Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары, категориялары. Тәрбие – қоғамның кеәінгі ұрпақтарда ӛзін қайта кӛрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық қызмет іске асырылатын объективті шындықтың жақтары, педагогиканың нысаны болады. Педагогиканың салалары, зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен ӛзара байланысы. Жалпы педагогика – адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педагогика тӛрт бӛлімнен тұрады. 1) оқу-тәрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тәрбие теориясы; 4) мектеп тану.