АЛҒЫС ХАТ!

 

 

Алғысхат дегеніміз – адамның ізгі ниетін, ықыласын білдіретін және ресми түрде үздік еңбегі үшін айтылатын арнайы құрмет.

6 Құрылымы:

  • Хат атауы
  • Алғыс білдіру себебі
  • Құттықтаушының лауазымы, аты-жөні

1-үлгі

 

Алғысхат!

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген

«Тәуелсіздік – ел тілегі» атты кездесу кешіне келіп студенттерге отаншылдық тұрғыдан тәрбиелік кеңес бергені үшін Айзере Ержанқызына алғыс білдіреміз!

 

Факультет деканы:        Ә.Әбдіғазыұлы

 

2-үлгі

 

Алғысхат!

 

Құрметті Гүлмира Мұхаметқызы!

 

Сіздің облыстағы басқару органдары қызметкерлері арасында төл тілімізді жұмыс және ісқағаздарын жүргізу тіліне айналдыруға қосқан қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Әрі облыс жұртшылығына мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда белсенділік танытып жүргеніңізге алғысымды білдіремін.

 

(лауазымы)                                   (қолы)                                (аты-жөні)

 

Тілдік бірліктер:

 

•          шын жүректен құттықтаймын

•          шын жүректен ризашылығын білдіреді

•          тәжірибелі әріптес ретінде

•          белсенділік көрсеткеніңізге

•          белсене араласқаныңыз үшін

•          жастар тәрбиелеуде қосқан үлесіңіз үшін

•          мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаныңыз үшін

•          ризашылығымды білдіремін

•          алғыс білдіру

•          алғыс хат

•          алғыс білдіреміз

•          алғыс айтамыз

•          біліктілігі үшін

•          зор сенім білдіреміз

•          мықты денсаулық

•          табыс

•          баянды бақыт

•          құт-береке тілеймін

•          біліктілігі үшін

•          білімді маман ретінде

•          елеулі еңбегі үшін

•          зор алғыс білдіреміз

•          зор сенім білдіреміз

•          мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаны үшін

•          салтанатты түрде марапаттау

•          тәжірибелі әріптес ретінде

•          шын жүректен

•          ризашылығын білдіреді

 

  • жаттығу: Алғысхатты қазақ тіліне аударыңыз.

Уважаемые партнеры!

Выражаем Вам нашу искреннюю благодарность и глубокую призна- тельность за плодотворное сотрудничество в уходящем 2009 году.

Мы верим в сохранение сложившихся деловых и дружеских отноше- ний, надеемся на дальнейшее взаимовыгодное сотрудничество в 2010 году. Желаем успешного развития и достижения новых вершин в бизнесе.

С уважением,

Директор ТОО “Индиго”                                     И. Иванов

 

  • жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

 

1.  Президент / білдіремін / жүректен / сайлауы / кезіндегі / ризашылық

/ үшін / шын / азаматтық / Сізге / белсенділігіңіз.

2.  Отан / халқымыздың / деп / болашағы / перзенттік / сәтте / сергектік

/ білгеніңізді / табыла / адалдық / парызға / тарихи / парасат / биігінен / еліміздің / алдындағы / ертеңі / таңдауға / саяси / түскен / танытып / түсініңіз. 3.Деніңізге / бақ-береке / еңбегіңізге / тілейміз / табыс / саулық /

отбасыңызға

h Сөздік және сөз тіркестері:

алғыс білдіру                          – выразить благодарность

алғысхат                                 – благодарственное письмо белсене араласқаныңыз үшін – за активное участие біліктігі үшін             – за профессионализм

білімді маман ретінде             – как образованного специалиста елеулі еңбегі үшін      – за достойную трудовую деятельность зор алғыс білдіреміз           – выражаем огромную благодарность зор сенім білдіреміз      – выражаем большое доверие мемлекеттік тілді дамытуға     – за внесение вклада в развитие

үлес қосқаны үшін                   государственного языка салтанатты түрде марапаттау – торжественное награждение тәжірибелі әріптес ретінде – как опытного коллегу

шын жүректен

ризашылығын білдіреді           – выражает искреннюю благодарность

Орынғазы Ә.

 

Один комментарий к “АЛҒЫС ХАТ!”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *