Белгілі бір құжатпен жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат беретін хат.
, 1-үлгі
«Темір» фирмасы
Астана қаласы, Есіл көшесі, 29 үй Тел. 35-39-62 Факс. 35-45-12 28.03.2007. №37 Астана қаласындағы қаржы бақылау бөлімінің бастығы Р. Сапаровқа
ЖОЛДАМА ХАТ
Құрметті Рымғали Омарханұлы! «Темір» фирмасы қаржылардың жылдық бақылауына байланысты сізге 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларының есептерін жолдайды (есеп қосымшада тіркелген).
Директор (қолы) Н.Ахметов |
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
, 2-үлгі
Халықаралық Международная Бизнес Академия Академиясы Бизнеса Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060 Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
№ « » 20 ж. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының кітапхана директоры А. Құсайыновқа ЖОЛДАМА ХАТ Құрметті Арман Нұрланұлы!
Халықаралық Бизнес Академиясы сіздің кітапханаңызға университет баспасынан шыққан төмендегі басылымдарды жолдайды. 1. Жоғары оқу орындарындағы «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» атты Халықаралық Бизнес Академиясы оқытушыларының мақалалар жинағы. 2. «Қазақ тілін коммуникативті және функционалды зерттеу және инновациялық оқыту технологиялары» атты филология ғылымдарының докторы, танымал лингвист Рақыш Әміровтің 80 жасына арналған Халықаралық конференция материалдары, 1, 2 том.
Ғылыми бөлімнің жетекшісі: (қолы) Б. Бияров |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Жолдама хат қандай құжат?
- Оны қай кезде береді?
- Оның құрылымы қандай?
Тілдік бірліктер:
• жолдайды • дана • төмендегі |
• қосымшада тіркелген • мақалалар жинағы • Халықаралық конференция материалдары |
ç Тапсырмалар:
- Қалалық мұрағат меңгерушісінің атынан жеке тұлғаның сұранысы бойынша 1975-1990 жылдары Тұрмыстық химия зауытында техно- лог ретінде жұмыс істеген анасының еңбек өтілі туралы анықтамасын жібергені жөнінде жолдама хат үлгісін жазыңыз.
- Облыстық кітапхана меңгерушісінің атынан 2010 жылы оқырман конференцияларының тақырыптық жоспары мен авторлармен кездесу кештерінің жоспарын жіберуі туралы мектеп директорының атына жол- дама хат үлгісін жазыңыз.
- Қалалық оқу бөлімі бастығының атына қызмет бабымен ауысқан маманның құжаттарын жібергені туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.
- «Мерей» жиһаз жасау АҚ-ның атынан Халық банкінің кредиторының жұмыс орнынан және еңбекақысы туралы анықтамасын жібергені тура- лы банк директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.
- «РАДиАЛ» баспасы бас редакторының атынан сұраныс бойынша басылып шыққан әдебиеттерді жібергені туралы «Шоқан Уәлиханов» кітап дүкенінің меңгерушісіне жолдама хаттың үлгісін жазыңыз.
- Орта мектептің 10-сыныбынан лицейдің 10-сыныбына ауысуына байланысты оқушының құжаттарын жіберуі туралы мектеп директоры атынан лицей директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.
- Университет студентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде оқытылуына байланысты оның құжаттарын жіберу туралы Ресейдің М.Ломоносов атындағы ММУ ректорының атына университет ректоры атынан жолдама хат үлгісін жазыңыз.
- Жоғалған дипломын қайта алу үшін жеке тұлғаның атына университет мұрағатының меңгерушісі атынан дипломы мен қосымша- сының көшірмесін, мемлекеттік емтихан комиссиясы отырыстары хаттамаларының көшірмесін жіберу туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
қабылдаушы – адресат
жолдаушы – адресант
жолдайды – направляет
тізім – список
дана – штука; экземпляр
төмендегі – нижеследующий Халықаралық конференция – Международная конференция
танымал – знакомый; приметный; известный инновациялық оқыту – инновационное обучение