БҰРЫШТАМА

 

 

Бұрыштама – мекемеге келіп түскен ісқағаздарының бұрышына жазылатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.

Бұрыштама ұйымда қалатын құжат данасының (жоспардың жоба- сына, есептерге, хаттарға және басқалар) бастапқы бетінде қойылған қолдан төмен қойылады.

Бұрыштама Өкімдік құжаттардың жобаларының  бірінші  данасы-  на қойылады. Өкімдік құжаттың соңғы парағының сыртқы бетіне бұрыштама қоюға рұқсат етіледі.

Бұрыштама бұрыштама қоюшының қолын, күнін, қажет жағдайда қолтаңбаның толық жазылуын (аты-жөнін және тегін) бұрыштама қоюшы лауазымының атауын қамтиды.

Түпнұсқа бұрыштамада бірінші тұрған орындаушыға беріледі. Бұрыштама тырнақша қолданылмай, кіші әріптермен ресімделетін

«Келісілді» деген сөзден, сондай-ақ құжат келісілетін тұлға лауазымының атауынан (ұйымның атауын қоса алғанда), жеке қолынан және оның толық жазылуынан және келісу күнінен тұрады.

Ең бастысы, бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.

Мысалы:

 

 

Алматы электротехникалық

Қарсы емеспін                                        зауытының директоры

16.07.09                                                    Н.Ә. Әміреевке

 

Өткізу бөлімінің

технигі Н.Сағындықұлынан

 

ӨТІНІШ

Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіруіме байланысты мені өткізу бөлімінің инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.

 

15.07.09                                                                                                  (Қолы)

 

Бұрыштама құжаттың бірінші бетінің жоғарғы жағына, ал брошю-  ра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады. Қаламмен, мүмкін- дігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазу керек. Нұсқауды орындау тапсырылатын адамның аты-жөнінің басқы әріптері, тегі, орын- дау мерзімі анық жазылады, күні, айы екі санмен көрсетіледі. Мысалы,

  • («3 наурыз» емес), 05.01. («5 қаңтар» емес). Бұрыштама ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғана айтылады. Бұрыштамаға күні жазылып, басшының қолы қойылады немесе тегі жазылады.

 

Тілдік бірліктер:

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

h Сөздік және сөз тіркестері:

қарсы емеспін                        – не против

келісемін                               – согласен

қаралсын                               – рассмотреть

талқылансын                          – обсудить

бекітілсін                               – утвердить

бекітемін                               – утверждаю

тапсырылсын                         – поручить

ұсыныстар даярлансын           – подготовить предложения комиссия құрылсын – создать комиссию

баяндалсын                            – доложить

нақты ұсыныстар енгізіңіз     – внесите конкретные предложения нәтижесін баяндаңыз           – доложите результат

тиісті жауап дайындаңыз       – подготовьте соответствующий ответ қарастырып, тиісті

жауап беріңіз                         – рассмотреть и дать соответствующий ответ

Орынғазы Әбутәліп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *