факультетінің күндізгі бөлімінің 2-курс студенті екендігін растау үшін беріліп отыр.
Анықтама Атырау қаласының салық инспекциясына тапсыру үшін берілді.
Анықтама 2009 жылдың 30 желтоқсанына дейін жарамды.
ҚЭФ декан орынбасары (қолы) Р. Жаппасова (МӨР) |
, 2-үлгі
АНЫҚТАМА 2 ақпан 2009 жыл №107 Алматы қаласы Жомартова Өміргүл Ақанқызына Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғылыми диссертация залына «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» атты тақырыпта жазылған кандидаттық диссертацияның 1 (бір) данасын, авторефераттың 2 (екі) данасын 2009 жылдың 2 ақпанында тапсырды. Анықтама диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді. Кітапханашы: (қолы) Ермекова Жанар
(МӨР) |
, 3-үлгі
АНЫҚТАМА 14 қараша 2009 жыл №16 Алматы қаласы Осы анықтама Жүнісова Нұргүл Қадірқызына Алматы қаласы Жандосов көшесі, 12 үй, 25 пәтерде тұратындығын растау үшін беріліп отыр. Анықтама Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына тапсыру үшін берілді.
Анықтама 2009 жылдың 30 желтоқсанына дейін жарамды.
Анықтама бюросының бастығы (қолы) Ж.Талғатов (МӨР) |
, Бланк түрі
АНЫҚТАМА
« » 20 жыл № Алматы қаласы
Осы анықтама (аты-жөні) болып жұмыс істейтіндігін растайды. (лауазымын көрсету)
Анықтама (берілген органның атауы) көрсету үшін берілді.
қаласы
ауданының әкімі (қолы) (аты-жөні) (МӨР) |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Анықтама қандай құжат? Анықтама не үшін беріледі? Оның құрылымы қандай болады?
Тілдік бірліктер:
• осы анықтама • растайды • дәлелдейді • болып табылады • көрсету үшін берілді • тапсыру үшін берілді |
• растау үшін берілді • берілген күннен бастап • дейін жарамды • талап етілген орынға |
- жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.
Жұмыс орны Жеке куәлік Күндізгі бөлім Мекенжай Жағажай Мөр орны Отбасы құрамы Бөлім бастығы Анықтама мазмұны |
□ Место печати □ Дневное отделение □ Адрес □ Пляж □ Удостоверение личности □ Состав семьи □ Начальник отдела □ Место работы □ Содержание справки |
- жаттығу. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
Настоящая справка, сведения о сроке годности, место печати, выда- на для предоставления, выдана для предоставления в ж/д кассу, выдана для предоставления в кассу аэропорта, выдана для предоставления в пас- портный отдел, справка действительна в течение 10 дней со дня выдачи.
- жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
- Қазақстан Республикасы Халық банкінің / №154 филиалында / жетекші маман / болып қызмет істейді / Хамитов Рауан Жолдасұлы. 2. Анықтама / Ішкі істер бөліміне / Әуезов аудандық / тапсыру үшін / Ал- маты қаласы / берілді. 3. Анықтама / 1 айға / бастап күннен / дейін / жа- рамды / берілген.
- жаттығу. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз.
Анықтама Анықтама бюросы Мекенжай Мөр орны Әуежай Жеке куәлік Анықтама иесі |
□ Керекті нәрселер туралы қысқаша мәлімет алатын жер (орын) □ Жеке басты растайтын құжат □ Мекеме мөрі қойылатын жер □ Құжатта көрсетілген мәліметтің иесі □ Фактіні дәлелдейтін, растайтын құжат □ Қоныс, тұрақ, орын □ Ұшақтар ұшып, қонатын жер |
- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
- Настоящая справка выдана Берикболовой Индире Сериковне, уро- женке села Бесагаш Талгарского района Алматинской области в том, что в период с 1989 по 1994 гг. она действительно обучалась на заочном от- делении Алматинского индустриального колледжа.
- жаттығу. Анықтама үлгісін қазақ тіліне аударыңыз және толтырыңыз.
«Халықаралық Бизнес Академиясы» КЕББМ |
|
НОУ «Международная Академия Бизнеса»
СПРАВКА № « » 20 г. |
Налоговый комитет Бостандыкского района г. Алматы |
||
Тополева Наталья Владимировна работает главным бухгалтером ТОО “Ариал” с 20 февраля 2010 года.
Ректор (личная подпись) (Ф.И.О.)
Исп.: Болат Р.Б. Тел.: 248-16-59 (вн. 123) |
ç Тапсырмалар:
- Халықаралық Бизнес Академиясы Қаржы-экономика факультетінің
1 курсында оқитын Қойшыбеков Бөгенбай Нәбиұлына Ұлттық кітапханаға тіркелу үшін оқитын жерінен алған анықтама үлгісін жасаңыз.
- Ақшабаев Серіктің Өскемен қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 18 үй, 47 пәтерде тұратынын растап анықтама жазыңыз.
- Әскери комиссариатқа өткізу үшін Халықаралық Бизнес Академия- сы, Қаржы-экономика факультетінің 1 курс студенті Омаров Олжасқа анықтама жазыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
анықтама – справка
анықтама алу – взять (брать) справку
анықтама беру – дать (давать) справку
анықтама сұрау – просить (спросить) справку
осы анықтама – настоящая справка жұмыс орнынан анықтама – справка с места работы анықтама бюросы – справочное бюро
растау үшін берілді – дана для подтверждения
растайды, дәлелдейді – подтверждает
қорытындылау – сделать вывод
берілді – выдана
болып табылады – является
берілген күннен бастап – со дня выдачи
көрсету үшін – для предъявления
… айлық жалақымен – с окладом
… болып жұмыс істейтіндігін – в том, что он (она) работает
… мекенжайы бойынша – по адресу
талап етілген орынға – по месту требования тіркелгенін растайды – подтверждает регистрацию ұлттық кітапханаға – в национальную библиотеку үш айға дейін жарамды – действителен до 3-х месяцев
Орынғазы Ә.