Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жаз- баша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.
Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы журналы- на тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш негізінде бұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мыса-
лы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.
Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі көрсетілуі тиіс.
Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:
- оқуға түскен кезінде;
- басқа оқу орнына ауысқанда;
- бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;
- жатақханадан орын сұрағанда;
- жұмысқа қабылдау кезінде;
- басқа жұмысқа ауысқанда;
- жұмыстан босату кезінде;
- кезекті демалыс сұрау кезінде;
- кезектен тыс демалыс сұрағанда;
- материалдық көмек сұрағанда;
- денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.
Өтініштің жазылу тәртібі:
Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.
6 Құрылымы:
- Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).
- Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).
- Құжат атауы (өтініш).
- Негізгі мәтін.
- Жазылған мерзімі.
- Өтініш иесінің қолы.
Ескерту!
- Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.
- Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен тол- тырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.
- Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растай- тын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, ауырғаны туралы анықтама қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.
- Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі, не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініш бойынша шешіледі.
Есте сақтаңыз!
Кімге:
- А.К. Айдароваға
- «Адал» АҚ-ның басшысы А.Темірбековке
- «Қайнар» университетінің ректоры А.Қарабаеваға
- Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Г.С. Құрманбайға
- Қаржы-экономика факультетінің деканы Ә.М. Вильмурға
Кімнен:
- Оқытушы Н.Досановтан
- Тіркеу бөлімінің басшысы К.Омаровадан
- Орыс тілі пәнінің оқытушысы А.Б. Тұмановадан
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Өтініш кімнің атынан жазылады?
- Қандай жағдайларда жазылады?
- Өтініш негізінде қандай құжат дайындалады?
- Өтініш қандай жағдайда ресми құжат болып есептелінеді?
|
ҚР Ұлттық кітапханасының Бас меңгерушісі А.Бағдатоваға
Алматы қаласы, Қастеев көшесі, 12 үй, 7 пәтердің тұрғыны Жайлаубаева Құралайдан ӨТІНІШ Менің сізге өтініш беру себебім, оқу талабына байланысты сирек кездесетін «Құнды кітаптар» қорына мүше етіп алуыңызды сұраймын.
03.07.10. (Қолы) |
, 2-үлгі
|
Халықаралық Бизнес Академиясының Президенті А.Қожахметовке
Қаржы-экономика факультеті «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Елтай Жәнібектен ӨТІНІШ Менің сізге өтініш жазу себебім, Атырау қаласынан келуіме байланысты Магистранттар және Студенттер үйінен орын алуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
15.07.10. (Қолы) |
, 3-үлгі
|
ХБА ректоры Т.Балықбаевқа
«Аймақтану» мамандығының 1 курс студенті Елтай Қазыбектен ӨТІНІШ Менің сізге өтініш жазу себебім, Атырау қаласынан келуіме байланысты Магистранттар және Студенттер үйінен бір орын беруіңізді сұраймын.
15.07.10. (Қолы) |
, 4-үлгі
|
ХБА ректоры Т.Балықбаевқа
Қаржы-экономика факультетінің 2 курс студенті Д. Досымжановадан
ӨТІНІШ
Менің сізге өтініш жазу себебім, денсаулығыма байланысты академиялық демалысқа жіберуіңізді сұраймын. Анықтама қосымшада тіркелген.
05.01.11. (Қолы) |
, 5-үлгі
|
Халықаралық Бизнес Академиясының Оқу ісі жөніндегі проректоры Ж.Нүсеновке
ҚЭФ, «Қаржыгер» мамандығының 1 курс студенті Т. Байболовадан ӨТІНІШ Менің сізге өтініш жазу себебім, ХБА ережесі бойынша жоғары балл жинауыма (GPA 3,80) байланысты, мені ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауыстыруға рұқсат беруіңізді өтінемін.
20.05.2011. (Қолы) |
Тілдік бірліктер:
|
• бастап • 10 күнге • 1 айға • 2 аптаға • 1 жылға • жіберу • тіркеу • растау • тапсыру • рәсімдеу • бекіту • іссапар • байланысты • сұраймын • өтінемін • рұқсат ету • қабылдауыңызды • отбасы жағдайы • денсаулық • бала күтімі |
|
• кезекті демалыс • кезектен тыс демалыс • жұмыстан босату • жалақыны көтеру • ауысу • бөлу • босату • пайдалану • тіркелген • жалақыны көтеру • өтінішті қарау • өтінішті қанағаттандыру • үй-жайым болмағандықтан • басқа жұмысқа ауысуыма байланысты • денсаулығыма байланысты • баспаға дайындалуына байланысты • байқау ұйымдастырылуына байланысты
• жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын • материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын •бойынша жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын •мекенжайында тұратын •лауазымына қызметке алуыңызды сұраймын •басқа қалаға қоныс аударуыма байланысты • біліктілік арттыру курсына • бірінші жарты жылдықтың аяғына дейін • денсаулығымның нашарлауына байланысты • дүйсенбіден бастап • еңбек шарты мерзімі аяқталуына байланысты • жалақысы сақталмайтын демалыс беруіңізді сұраймын • кезектен тыс еңбек демалысы • келесі жылдан бастап • осы жылдан бастап • штаттық кестеге сәйкес • әлеуметтік көмек туралы өтініш • бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін • шипажайлық-курорттық емделуге жолдама беруіңізді сұраймын • байқауға қатысуға жіберуіңізді сұраймын |
- жаттығу. Сәйкестендіріңіз.
|
Оқытушы қызметіне Кезекті демалыс Кезектен тыс Материалдық көмек Инженер ретінде Астана қаласына Өз еркіммен жұмыстан Жатақханадан орын Іссапарға |
беруіңізді қабылдауыңызды ауыстыруыңызды босатуыңызды көрсетуіңізді беруіңізді қабылдауыңызды жіберуіңізді босатуыңызды |
өтінемін (сұраймын) |
- жаттығу. Қазақшаға аударыңыз.
рассмотреть заявление – …………………………………………….
регистрировать заявление – …………………………………………….
дать ответ на заявление – …………………………………………….
заявление студента – …………………………………………….
подать заявление – …………………………………………….
написать заявление – …………………………………………….
принять заявление – …………………………………………….
не рассматривать заявление – …………………………………………….
содержание заявления – …………………………………………….
- жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
- кезектен тыс демалыс / байланысты / отбасы жағдайыма /беруіңізді өтінемін.
- қабылдауыңызды / қызметіне / бағдарламашы / бастап / 2013 жылдың 12 мамырынан / сұраймын.
- орта мектептің / сұраймын / Ы.Алтынсарин / 11 сыныбына / атындағы / қабылдауыңызды.
- қызметімнен / атқарып отырған / сұраймын / босатуыңызды.
- сұраймын / ауыстыруыңызды / бөліміне / техникалық қызмет көрсету.
- беруіңізді / 3 ай көлемінде / сұраймын / шығармашылық демалыс.
- қажеттілікке байланысты / іссапарға жіберуіңізді / өндірістік / сұраймын.
çТапсырмалар:
- Жатақханадан орын сұрап, ХБА-ның Магистранттар және Студент- тер үйінің директоры Жомарт Қанапияновтың атына өтініш жазыңыз.
- Отбасы жағдайыңызға байланысты кезектен тыс демалыс сұрап, өтініш жазыңыз.
- Кезекті еңбек демалысын алу туралы өтініш жазыңыз.
- Денсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап, өтініш жазыңыз.
- І. Жансүгіров атындағы орта мектептің директоры Т.С. Дәулетова- ның атына бір айлық сессияға баруыңызға байланысты ақылы демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.
- Халықаралық Бизнес Академиясы ректорының атына «Шоқан тағылымы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысатын- дығыңыз туралы өтініш жазыңыз.
- Факультет деканының атына спорттық жарысқа қатысуға байланыс- ты 1-5 ақпан аралығында сабақтан босату туралы өтініш жазыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
|
өтініш |
– заявление |
|
сұраймын |
– прошу |
|
өтінемін |
– прошу |
|
тұратын |
– проживающий |
|
өтінеміз |
– просим |
|
отбасы жағдайына байланысты |
– в связи с семейным положением (по семейным обстоятельствам) |
|
денсаулық жағдайына байланысты |
– по состоянию здоровья |
|
растауыңызды сұраймыз |
– просим подтвердить |
|
салып жіберуіңізді сұраймыз |
– просим выслать |
|
қабылдауыңызды сұраймын |
– прошу принять |
|
босатуыңызды сұраймын |
– прошу освободить |
|
тапсыруыңызды сұраймын |
– прошу поручить |
|
рәсімдеуіңізді сұраймын |
– прошу оформить |
|
бекітуіңізді сұраймын |
– прошу утвердить |
|
рұқсат етуіңізді сұраймын |
– прошу разрешить |
|
….. бойынша жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын |
– прошу принять меня на работу ….. |
|
….. мекенжайында тұратын |
– проживающего(щей) по адресу ….. |
|
….. лауазымына қызметке алуыңызды сұраймын |
– прошу принять на должность |
|
…. басқа қалаға қоныс аударуыма байланысты |
– в связи с переездом в другой город |
|
біліктілік арттыру курсына |
– на курсы повышения квалификации |
|
бірінші жарты жылдықтың аяғына дейін |
– до конца первого полугодия |
|
денсаулығымның нашарлауына байланысты |
– в связи с ухудшением здоровья |
|
дүйсенбіден бастап |
– начиная с понедельника |
|
еңбек шарты мерзімі аяқталуына байланысты |
– в связи с истечением срока трудово- го договора |
|
жалақысы сақталмайтын демалыс беруіңізді сұраймын |
– прошу предоставить мне отпуск без сохранения зарплаты |
|
кезектен тыс еңбек демалысы |
– внеочередной трудовой отпуск |
|
келесі жылдан бастап |
– начиная со следующего года |
|
осы жылдан бастап |
– начиная с этого года |
|
штаттық кестеге сәйкес |
– согласно штатному расписанию |
|
әлеуметтік көмек туралы өтініш |
– заявление о социальной помощи |
|
бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін |
– до конца первого полугодия |
|
шипажайлық-курорттық емделуге жолдама беруіңізді сұраймын |
– прошу дать путевку на санаторно-курортное лечение |
|
байқауға қатысуға жіберуіңізді сұраймын |
– прошу допустить меня к участию в конкурсе |