Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидалары (ұстанымдары)

.
Мақсаты: Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні және тәрбиенің заңдылықтары
мен қағидалары туралы теориялық білімдерді толықтыру, бекіту.
Жоспары:
1. Мектеп – жеке тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік институты ретінде.
2. Бүгінгі тәрбиенің мәні, сипаты және оның ерекшеліктері. Қазақ отбасы тәрбиесінің
мазмұны, мәні.
3. ҚР-дағы тәрбие бағдарламалары мен тұжырымдамалары.
4. Оқушылар тұлғасын тәрбиелеу жұмыстарының мазмұны, міндеттері.
5. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидалары (ұстанымдары).
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Тапсырма:
1. «Тәрбие» ұғымының мәнін ашыңыз
2. Ағартушы-ғалымдардың тәрбие мақсаты туралы ой-пікірлеріне жазбаша орындаңыз
(ғалымдардың суреті таратылады)
3. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидаларын (ұстанымдары) кесте құру арқылы
орындыңыз.
Блиц-тест:
1. Тәрбиенің басты мақсаты – бұл :
А. Еңбек етуге керекті білім беру;
В. Кәсіптік бағдар беру;
С. Тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын, рухани және дене қабілетін қалыптастыру, әр
жақты, жарасымды етіп тәрбиелеу;
D. Дені сау, ұлттық сана-сезімі жетілген, ақыл-ой дәрежесі биік, іскер, мәдениетті,
парасатты, игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
2. Дүниетаным дегеніміз не?
А. Адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым- қатынасын, ісәрекеттерінің бағытын анықтайтын көзқарастар жүйесі;
В. Мектепте білім және тәрбие алу барысында тұлғаның ақыл-ойының қалыптасуы,
дамуы;
С. Тұлғаның адамгершілік қасиетінің, сана-сезімінің қалыптасуы;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
3. Тәрбие процесі дегеніміз – бұл :
А. Жеке адам тұлғасын жан-жақты дамыту, үйлесімді қалыптастыру;
В. Адамды өмірге дайындап,қоғамда өз орнын таба білуге, қоғамға пайда келтіріп, өзіне
қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу;
С. Адамның дүниеге ғылыми көзқарасын, рухани және дене қабілетін қалыптастыру, әр
жақты, жарасымды етіп тәрбиелеу;
D. Оқушылардың қазіргі өмірдің барлық саласынан хабардар болуды, өз елінің өткені мен
бүгінгісіне үңіліп, еңбек етуге тәрбиелеу.
4.Тәрбие мақсаты дегеніміз – бұл:
А. Бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру;
В. Жеке адамды жан-жақты дамыту;
С. Баланың имандылық қасиетін дамыту;
D. Адамды өмірге дайындау қажеттілігі.
5. Тәрбие процесінде есепке алынатын басты мәселе:
А. Оқыту процесі және оның компоненттері;
В. Оқушылардың танымдық белсенділігі;
С. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері;
D. Оқушылардың ақыл-ойы мен күш-қуаты.
6. Тәрбие диалектикасы – бұл :
А. Таным теориясынан шығатын оқыту заңдылықтары;
В. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс;
С. Оқыту процесі және оның компоненттері;
D. Еңбек етуге керекті білім беру.
7. Тәрбие принципі дегеніміз не?
А. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасы мен іс-әрекет жүйесі;
В. Тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер,
алғышарттар, талаптар, қағидалар;
С. Адамның нақты іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, ережелер мен талаптар
D. Оқыту процесінде басшылыққа алатын қағидалар.
8. Тәрбие туралы ғылымды анықтауда мына терминдердің қайсысы дәл деп
ойлайсың:
А. Андрогогика (грекше «андрос»еркек, «эгейн» — жетектеуші);
В. Педагогика(грекше «пайс» — бала, «эгейн» — жетектеуші);
С. Антропогогика(грекше «антрос» — адам, «эгейн» — жетектеуші);
D. Дұрыс жауабы жоқ.
9. Дүниеге көзқарас дегеніміз:
А. Дүниенің даму заңдылықтарын,ғылыми негізде танып — білу;
В. Адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуі, оның барлық іс-әрекеттерінің бағытын
бейнелейтін көзқарастар жүйесі;
С. Адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып,жағымсыз қылықтарды
жоюға әрекеттенуі;
D. Педагогикалық мақсатқа жету тәсілдері.
10. Тәрбиенің алдына қандай мақсат қойылады?
