Мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалып мәлімдеме беру туралы хат.
, 1-үлгі
Халықаралық Международная Бизнес Академия Академиясы Бизнеса Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060 Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
№ « » 20 ж.
Қаржы-экономика факультетінің деканы В. Әукенге
БАЯНДАУ ХАТ
Сізге, 2009 жылдың 6 қарашасы күні болған “Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу” сабағына В-12 топтағы 12 студенттің 3-еуінің ғана келгенін мәлімдеймін.
“Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу” пәнінің оқытушысы (қолы) Ж.Маңғышева |
, 2-үлгі
Халықаралық Международная Бизнес Академия Академиясы Бизнеса Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060 Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
№ « » 20 ж.
«ХБА», Бірінші проректоры Ж. Нүсеновке
БАЯНДАУ ХАТ
Орыстілді аудиториядағы студенттердің білім деңгейінің әртүрлі екен- дігін баяндай келе, сізге орыс аудиториясындағы 1 курс студенттері «бас- тауыш», «жалғастырушы», «тереңдетілген» деңгейлер бойынша оқулары керектігін мәлімдеймін.
Тілдер кафедрасының меңгерушісі (қолы) О. Киричок |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Баяндау хат қандай құжат?
- Ол қандай бөліктерден тұрады?
- Баяндау хат кімнің атына жазылады?
- Баяндау хаттың негізгі мәтіні қалай басталады?
Тілдік бірліктер:
• сізге мәлімдеймін • жұмыс жоспары орындалған жоқ • прокуратураға жіберілгенін мәлімдеймін • қалалық ішкі істер бөлімі бастығына • мектеп директоры • себепсіз сабақтан босатқанын • баяндаймын |
ç Тапсырмалар:
- Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақта болмағандарын мәлімдеп, оқытушы атынан баяндау хат жазыңыз.
- Қалалық білім беру басқармасының атына биылғы оқу жылы- на 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
- Бөлім меңгерушісінің атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапа- сы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
- Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының атына қаладағы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстап, олардың қылмысы туралы іс прокуратураға жіберілгенін мәлімдейтін бөлім бастығының атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
- Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының аты- на қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
- Сынып жетекшісі атынан мектеп директорының атына 11-сынып оқушыларының таңдаған төртінші пәнін көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
- Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының аты- на қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
- Топ басшысы ретінде сынып жетекшісіне сабақта болмаған оқушылардың аты-жөнін, пәннің атын, сағат санын көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
Баяндау хат – докладное письмо
Мәлімдеу – докладывать
Баяндаймын – докладываю
Сізге мәлімдеймін – докладываю Вам
Жұмыс жоспары орындалған жоқ – план работы не выполнен
….. прокуратураға – докладываю….. отправлен в
жіберілгенін мәлімдеймін прокуратуру
Қалалық ішкі істер бөлімі – Начальнику городского отдела бастығына внутренних дел
себепсіз сабақта болмады – без уважительной причины
отсутствовал на занятиях
Орынғазы Ә.