РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАР СТИЛІ

Анықтамасы:

«Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу норма- сын көздейді.

Қазақ әдеби тіл стильдері:

  1. Ауызекі сөйлеу стилі
  2. Көркем әдебиет стилі
  3. Публицистикалық стиль
  4. Ресми ісқағаздар стилі
  5. Ғылыми стиль

 

  1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі

Орны:

күнделікті қарым-қатынас

Мақсаты:

тіл табысу

Сипаты:

қарапайым

Тілдік құралы:

одағай, оқшау сөз

  1. Көркем әдебиет стилі

Орны:

көркем шығарма, айтыс, спектакль

Мақсаты:

адамның сезіміне әсер ету, образды ойлауға үйрету

Сипаты:

образды, көркем

Тілдік құралы:

ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер,

эмоционалды-экспрессивті сөздер

  1. Ресми ісқағаздары стилі

Орны:

ресми ісқағаздары, ресми кездесулер

Мақсаты:

іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат

беру

Сипаты:

қысқа да нұсқа

Тілдік құралы:

ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер,

терминдер, қалыпты тіркестер

  1. Публицистикалық стиль

Орны:

газет, журналдар, теледидар, радио (БАҚ құралдары)

Мақсаты:

ақпарат, хабар тарату, қоғамдық пікір туғызу

Сипаты:

пафосты, ұранды, экспрессивті

 

Тілдік құралы:

термин, кәсіби сөздер, тұрақты тіркестер, әдеби

орамдар, экспрессивті сөздер

  1. Ғылыми стиль

Орны:

ғылыми еңбектер, конференциялар, диссертациялар,

монографиялар

Мақсаты:

білім беру, білім тарату

Сипаты:

дәлелді, дәйекті

Тілдік құралы:

терминдер, тура мағынадағы сөздер, кәсіби сөздер

õ Ресми немесе ісқағаздар стилінің ерекшелігі: онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Ісқағаздарындағы мәлімет қысқа, нақты және белгілі бір ізбен жүйелі жазылуы тиіс.

 
   

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.

Ресми ісқағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, «адам» деген сөзді алатын болсақ:

Ресми құжаттарда – азамат, жолдас. Телефон станциясында – абонент.

Ательеде – тапсырыс беруші. Шаштаразда – клиент.

Ауруханада – науқас.

Шипажайда (санаторийде) – демалушы, тынығушы. Көлікте (транспортта) – жолаушы т.б. болып табылады.

 

ç Тапсырмалар:

Ауызекі сөйлеу стилінде Аружан анықтама алды десек, ісқағаздары стилінде Бектаева Аружанға анықтама берілді деп жазылады. Мысалы, тілдің бірнеше стилінде дерлік қолданылатын өмірбаянға тоқталайық. Төменде көрсетілген өмірбаянның ерекшеліктеріне қарай қайсы нұсқасы қандай стиль түріне жататы- нын табыңыз.

 

«А» нұсқасы

Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде ту- ыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.

Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.

Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, патшам кім… табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін ондайды ұнатпасам да, ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар болған сияқтымын, жылауық болмаппын.

«Ә» нұсқасы

Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайым- ды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жазаның құрбаны болды. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.

Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін жетілдіру үшін М.Горький атындағы Әдебиет инс- титутында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хи- каясы бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тіліне, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.

Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүниежүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгерлердің бірі.  Жазушы  бейне-  леген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан

бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.

Орынғазы Әбутәліп

Один комментарий к “РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАР СТИЛІ”

  1. Екіншісі, іс қағаздар стиль. Себебі ол жерде адамның өміріне қатысты іс қағаздар бөліміне жатып тұр. Оның ішінде өмірбаян, анықтама, жеке іс парағы жазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *