СҰРАНЫС ХАТ

 

 

Белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат.

, 1-үлгі

 

«Нәзік» азық-түлік дүкені

 

Қостанай қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 17 үй Тел. 35-39-62

Факс. 35-45-12

28.03.2009. №37

 

«Баян сұлу» АҚ директоры А.Мұсаевқа

 

СҰРАНЫС ХАТ

 

«Нәзік» азық-түлік дүкені сізден “Баян сұлу” кондитерлік фабрикасында соңғы екі жылдағы өндірілген тауарлар тізімін жіберуіңізді сұрайды.

 

Директор                       (қолы)                         А. Омаров

 

, 2-үлгі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

 

Астана қаласы, Абай көшесі, 17 үй Тел. 35-39-62

Факс. 35-45-12

28.03.2010. №37

 

Халықаралық Бизнес Академиясының ректоры, профессор Т. Балықбаевқа

 

СҰРАНЫС ХАТ

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректораты сізден

«Менеджмент» мамандығының 3 курс студенті Т.Н. Есдәулетовтің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне ауысуына байланысты жеке құжаттарын жіберуіңізді сұрайды.

 

Оқу бөлімінің басшысы               (қолы)                  Р. Ерлікұлы

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сұраныс хат қандай құжат?
  2. Ол қандай жағдайда жасалады?
  3. Оның құрылымы қандай?

  Тілдік бірліктер:

 
   

ç Тапсырмалар:

  1. Қалалық мұрағат меңгерушісінің атына 1975–1990 жылдары Тұрмыстық химия зауытында технолог ретінде жұмыс істеген анаңыздың

 

еңбек өтілі туралы анықтама беруін сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

  1. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атына 2010 жылы өткізілетін оқырмандар конференциясының тақырыптарын сұрап, мектеп директорының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
  2. Қалалық оқу бөлімінің бастығына қажетті маман мұғалімдерді жіберуін сұрап, мектеп директорының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
  3. «РАДиАЛ» жекеменшік баспаның бас редакторының атына автордың атынан кітапты 500 данамен қайта бастыруын сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
  4. «Алматықұрылыс» АҚ-ның президентінің атына үйіңізді өзіңіздің жобаңыз бойынша салуын сұрап, жеке тұлғаның атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
  5. Халық банкінің жергілікті филиалы директорының атынан «Ме- рей» жиһаз жасау АҚ президентінің атына осы мекеменің қызметкері, банк кредиторының еңбекақысы туралы ақпарат сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
  6. Университет кітапханасы меңгерушісінің атына кітапхана қорына келіп түскен «Филология» сериясының оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімін сұрап, филология факультеті деканының орынбасары атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

 

h Сөздік және сөз тіркестері:

жіберуіңізді сұрайды                       – просит отправить

ауысуына байланысты                       – в связи с переводом

меңгерушісінің атына                      – на имя заведующей еңбекақысы туралы ақпарат  – информация о зарплате жеке тұлғаның атынан       – от имени физического лица конференция тақырыптарын сұрау  – просить темы конференции тізімін сұрау           – попросить список

Орынғазы Ә.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *