Сабақ – қазіргі оқытуды ұйымдастырудың басты формасы. Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі.


Мақсаты: Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың басты формасы сабақ туралы теориялық
түсінікті толықтыру, білімді бекіту.
Жоспар:
1. Бүгінгі мектептегі оқытудың негізгі формалары.
2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы, оның типтері.
3. Оқытудың өзге түрлері, құрылымдық ерекшеліктері.
4. Оқытудағы оқушының өз бетінше білім алу белсенділігіне негізделген танымдық
жұмыс формалары.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Тапсырмалар:
1. Сызбадағы сабақ типологиясына деген әр түрлі ұсыныстар немесе әдістер бар.
Олардың бір бірінен айырмашылығы неде? Сіз, оның ішінде қайсысын едәуір
жетілдірген деп ойлайсыз? Өзіңіздің таңдағаныңызды дәлелдеп беріңіз.
2. Үздіксіз педагогикалық машық кезінде бекітілген сыныбыңыздағы бірнеше сабаққа
қатысып, мына төменгі сызба бойынша хаттамасын жасаңыз:
Хаттама
Күні____________________________________________________
Мектеп, сынып___________________________________________
Мұғалімнің аты-жөні______________________________________
Жұмыс өтілі______________________________________________
Пәні_____________________________________________________
Тізім бойынша оқушылар саны_________Қатысушы саны_______
Нешінші сабақ______________________Өткізілген орны________
Сабақтың мақсаты дидактикалық ____________________________
Тәрбиелік_________________________________________________
Дамытушылық_____________________________________________
Сабақ уақыты Сабақ кезеңдері Іс-қимыл әрекеті Сіздің ойыңыз,
қорытындыңыз
немесе
ескертулеріңіз
Мұғалімнің Оқушының
3. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін талдап, олардың мектеп практикасында
қандай сабақтың типін үлгі тұтатынын анықтаңыздар.
4. Өздеріңнің оқытушылық жеке тәжірибелеріңе ретроспективтік талдау жүргізіп,
сабақ типінің қайсысын көп қолданатындықтарыңды анықтаңдар.
5. Мұғалімнің сабаққа даярлығының тактикалық және стратегиялық алгоритмін
жасаңыз.
6. Саяхаттың сабақтан айырмашылығы қандай?
7. Пікірсайыс тақырыптары:
 Қандай сабақты жақсы деп айтуға болады: ең тиімді, ең қызықты. Не себепті?
 ХХ ғ. мен ХІХ ғасырдың басындағы сабақтардың басты айырмашылығы неде?
8. Сабақтың дәстүрплі емес 5-7 түрін сипаттаңыз.
— аукцион;
— брейн-рейнг;
— пресс-конференция;
— сот;
— іскерлік ойын.
Блиц-тест:
1. Сыныптық-сабақтық жүйенің теориялық негізін жасаған:
A) Я.А.Коменский.
B) К.Д.Ушинский.
C) Дж. Локк.
D) И.Ф.Гербарт.
E) А.Дистервег.
2. Қабілеттеріне, дайындық дәрежесіне және интеллектуалдық даму деңгейіне
байланысты оқушыларды сыныптарға бөлу – ол:
A) Маннгейм жүйесі.
B) Белл-Ланкастер жүйесі.
C) Дальтон-план.
D) Трамп жоспары.
E) сыныптық-сабақтық жүйесі.
3. Қазіргі заманғы мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы:
A) Экскурсия.
B) Үйірмелер.
C) Сабақ.
D) Консультация.
E) Үйдегі оқу жұмысы.
4. Оқытуды ұйымдастыру формасына жатпайды:
A) Сабақ.
B) Экскурсия.
C) Семинар.
D) Факультатив сабақ.
E) Бақылау.
5. Сабақта оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру формалары:
A) Дербес, топтық және жаппай оқыту.
B) Проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту.
C) Дербес, топтық және фронтальді.
D) Дидактикалық ойындар, конференция-сабақ.
E) Жаттығу.
6. Сабақтың негізгі белгілері:
A) Оқушылардың тұрақты құрамы, бір пәнге арналуы, арнайы кесте бойынша жүруі.
B) Арнайы бөлмеде өтуі, оқу құралдары болуы.
C) Сабақтың 45 минут жүруі.
D) Мұғалімнің басшылығы, оқудың практикамен байланысы.
E) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерінің шешілуі.
7. Бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған сабақ элементтерінің
жиынтығы:
A) Оқыту әдістері.
B) Оқыту тәсілдері.
C) Сабақ құрылымы.
D) Сабақта қолданылатын оқыту құралдары.
E) Дидактикалық міндеттер.
8. Сабақ түрін анықтаудың кең тараған жолы:
A) Дидактикалық мақсатына байланысты.
B) Оқыту мақсатына жетуге кеткен уақытқа байланысты.
C) Мұғалім іс-әрекетінің сипаты.
D) Оқушы іс-әрекетінің сипаты.
E) Оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру сипатына байланысты.
Әдебиеттер:
1. Рыжов В.Н. Дидактика .Москва,2004
2. Құлшанова С.Мектеп педагогикасы. Алматы 2005
3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен
технологиясы Алматы, 2005
4. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А., 2004
5. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Алматы,2000.
6. Е.Сағындықұлы. Педагогика «Дәстүр курсы»). – Алматы,1999.
7. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер
студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006
8. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері.
А., 1991
9. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.
10. К. Ж. Кожахметова. Сынып жетекшісі. – Алматы: Әлем, 2000.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *