Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.
Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. “Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорын- дарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Са- уатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады. Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі.
Жалпы тәжірибеде түйіндеме екі түрде жазылады. Бірінші – құжат атауы А-4 қағазының ортасына қою қара әріппен жазылады. Екінші – құжат атауы көрсетілмейді, үміткердің аты-жөні А-4 қағазының ортасы- на қою қара әріппен жазылады.
Түйіндемеде үміткердің «Түйіндеме құрылымында» көрсетілген мәліметтер беріледі.
6 Құрылымы:
- Құжат атауы.
- Үміткер туралы толық мәлімет: (аты-жөні, туған жылы, күні, айы, туған жері, ұлты, жынысы, отбасы жағдайы, азаматтығы).
- Мекенжайы, телефондары, электрондық пошта (e-mail).
- Үміттеніп отырған орны.
- Білімі, бітірген оқу орындары.
- Мамандығы.
- Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі.
- Ғылыми атағы, дәрежесі.
- Жетістіктері.
- Тілдерді білуі.
- Компьютерді білуі.
- Жеке қасиеттері.
- Қызығушылығы.
- Қосымша ақпараттар.
- Ұсыным хат немесе кепілдеме.
õ Түйіндеменің ерекшеліктері:
- үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі;
- бір мезгілде бірнеше жұмыс орнына өткізуге болатындығы.
Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеме 3-ші жақта жазылады.
Түйіндеме берудің екі түрлі тәсілі бар:
- 1-ші хронологиялық;
- 2-ші функционалдық.
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай «кері хронологиялық» ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады.
Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Бірақ, мұнда да жұмыс өтілі «кері хронологиялық» ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1980-2010 жылдар аралығында №107 мектепте І, ІІ, ІІІ, ІV дәрежелі математика пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды».
Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.
Түйіндеме жазу барысында сізді жұмысқа қабылдайтын басшыға түйіндемені оқып шығуға ыңғайлы болуы үшін түйіндеме құрылымының сол жақ бағаны қою қара әріптермен айқын көрсетілгені дұрыс.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін, онда: сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек.
Түйіндеме жазудағы сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты на-
зарда болуы керек. Мысалы, сіз менеджер болып орналасқалы келсеңіз: түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, ұйымдастырушылық қабілетіңіздің жоғарылығы, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз, тапқырлығыңыз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы керек.
Ескерту!
Түйіндемеде сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.
Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып, түйіндеменің қолжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы – ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?
Егер ғылыми дәрежеңіз болса, оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, «техника ғылымдарының кандидаты», «педагогика ғылымдарының магистрі» т.б.
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.
Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.
Жеңіл машина немесе көліктің басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, «не, қайда, қашан»
екендігі жазылады.
, 1-үлгі
ТҮЙІНДЕМЕ |
|
Аты-жөні: |
Асанова Арай Болатқызы |
Туған күні, айы, жылы: |
11.09.1990 ж. |
Туған жері: |
Алматы қаласы |
Ұлты: |
қазақ |
Жынысы: |
әйел |
Отбасы жағдайы: |
тұрмыс құрмаған |
Азаматтығы: |
Қазақстан Республикасы |
Мекенжайы, телефоны, e-mail: |
С.Сейфуллин даңғылы, 179 үй; 87015559577; asanova@mail.ru |
Үміттеніп отырған орны: |
АТФ банкі. Менеджер |
Білімі: |
жоғары |
Бітірген оқу орындары: |
2005-2009 жж. Алматы қаласы, Халықаралық Бизнес Академиясы |
Мамандығы: |
экономика |
Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі: |
жоқ |
Ғылыми атағы, дәрежесі: |
жоқ |
Жетістіктері: |
2002 ж. Алматы қаласы, Облыстық олимпиада, 1 орын (математика пәні). 2003 ж. Алматы қаласы, Республикалық олимпиада, 2 орын (математика пәні). |
Тілдерді білуі: |
қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – жетік, ағылшын тілі – орташа |
Компьютерді білуі: |
Microsoft Word, Exell |
Жеке қасиеттері: |
жауапты, тиянақты, ұқыпты |
Қызығушылығы: |
кітап оқу, музыка тыңдау, сурет салу |
Қосымша ақпараттар: |
автокөлік жүргізе алады |
Ұсыным хат немесе кепілдеме: |
Ұсыным хат қосымшада тіркелген |
, 2-үлгі
|
ТҮЙІНДЕМЕ |
Аты-жөні: |
Асанова Арай Болатқызы |
Туған күні, айы, жылы: |
11 қараша, 1990 жыл |
Туған жері: |
Алматы қаласы |
Ұлты: |
қазақ |
Жынысы: |
әйел |
Отбасы жағдайы: |
тұрмыс құрған |
Азаматтығы:
|
Қазақстан Республикасы |
Мекенжайы, телефоны, e-mail: |
Астана қаласы, Самал ауданы, 870164477555; arai@mail.ru |
Үміттеніп отырған орны: |
АТФ банкінің вице-президенті |
Білімі: |
жоғары |
Бітірген оқу орындары: |
2009-2011 жж. Канада, Калгари қаласы, Калгари техникалық институты. Магистратура; 2005-2009 жж. Алматы қаласы, Халықаралық Бизнес Академиясы Бакалавр. |
Мамандығы: |
менеджмент |
Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі: |
2016-2020 жж. Астана қаласы, Халық банкі АҚ, бөлім бастығы; 2013-2016 жж. Астана қаласы, Халық банкі АҚ, бас менеджері; 2011-2013 жж. Алматы қаласы, АТФ банкі АҚ, менеджер. |
Ғылыми атағы, дәрежесі: |
экономика ғылымдарының кандидаты |
Жетістіктері: |
2018 ж. «Банктің үздік қызметкері» |
Тілдерді білуі: |
қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – жетік |
Компьютерді білуі: |
Microsoft Word, AutoCad, Turbo Pascal, C++, Power Point, Internet, Exell, Photoshop, Corel DRAW. |
Жеке қасиеттері: |
жауапты, ұқыпты, еңбекқор |
Қызығушылығы: |
кітап оқу, спорт, музыка, саяхат |
Қосымша ақпараттар: |
автокөлік жүргізудің «А, Д» категориялары |
Ұсыным хат немесе кепілдеме: |
Ұсыным хат қосымшада тіркелген. |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Түйіндеме қандай жағдайда жазылады?
- Түйіндеме нешінші жақта жазылады?
- Түйіндеменің қызметі мен ерекшелігі қандай?
- Түйіндеменің қандай жазылу тәсілдері бар?
Тілдік бірліктер:
• ұлты • жынысы • мекенжайы • отбасы жағдайы • азаматтығы • білімі • мамандығы • еңбек өтілі • тілдерді білуі • компьютерлік сауаттылығы • ғылыми атағы, дәрежесі • жетістіктері • жеке қасиеттері • қызығушылығы • кепілдеме • ұсыныс хат • әйел • ер • тұрмыс құрған • тұрмыс құрмаған • күйеуге шыққан • күйеуге шықпаған • үйленген • үйленбеген • бойдақ • жоғары • орта • арнайы орта |
• бөлім бастығы • сәулетші • дәрігер • бас есепші • құрылысшы • инженер • технолог • жүргізуші • тәрбиеші • меңгеруші • орынбасары • бас менеджер • ана тілі • еркін • жетік • сөздікпен • жауапты • ұқыпты • еңбекқор • ұйымдастырушылық қабілеті • тез тіл табысады • адамгершілігі мол • кітап оқу • спорт • музыка • саяхат • саятшылық • әдеби кітап оқу |
- жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Азаматтығы туралы мәлімет, тілдерді білуі, жұмыс тәжірибесі, қысқа әрі нақты, жұмысқа орналасу, компьютерді білуі, ұйымдастырушылық қабілеті, алға қойған міндеттері, спортқа қатысы, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылыми дәрежесі.
- жаттығу. Сұхбатпен танысыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
- Арман, маған көмектесіп жіберші.
- Қандай көмек керек, Әсел?
- «Мұнайгаз» компаниясында конкурстық негізде қабылдайтын хатшы-референттің бос қызмет орны бар екен. Мен сол конкурсқа қатысайын деп едім. Соған түйіндеме дайындау керек.
- О-о, бұл өте жақсы ғой. Түйіндемеде өзің туралы мәліметтерді толық, бірақ нақты етіп беруге тырыс.
- Міне, жазған түйіндемемді көріп жіберші, өзім туралы жалпы ақпараттарды толық берген сияқтымын. Тағы не қосуға болады?
- Сен өзіңнің жеке қасиеттеріңді көрсетпепсің. Бұл өте маңызды.
- Сен қалай ойлайсың? Қандай жеке қасиеттерімді жазуға болады?
- Әсел, сенің бойыңда жақсы қасиеттер өте көп қой! Мы- салы: жауаптысың, ұжыммен жұмыс істей білесің, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілетің де бар. Меніңше, осы жақсы қасиет- теріңнің бәрін жазуың керек.
- Көмегіңе рахмет, Арман.
- Оқасы жоқ.
- жаттығу. Сұхбат бойынша сұрақтардың жауабын жазыңыз.
- Конкурс жариялаған қандай компания?
- Қандай бос қызмет орнына конкурс жариялаған?
- Арман Әселдің қандай жақсы қасиеттерін атап өтті?
- жаттығу. Мәтін бойынша түйіндеме жазыңыз.
Аты-жөніңіз… Жасыңыз 29-да. Орал қаласында дүниеге келдіңіз. Заң және сыртқы экономикалық байланыс саласында жалақысы жоғары қызмет іздеп жүрсіз. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін әлемдік эконо- мика мамандығы бойынша бітірдіңіз. «Синтез-А» Ашық акционерлік қоғамында қызмет істедіңіз. Ана тіліңіз – қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін өте жақсы білесіз. Отбасыңыз бар. Сіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңіз: тез тіл табыса білу, жауаптылық, ұйымдастырушылық қабілет. Мекенжайыңыз…
ç Тапсырмалар:
- Салық полициясы комитетіне «программист» ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.
- «Каспий» банкіне «қаржыгер» болып орналасу үшін түйіндеме жазыңыз.
- «Алматы қаласының «Алматы ақшамы» газетінің редакциясына
«тілші» қызметіне үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.
- Балабақшаға «тәрбиеші» болып орналасу үшін түйіндеме жазы- ңыз.
- М.Мақатаевтың «Менің анкетам» өлеңін жаттау. Орынғазы Әбутәліп