ӨМІРБАЯН

 

 

Өмірбаян жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіпте жазылған ресми құжат.

 

Өмірбаян, әдетте, оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазы- лады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Өмірбаян азат жолдан «Мен» – деп басталып, бірінші жақта, жекеше түрде баяндалады.

Тәжірибеде өмірбаян 3 түрлі болып жазылады.

 

Өмірбаянның бірінші түрі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке ісқағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санама- лап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

õ Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:

  • хронологиялық тәртіппен жазылады;
  • ресми стильде мәтін түрінде жазылады.

 

Өмірбаянның екінші түрі мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.

Өмірбаянның бұл түрі көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазыла- ды.

õ Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:

1)    жеке адам өмірімен ғана емес, сол кездегі қоғам дамуымен де таныстыруы; 2) көркем әдеби стильде жазылады.

Мысалы:

  1. Д.А. Қонаев «Өтті дәурен осылай». Естелік-эссе. (1992), 443 бет.

«Дәуір» баспасы.

 

  1. Ш.Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983), 214 бет.

«Жазушы» баспасы.

  1. С.Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу» романы. 1977, 392 бет. «Жа- зушы» баспасы.
  2. Ғ.Мұстафин. «Көзкөргендер». 1958 ж.

 

Өмірбаянның үшінші түрі – қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

 

õ Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:

  • жеке адамды зерттеу барысында жазылады;
  • ғылыми стильде жазылады.

Мысалы:

Ұлы ойшыл, ақын А.Құнанбаев өмірі туралы М.Әуезовтің ғылыми- зерттеу еңбектерін атап айтуға болады.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын өмірбаянның түрі – ресми түрі. Өмірбаян бірінші жақта жазылады, көлемі шағын болады.

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.

 

6 Құрылымы:

  1. Құжаттың атауы.
  2. Аты-жөні (толық жазылады), туған күні, айы, жылы, туған жері.
  3. Ұлты. Азаматтығы.
  4. Білімі, оқыған оқу орындары.
  5. Жетістіктері.
  6. Отбасы (ата-анасы, жұбайы, балалары) туралы мәлімет.
  7. Қосымша мәліметтер (тіл білуі, қызығушылығы) т.б.
  8. Қазіргі жұмысы, мекенжайы туралы мәлімет.
  9. Құжаттың жазылған күні, айы, жылы.
  10. Қолы.

 

, 1-үлгі

 

 

Өмірбаян

 

Мен, Егінбаева Ақжан Есенғалиқызы 1990 жылы 11 қарашада Павло- дар қаласында тудым.

Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

1997 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының Кенжекөл жал- пы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа бардым. Мектепте әртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзімді өнер жағынан жақсы көрсете білдім. «Қазына» би ансамбліне қатыстым.

2007 жылы географиядан оқушылардың облыстық пән олимпиада- сында І орын алдым.

2008 жылы географиядан республикалық пән олимпиадасына қатысып, ІІ орынның жүлдегері атандым.

2008 жылы аталған мектепті «Алтын Белгімен» бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы- экономика факультетінің «Экономика» мамандығына оқуға түстім. Қазір 2 курс студентімін.

Ата-анам және екі әпкем бар. Әкем – Егінбаев Есенғали Досымұлы, 1956 жылы туған, Павлодар облысының Салық комитетінде қызмет етеді. Анам – Рахимова Шолпан Қантемірқызы, 1955 жылы туған, Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде

«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Үлкен әпкем – Рай- хан, 1984 жылы туған, тұрмыста. Ортаншы әпкем – Айгүл, 1985 жылы туған, Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәнінің оқытушысы.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін. Бос уақытымда әдеби кітаптар оқығанды ұнатамын. Компьютердің бірнеше бағдарламасын меңгердім.

Қазіргі мекенжайым: Алматы қаласы, Тұрғыт Озал көшесі, 70 үй. 8 қыркүйек, 2009 жыл

 

, 2-үлгі

 

Өмірбаян

 

Мен, Сұлтанова Ғалия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында тудым.

Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

1971 жылы Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына бардым.

1981 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түстім.

1986 жылы университетті үздік дипломмен бітірген соң, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылдандым.

1989 жылы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі кафедрасына оқытушылық қызметке ауыстым.

1995 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

1998 жылы доцент атағын алдым.

Отбасым бар. Жолдасым – Бекжанов Берік Бексұлтанұлы, 1961 жылы туған, «Рауан» акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Ұлым – Бекжанов Нұрлыбек Берікұлы, 1987 жылы туған, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетінің 4 курс студенті. Қызым – Бекжанова Данагүл Берікқызы, 1989 жылы туған, Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №161 қазақ гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Қазақ, орыс тілдерін жетік білемін. Аудармамен кәсіби деңгейде айналысамын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын, көркем әдебиет оқимын. Әскери қызметке міндетті емеспін.

Мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 21 үй, 57 пәтер. 23 қаңтар, 2010 жыл

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өмірбаян нешінші жақта жазылады?
  2. Өмірбаянның қанша түрі бар?
  3. Өмірбаянның қызметі мен ерекшеліктерін айтыңыз?
  4. Өмірбаянның түйіндемеден айырмашылығы неде?
  5. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?

 

 

Тілдік бірліктер:

 

•    ұлтым

•    жылдар аралығында

•    Алтын белгі

•    ата-анам

•    еңбек (соғыс) ардагері

•    әскери борышымды өтедім

•    бойдақпын

•    үздік мұғалім

•    қызметкер

•    кәсіпкер

•    І орын алдым

•    ….. жылы ….. институтының…….. факультетіне күндізгі бөлімге түстім

•жылы жұмысқа тұрдым

•    ….. жылы…….. қаласындағы (облысындағы, ауданындағы, ауылындағы),

№…… орта мектепке бардым

•жылы басқа жұмысқа ауыстым

•    ….. ж……… байқауда бірінші орын иелендім

•    «Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алдым

•    1992 жылы университетке оқуға түсіп, 1998 жылы үздік дипломмен бітірдім

•    1998-2000 жж. аралығында аспирантурада оқыдым

•    2001 ж. кандидаттық диссертация қорғадым

•    №……. мектепке жұмысқа тұрдым

•    анам – мұғалім

•    әкем – зейнеткер

•    аяқталмаған жоғары білім

•    әскери атағым

•    әскери міндетті емеспін

•    еңбек өтілім

•    ғылыми дәрежем

•    ғылыми еңбектерім

•    диплом бойынша мамандығым

•    екі балам бар

•    екінші білім алдым

•    жеделдетілген бөлімге түстім

•    институтты ….. жылы……. мамандығы бойынша бітірдім

•    кәсіптік техникалық училищеге түстім

 

 
   

 

•  кешкі бөлімге түстім

•  күндізгі бөлімге түстім

•  компьютер курсын бітірдім

•  Қазақстан Республикасының азаматымын

•  қызмет – ….. ….. №……… мектептің 6 сынып оқушысы

•  мемлекеттік марапаттарым бар

•  мемлекеттік сыйлық алдым

•  орта мектепті……. жылы бітірдім

•  сырттай бөлімге түстім

•  тапсырмаларды табысты орындағаным үшін

•  тұрмыс құрғанмын

•   тұрмыс құрмағанмын

•   училищені бітіргеннен кейін

•   ұлым ….. ….. №…….. мектептің 3 сынып оқушысы

•   үйленбегенмін

•   үйленгенмін

 

  • жаттығу. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіз.

Үлгі:

  • Сіз қазақша жаза аласыз ба?
  • Жаза аламын.
  • Иә, ол қазақша жаза алады.

 

  1. Сіз ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізе аласыз ба?
  2. Сіз қазақша еркін сөйлей аласыз ба?
  3. Сіз маған өмірбаян жазуға көмектесе аласыз ба?
  4. Сіз компьютерде жұмыс істей аласыз ба?
  5. Сіз менің сұрағыма жауап бере аласыз ба?
  6. Сіз іссапарға бара аласыз ба?
  7. Сіз ертең жұмысқа келе аласыз ба?
  8. Сіз өмірбаян жаза аласыз ба?
  9. Сіз мәтінді дұрыс оқи аласыз ба?
  10. Сіз бүгін кешкі жаңалықтарды тыңдай аласыз ба?
  11. Сіз мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудара аласыз ба?

 

  • жаттығу. Сұхбат мазмұны бойынша қажетті сөздерді (сұрақтарды) толтырыңыз.

Тілші: – Сәлем, Айша. Менің интервью алғаныма қарсы емессің ғой деп ойлаймын.

Айша: – Әрине, қарсы емеспін. Мен сенің сұрақтарыңа қуана жауап беремін.

 

Тілші: – Онда бірінші сұрағым. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Айша: – Талдықорған қаласынанмын.

Тілші: – Сіз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Айша: – Иә, тұрмыстамын. Екі балам бар.

Тілші: – Кешір, ал . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Айша: – Иә, менің ағам, сіңлім бар.

Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Айша: – Олар әлі кішкентай. Саябаққа барғанды ұнатады.

Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Айша: – Иә, олар Талдықорғанда тұрады. Әкем де, шешем де зейнет- кер.

 

  • жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
  1. Сіздің аты-жөніңіз кім?
  2. Сіз қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз?
  3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай?
  4. Сіздің біліміңіз қандай?
  5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз?
  6. Сіздің мамандығыңыз қандай?
  7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз?
  8. Қазір қайда жұмыс істейсіз?
  9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз?
  10. Қай тілде еркін сөйлейсіз?
  11. Әскери қызметке міндеттісіз бе?
  12. Қандай әскери атағыңыз бар?

 

  • жаттығу. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне аударыңыз. (Үлгіден алыңыз).

 

Автобиография

 

Я, Исаев Марат Болатович, родился 1 сентября 1974 года в селе Талас. Мой отец – Исаев Болат, работает экономистом. Моя мать – Исаева Алия, домохозяйка.

С 1990 года по 2001 год я учился в средней школе №1. Был редактором школьной стенгазеты. В школе увлекался математикой, принимал участие в олимпиадах. Занимался спортом.

В 2002 году поступил в МАБ. В настоящее время являюсь студентом 2 курса Международной Академии Бизнеса.

 

18.02.2004.

 

ç Тапсырмалар:

  1. 3-жаттығудағы сұрақтарды пайдалана отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
  2. Ағаңыздың «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Осыған байланысты өмірбаян жазуға ағаңызға көмектесіңіз.
  3. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне аударыңыз (Үлгіден алыңыз).

h Сөздік және сөз тіркестері:

туу ұлты білімі

жоғары білім орта білім арнайы орта оқу

оқу орны түсу бітіру үйлену

тұрмысқа шығу жұмыс істеу ауысу

ата-ана мұғалім оқытушы отбасы жұбайы ажырасқан міндетті

әскери қызметке міндеттімін әскери қызмет

қызметі қызметкер маман мамандық бөлім бірлестік

әкімшілік

–  родиться

–  национальность

–  образование

–  высшее образование

–  среднее образование

–  средне-специальное

–  учиться

–  учебное заведение

–  поступать

–  закончить

–  жениться

–  выйти замуж

–  работать

–  перейти

–  родители

–  учитель

–  преподаватель

–  семья

–  супруг (супруга)

–  разведен

–  обязан

–  военнообязанный

–  воинская служба

–  должность

–  сотрудник

–  специалист

–  специальность

–  отдел

–  объединение

–  администрация

 

акционерлік коммерциялық

қосымша мәліметтер

–  акционерный

–  коммерческий

–  дополнительные сведения

….. жылы ….. институтының …..

факультетіне күндізгі бөлімге түстім

– в ….. году поступил(а) в……. инс-

титут на факультет…… дневное от-

деление

….. жылы жұмысқа тұрдым

– в … году устроилась (ся) на работу

….. жылы……. қаласындағы

(облысындағы, ауданындағы, ауылындағы), №….. орта мектепке

бардым

– в……. году пошел(а) в среднюю

школу №…… города (области, райо-

на, села) ….. .

….. жылы басқа жұмысқа ауыстым

– в……. году перевелся(ась) на дру-

гую работу

….. жылы……. атты байқауда бірінші

орын иелендім

– в……. году занял(а) первое место в

конкурсе …..

«Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алдым

– получил(а) звание «Заслуженный деятель культуры»

1992 жылы университетке оқуға түсіп, 1998 жылы үздік дипломмен бітірдім

– в 1992 году поступил(а) на учебу, в 1998 году с отличием окончил(а) университет

1998-2000 жж. аралығында аспиран- турада оқыдым

– в период 1998-2000 гг. обучал(ась) ся в аспирантуре

2001 ж. кандидаттық диссертация қорғадым

– в 2001 году защитил(а) кандидат- скую диссертацию

№……. мектепке жұмысқа тұрдым

– устроил(ась)ся на работу в школу

№ …..

анам – мұғалім

– мать – учительница

аяқталмаған жоғары білім

– неоконченное высшее образование

әкем – зейнеткер

– отец – пенсионер

әскери атағым бар

– имею воинское звание

әскери міндетті емес

– невоеннообязанный

ғылыми дәрежесі

– научная степень

ғылыми еңбектері

– научные труды

диплом бойынша мамандығы

– специальность по диплому

екі балам бар

– имею двоих детей

екінші білім алдым

– получил(а) второе образование

еңбек өтілі

– стаж работы

жеделдетілген бөлімге түстім

– поступил(а) на ускоренное отде- ление

 

жоғары білімі жоқ

– нет высшего образования

институтты ….. жылы …..

мамандығы бойынша бітірдім

– закончил(а) институт по специаль- ности …..

кәсіптік техникалық училищеге түстім

– поступил в профтехучилище

кешкі бөлімге түстім

– поступил(а) на вечернее отделение

күндізгі бөлімге түстім

– поступил(а) на дневное отделение

компьютер курсын бітірдім

– закончил(а) компьютерный курс

Қазақстан Республикасының азаматы

– гражданин Республики Казахстан

қызым – ….. ….. №……… мектептің 6

сынып оқушысы

– дочь…………. ученица 6 класса шко-

лы № …..

мақтау қағазымен марапатталдым

– награжден(а) Похвальной грамо- той

мемлекеттік марапаттарым бар

– имею государственные награды

мемлекеттік сыйлық алдым

– получил(а) Государственную премию

орта мектепті……. жылы бітірдім

– закончил(а) среднюю школу в …..

году

сырттай бөлімге түстім

– поступил(а) на заочное отделение

тапсырмаларды табысты орындағаным үшін

– за успешное выполнение заданий

тұрмыс құрғанмын

– замужем

тұрмыс құрмағанмын

– не замужем

училищені бітіргеннен кейін

– по окончании училища

жынысы

– пол

ұлым ….. ….. №…….. мектептің

3 сынып оқушысы

– сын…………. ученик 3 класса школы

№ …..

үйленбегенмін

– не женат

үйленгенмін

– женат

Орынғазы Әбутәліп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *