Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің мазмұныны мен мәні туралы теориялық білімдерін
толықтыру, бекіту.
Жоспары:
1. Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесі.
2. Отбасы тәрбиесінің психологиялық- педагогикалық негіздері.
3. Отбасы, мектеп және социумның тұлға қалыптасуындағы өзара байланысы.
4. Қазақ отбасы тәрбиесінің мазмұны, ерекшелігі.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Тапсырма:
1. Нарықтық қатынасқа байланысты бала тәрбиесінде отбасының алар орнын қалай
бағалар едіңіз?
2. Отбасындағы дұрыс тәрбиенің жалпы шарттарын атап көрсетіңіз. Бұл шарттарды
бұзу балаларды тәрбиелеуге зиянын тигізетінін дәлелдеп беріңіз.
3. Мектеп пен отбасының бала тәрбиесі жөніндегі байланысын қалай жандандыруға
болады.
4. Халық педагогикасының кейбір талаптарын бүгінгі педагогикалық талаптармен
ұштастыра қолдану бала тәрбиемінің жақсаруына ықпал етеді деп ойлайсызба.
Блиц-тест:
1. Отбасы, бұл:
A. Тұлғаның негізін қалайтын алғашқы құрылымдық бірлік.
B. Туысқандық жағынан негізделген, мүшелері бір-бірімен өзара байланысты шағын
топ.
C. Екі адамның некесі.
D. Барлық қарым-қатынастарда адам тұтастай көрінетін құрылым.
E. Талаптарды қанағаттандыруға арналған адамдардың әлеуметтік-педагогикалық
тобы.
2.Отбасының функциясы:
A. Эвристикалық
B. Зерттеушілік
C. Қалыптасыру
D. Репродуктивтік
E. Қызметтік
3.Отбасы мен мектепті байланыстыту формасы
A. Концерт
B. Кездесу
C. Кітап оқу
D. Ән айту
E. Ата-аналар жиналысы
4. А.С.Макаренконың отбасында тәрбиелеу туралы кітабы:
A. Үйреншікті емес бала
B. Ата-аналар үшін кітап
C. Аналар мектебі
D. Эмиль немесе тәрбие туралы
5. Отбасында балаларды тәрбиелеу жүйесі сипатталады:
A. Баланың тұлғасын қалыптастыру үшін жағдай жасаумен
B. Балаларды талдау және тәртіппен
C. Моральдық және мадақтаумен
D. Ата-аналар тәжірибесін тапсырумен
E. Тұрақты және уақытша тапсырмалармен
6. Мектепке дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеу жөнінде бірінші басшылық
берген кім?
А. Ж.Руссо
В. Я.Коменский
С. К.Ушинский
Д. И.Песталоцци
7. Отбасында тәрбиелеу мәселері жөніндегі Я.А.Каменскийдің әйгілі кітабы
қайсысы?
А. «Ұлы Дидактика»
В. «Колллективтің құдіретті күші»
С. «Балаға жүрек жолы»
Д. «Ана мектебі»
8. Отбасы педагогикасын дамыту ісіне үлкен үлес қосқан кім?
А. И.Песталоцци
В. К.Ушинский
С. Ж.Руссо
Д. Н.Крупская
9. Мектеп пен отбасының бірлесе жүргізетін жұмысының маңызды түрі:
А. Сынып сағаттары
В. Үйірмелер
С. Ата – аналар жиналысы
Д. Сыныптан тыс жұмыстар
10. Қай құжатта ана мен баланың ерекше қамқорлық күтуіне құқығы бар деп
жазылған?
А. ҚР Конституциясында
В. «Білім туралы» Заңда
С. Адам құқығы туралы Декларацияда
Д. Бала құқығы туралы Конвенцияда
11. Ата-аналар мен жеке жұмыс істеудің кең тараған және тиімді түрі?
А. Оқушының отбасына барып тұру
В. Ата – аналар жиналысын өткізу
С. Отбасымен байланысты сынып сағаттары
Д. Үйірмелерде
12. Оқушыларды тәрбиелеудің алғашқы ұясы
А. Мектеп
В. Отбасы
С. Балабақша
Д. Көпшілік орындар
13. Өте нәзік тікелей немесе жанама түрде жеке адамға әсер ететін, тежейтігн
әдістердің бірі:
А. Жазалау
В. Көрнекілік
С. Ымдау
Д. Ойын
14. Халық педагогикасындағы жазалау әдісінің тәсілдерін көрсет:
А. Көрсету
В. Ұрсу, сегу,қорқыту
С. Үлгі, өнеге
Д. Дұрыс жауабы жоқ
15. К.Д. Ушинский кімдерді тәрбиені нәзік түсінетін «табиғи педагогтар» деп
санады?
А. Мұғалімдерді
В. Аталар мен әжелерді
С. Әкелер мен аналарды
Д. Тәрбиешілерді
Глоссарий:
Отбасы– бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі
сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды.
Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы
қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жеке тұлғаның қалыптасуында отбасы тәрбиесінің ролі қандай?
2. Отбасы тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. –Алматы,2000.
3. Е.Сағындықұлы.Педагогика «Дәстүр курсы). – Алматы,1999.
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер
студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006
5. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері.
А., 1991
6. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.
7. К. Ж. Кожахметова. Сынып жетекшісі. – Алматы: Әлем, 2000.