ІСҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ

 

 

Ісқағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, форма- сына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.

Ісқағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. 1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

  • ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.
  • ші топ. Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.

 

Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздары

Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін ісқағаздары

Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты ісқағаздары

Түйіндеме Өмірбаян Жеке іс парағы Өтініш

Арыз Мінездеме Кепілдеме

Визит карточкасы Анықтама Жеделхат

Қолхат Кепілхат Сенімхат Өтінім Тапсырыс Келісімшарт Шарт

Еңбек шарты Еңбек келісімі

Хаттама Қызметтік хаттар Хабарландыру Бұйрық

Жарлық Үкім Өкім Жарғы Ереже Қаулы Шешім

Формасына қарай:

  • Типтік;
  • Трафареттік;
  • Еркін мәтінді болып бөлінеді.
  1. Типтік ісқағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жа- зылатын ісқағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.

 

  1. Трафареттік ісқағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала баспаханалық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды ай- тамыз. Мәтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын рас-

 

тайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, тегі, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі баспаханалық әдіспен басылып, алдын ала дайындалады.

 

  1. Еркін мәтінді ісқағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша жа- зылмайтын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді ісқағаздарын безендіруде де жалпы ісқағаздарына қойылатын талаптар сақталады.

 

Қолданылу орнына қарай:

  • Мекемеішілік;
  • Мекемеаралық;
  • Мемлекеттік;
  • Халықаралық болып бөлінеді.

Шығу, жасалу сатысына қарай:

  • түпнұсқалық;
  • көшірмелік болып бөлінеді.

Түпнұсқалық ісқағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.

 

Ал көшірмелік ісқағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. М: Көшірмелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді т.б.), дубликатын жатқызуға болады.

 

Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.

 

Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.

 

Кез келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруге құқы бар. Құжат көшірмелерінің көшірме екендігі расталып, қол қойылып, мөр басылғанда ғана заңды күші бар.

Орынғазы Әбутәліп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *