АРЫЗ

 

 

Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек ай- тылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын ісқағазы.

Дәлірек айтсақ, арыз бұл жеке адамның қандай да бір ұйым басшы- сына, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін жазылатын құжат түрі.

Арыздың негізгі мақсаты – азаматтардың бұзылған құқықтарын заңдық тұрғыда қалпына келтіруді талап ету. Арызда деректер нақты көрсетілуі керек.

Арыз, көбінесе, жеке адам атынан жазылады. Сондай-ақ ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де болады. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар лауазым иесіне жазылады.

Өтініш құжат ретінде кеңседе тіркеліп, тіркеу нөмірін алғаннан кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. Арызда да өтініштегі сияқты ме- кеме басшысының бұрыштамасы қойылады (Арыз тиісті орынға келіп түскеннен кейін, оған бұрыштама қойылады. Мысалы: «Қаралсын», «Ко- миссия құрылсын» т.б.).

Арыздың 3 түрі бар:

  • өтініш түрінде жазылатын арыз;
  • шағым түрінде жазылатын арыз;
  • түсініктеме түрінде жазылатын арыз.

Өтініш түріндегі арыз – белгілі бір тұлғаның бір нәрсеге риза бол- май арыздануы. Бірақ арызданушы шара қолдануды емес, өзінің талап- тілегінің орындалуын сұрайды. Мысалы: №377 дәрісхананың суық бо- луына байланысты бірнеше студент суықтап ауырып, сол себепті басқа дәрісханаға ауыстыруды сұрады.

 

Шағым түрінде жазылатын арыз – құқығының бұзылуына байла- нысты шағымданып, шара қолдануын сұрау. Мысалы: Көрші бөлмедегі Жұлдыз деген қыз музыканы түнгі 12-ден кейін дауысын өте қатты шығарып қояды. Бізге сабақ оқып, демалуға кедергі жасайды. Бірнеше рет ескертілді. Бірақ тыңдамады. Осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз.

 

Түсініктеме түрінде жазылатын арыз – белгілі бір оқиғаға бай- ланысты мәселенің дұрыс шешілмей, жәбірленушінің болған оқиғаны нақты түсіндіре отырып қарсы арыздануы. Мысалы: Көліктердің соқтығысуына байланысты, болған оқиғаға куәгерлерді тарту арқылы нақты деректермен дәлелдеу.

Арыздың жазылу тәртібі:

Арыз А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағананың бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.

6 Құрылымы:

  1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).
  2. Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).
  3. Құжат атауы (арыз).
  4. Негізгі мәтін.
  5. Жазылған мерзімі.
  6. Арыз иесінің қолы немесе арыз мазмұнымен келісушілердің қолы.

 

Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы,

«Менің сізге арыз беру себебім».

Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,

«Айтылғандарды ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймын»,

«мәселені шешіп беруіңізді сұраймын» т.с.с.

 

Ескерту!

Ұжымдық арызда арыз мазмұнымен келісушілердің аты-жөні, қолдары иерархиялық тәртіппен, я болмаса әліпби тәртібімен жазыла- ды. Қол қоюшылар өте көп болатын болса, онда арызға қол қою парағы тіркеледі.

Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда, келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, «Келісемін», «Қарсы емеспін». Бұл жерде де күні жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.

 

, 1-үлгі. Өтініш түрі

 

Халықаралық Бизнес Академиясының Оқу ісі жөніндегі проректоры Ж.Нүсеновке

 

ҚЭФ, 2 курс студенті А. Ахметовадан

 

АРЫЗ

 

Менің сізге арыз жазу себебім, көктемгі семестрдегі сабақ кестемнің қолайсыздығы өз кезегінде маған зиянын тигізіп, уақытымды тиімді пайдалануға қолайсыздық тудыруда. Осы мәселеге байланысты сабақ кестесін оңтайлы құруға көмектесуіңізді сұраймын.

 

22 мамыр, 2010 жыл.                                                                          (қолы)

, 2-үлгі: Шағым түрі

Халықаралық Бизнес Академиясының Жалпы мәселелер

жөніндегі проректоры Е.Т. Жарлықасымовқа

 

ҚЭФ, 2 курс студенті А. Әділханұлынан

 

АРЫЗ

 

Менің сізге арыз беру себебім, уақытымның басым бөлігі университет- те өтуіне байланысты асханадан тамақтануыма тура келеді. Бірақ №1 асхананың қызмет көрсету дәрежесі төмен, тамақтарының сапасы на- шар, бағасына сай емес, аспаздар өз қызметін дұрыс атқармайды. Асха- на басшысына ауызша және жазбаша түрде де шағымдандық. Бірақ еш нәтиже болмады. Осы мәселелерді ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймыз.

 

28 қаңтар, 2009 жыл.

 

Орынғазы Әбутәліп                                                                                                      

, 3-үлгі. Шағым түрі

 

Алматы қаласы,

«Меруерт» дүкенінің директоры Б.А. Мұратоваға

 

Алматы қаласы,

Қастеев көшесі, 12 үй, 2 пәтердің

тұрғыны (Тел: 8 701 678 753 543) Құралай Мақсатқызынан

 

 

АРЫЗ

 

Менің сізге арыз жазу себебім, 2010 жылдың 18 қаңтар күні сағат 14.00-де Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Меруерт» дүкенінен 1 литрлік «Айналайын» сүтін (майлылығы 6%, бағасы 250 теңге, қолданылу мерзімі: 01.01.11, сериясы: 56297532, чек бар) сатып алған болатынмын. Оның сапасы төмен, жарамсыз болып шықты. Қолымдағы чекпен сатушыға (Б.С. Жоламановаға) келіп сүтті ауыстырып беруін немесе ақшасын қайтаруды талап еттім. Бірақ менің талабым қанағаттандырылмады. Сол себептен осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.

 

19.01.10.                                                                       (Қолы) — — — — — — — — — — — —

 

 

Өтініш

Арыз

Анықтамасы

Өтініш дегеніміз – азаматтар- дың жеке құқықтары мен мүдде- лерінің жүзеге асырылуы мазмұн- далатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға

бағытталған ресми құжат.

Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын ісқағазы.

 

Бір-бірінен айырмашылығы

1.  Өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін: жұмысқа қабылдау, жұмысқа тұру, басқа жұмысқа ауысу, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек сұрау т.б. өзіне тиесілі жағдайды шешу мақсатында жазылады.

2.  Деректерді көрсету міндетті емес.

3. Өтініш жеке адам атынан жа- зылады.

4. Өтініштің 1 түрі бар.

1.  Азаматтардың заң арқылы қор- ғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда шағым түрінде жазылады.

2.  Деректер нақты болуы керек.

3.  Арыз жеке адамның да, ұжымның да атынан жазылуы мүмкін.

4.  Арыздың 3 түрі бар.

Ортақ белгілері

1.         «Жеке адам өміріне қатысты құжаттар» түріне жатады.

2.         Безендірілуі бірдей.

3.         Құрылымы бірдей.

4.         Мәселені шеше алатын лауазымды адам атына жазылады.

1.            «Жеке адам өміріне қатысты құжаттар» түріне жатады.

2.         Безендірілуі бірдей.

3.         Құрылымы бірдей.

4.         Мәселені шеше алатын лауазымды адам атына жазылады.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
  2. Арыз кімге жазылады?
  3. Арыздың құрылымы қандай?
  4. Өтініш түріндегі арыз дегеніміз не?
  5. Шағым түріндегі арыз дегеніміз не?
  6. Түсініктеме түріндегі арыз дегеніміз не?

 

 

Тілдік бірліктер:

 

•  арызда көрсетілген мәлімет

•  заңсыз әрекет

•  қызметкердің заңсыз әрекеті

•  белгіленген тәртіпте

•  азаматтардың құқығы

•  қиын жағдай

•  өкінішке орай

•  тексеру жүргізуіңізді

•  арыз бойынша тексеріс

•  шара қолдану

•  қалыптасқан жағдайға байланысты

•  мәселені қарастыруыңызды

•  шара қолдануыңызды

•  жолға қоюыңызды

 

  • жаттығу: Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Өтініш, сұраймын, тұратын, тіркелген, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, шара қолдануыңызды сұраймын.

 

  • жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
  1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері.
  2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз.
  3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың.
  4. атқара алмай / міндетін / отыр / дұрыс / өз.

 

  • жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
  1. Талдықорған қаласы №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйде 2000 жылдың 20 қаңтарынан бері … .
  • бірнеше рет хабарласқанымызбен еш нәтиже шыққан жоқ.
  1. №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйдің жылумен қамтамасыз етілуі үшін , жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін ретке келтіре алмай

отырған лауазымды адамдарға…. сұраймыз.

 

Керекті тілдік бірліктер: жылу берілмей отыр, тиісті орындарға, нұсқау беруіңізді, шара қолдануыңызды.

 

  • жаттығу. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.

 

Тәртіп бұзу

Неправомерные действия

Еңбек тәртібін бұзу

Жилищное право

Заңға қайшы әрекет

Нарушение трудовой дисциплины

Ұстау

Административное взыскание

Тұрғын үй құқы

Нарушение дисциплины

Әкімшілік жаза

Задержать

  • жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
  1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері.
  2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз.
  3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың.
  4. атқара алмай /міндетін / отыр / дұрыс / өз.
  5. отыр / орындаудан / бас тартып / міндетін / өз.
  6. бойынша / сұраймын / жүргізуіңізді / тексеріс / арыз.
  7. расталған жоқ / жазылған / арызда / мәліметтер.

 

ç Тапсырмалар:

  • Асхана тамағының сапасының төмендігі туралы арыз жазыңыз.
  • Петропавл қаласы сүт зауытының директоры Т.С. Пірімбетовтің атына дүкендегі сүт өнімінің нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
  • Қалалық санэпидстанция бастығы атына ауладағы санитарлық жағдайдың нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
  • Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты арыз үлгісін жазыңыз.

 

h Сөздік және сөз тіркестері:

арыз                                           – заявление (жалоба)

өтініш                                        – заявление

шара қолдану                             – принять меры

өтінемін                                     – прошу

азамат                                        – гражданин

тұратын                                     – проживающий

тұрғыны                                     – житель

жылу                                         – отопление

ыстық су                                    – горячая вода

суық су                                      – холодная вода

апта бойы                                  – в течение недели

бөлім бастығы                            – начальник отдела

зейнеткер                                   – пенсионер

төраға                                        – председатель

арыз жазу                                  – написать жалобу

арыз беру                                   – подать жалобу

арыздың мазмұны                      – содержание жалобы

арыздың мәтіні                          – текст жалобы

арыз бойынша                            – в соответствии с жалобой

осыған байланысты                    – в связи с этим

белгіленген тәртіпте                   – в установленном порядке төмендегілер туралы мәлімдеу      – сообщать о нижеследующем заңға байланысты        – согласно закону

заң күшіне ие                            – имеющий силу закона

заңдық күші бар                         – имеющий силу закона

заңдық күші бірдей                    – имеющий одинаковую законную силу

Орынғазы Әбутәліп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *