Қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылатын хат.
, 1-үлгі
|
Халықаралық Международная Бизнес Академия Академиясы Бизнеса Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060 Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
№ « » 20 ж.
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры Ж. Сәметоваға
ҰСЫНЫС ХАТ
Құрметті Жайна Хаметқызы!
Халықаралық Бизнес Академиясының ректораты «Тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Ержанқызы Ақнұрды 2013 жылдың 4-12 наурыз аралығында қазақ тілі пән оқытушыларының білімін жетілдіру кур- сына жіберуді ұсынады.
Ректор (қолы) Т. Балықбаев |
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
, 2-үлгі
|
Халықаралық Международная Бизнес Академия Академиясы Бизнеса Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
№ « » 20 ж.
ХБА ректоры Т. Балықбаевқа
“Жастар жарқын болашақ үшін” форумы туралы
ҰСЫНЫС ХАТ
Құрметті Такир Оспанұлы!
2010 жылдың 9 қарашасында Астана қаласында “Жастар жарқын болашақ үшін” атты форумы тұсауын кеспекші. Бұл форумда Қазақстанның болашақ жастары туралы бірқатар мәселелер қарастырылмақ. Осыған орай, ҚЭФ, 2 курс студенті Ақшаев Қаныбекті форумға қатысатын депутат ретінде ұсынады.
ХБА, Студенттік басқарма Ұйымының Президенті (қолы ) А. Байдүйсенова |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Ұсыныс хат қандай құжат?
- Ұсыныс хат қай кезде жазылады?
- Ұсыныс хаттың негізгі бөліктері қандай?
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
ç Тапсырмалар:
- Студенттердің атынан факультет деканының атына хат жазып, үздік студентті факультет кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз.
- Университет ректорының атына студенттік кеңестің төрағасының атынан Астана қаласында өткізілетін «Жастар жарқын болашақ үшін» форумына депутаттыққа бір студентті ұсынып, хат жазыңыз.
- Университет ректорының атына бір оқытушыны аға оқытушылыққа ұсынып, кафедра меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
- Жергілікті қалалық Тіл орталығы төрағасының атына көшедегі жарнамалардың сауаттылығын қадағалайтын аудармашыны 0,25 штатқа алуды ұсынып, бас маманның атына ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
- Қалалық Ішкі істер басқармасының кадрлар бөлімі бастығының атына ұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімі бастығының атынан бір қызметкерге әскери «капитан» шенін беруге ұсыну үшін ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
- Алматы облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Ғ.Т. Төлегеновке «Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл- ді меңгеру байқауына денсаулық сақтау басқармасынан қызметкер ұсынылатындығы туралы ұсыныс хат жазыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
ұсыныс хат – рекомендательное письмо
жіберуді ұсынады – предлагает отправить
тұсаукесер – презентация
мәселелер қарастырылмақ – собирается рассматривать вопросы ретінде ұсынады – рекомендует в виде
“Жастар жарқын болашақ – о форуме «Молодежь за светлое үшін” форумы туралы будущее»
Орынғазы Ә.