А. Білім беру, оқыту, тәрбиелеу;
В. Адамзат қоғамның бай тәжірбиесін меңгеру;
С. Қоғамның болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру;
D. Қиын балаларлы зерттеп, оларға жаңа бағыт беру.
11. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не ?
А. Жеке адамның қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыра отырып, жағымсыз қасиеттерді
жоюға әзірлену;
В. Адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып, жағымсыз қылықтарды
жоюға әрекеттенуі;
С. Өздерін үлкендер қатарына қосуға тырысу;
D. Оқушының зиянды әдеттерін тексеру.
12. Қазақстан Республикасындағы тәрбие беру жұмысы қандай құжатқа негізделген?
А. «Атамекен» бағдарламасына;
В. «Жұлдыз» бағдарламасына;
С. «Кәусар бұлақ» бағдарламасына;
D. «Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу» тұжырымдамасына.
13. Тәрбиенің құрамды бөліктері:
А. Үйрету, жазалау, түсіндіру;
В. Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, эстетикалық экономикалық және дене
тәрбиесі, т.б.;
С. Жаттығу, жарыс, дәріс;
D. Үлгі-өнеге, педагогикалық талап, әңгімелесу.
14.Қайта тәрбиелеу ұғымының сипаттамасы қайсысына сай келеді?
А. Оқушының зиянды әдеттерін тежеу;
В. Кейбір оқушылардың бойындағы зиянды әдет-дағдыларды, қылықтарды тежеп,
адамгершілікке бағыттау;
С. Қиын балаларды жан-жақты зерттеп, жаңа бағыт беру;
D. Баланың имандылық қасиетін дамыту.
15. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс тәжірибиесімен
байланыстылық принципінің мәні:
А. Оқушылардың отбасын құрып, еңбек етуге дайындау;
В. Оқушылардың ақыл-ой күші мен ойлауын дамыту;
С. Жеке адамды жан-жақты дамыту;
D. Оқушының бұлшық етін дамытып, күшін көбейту.
16. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің мақсаты:
А. Қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз жерін, елін қорғай
алатын ұлтжанды, ұлттың намысы биік, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
В. Жастардың денесін шынықтыру, әскер қатарына өз борышын өтей білуге тәрбиелеу;
С. Отанға, өз халқына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
D. Осылардың барлығы.
Глосарий:
Тәрбие – мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны
қалыптастырудағы адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін
кейінгі буынға меңгерту процесі.
Өзін-өзі тәрбиелеудегеніміз – өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіріп және
кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс –әрекеті.
Қайта тәрбиелеу– тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі
ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын
қалыптастыру.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдың (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, ісәрекет барысында көрінетін құбылыс.
Принцип дегеніміз – адамның нақты іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты,
негізгі ережесі.
Түзету– оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу
Мақсат – ол саналы түрде педагогикалық іс-әрекеттің алдын-ала болжамданған нәтижесі,
бір нерсеге ұмтылу, іске асыру.
Қайта тәрбиелеу – тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен ісәрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға
сапаларын қалыптастыру.
Қайта тәрбиелеу – тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің,
түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі,
қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз
қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және
басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт
өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.
Қайта ұғындыру– бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз
қалған оқушылар бойындағы қате көзқарастарын өзгерту әдісі.
Қайта оқыту– бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.
Бақылау сұрақтары:
1. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қалай түсінесіз?
2. Тәрбие процесі, заңдылықтары, принциптері, олардың өзара байланысын
дәлелдеңіз.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жұмыстарын мектепте ұйымдастырудың
нысандары, әдістерін ата.
4. Тәрбие баланың дамуында қандай жағдайларда басты рөл атқарады?
5. Жеке адамды жан-жақты тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан мектеп
мұғалімінің тәрбие жұмысы жоспарының негізгі бағыттарына талдау жасаңыздар.
6. Ақыл-ой тәрбиесін, политехникалық және еңбекке баулудағы адамгершілік,
эстетикалық, дене тәрбиесін жүзеге асырудағы мектептің міндеттері туралы
әңгімелеп беріңіздер.
7. Тәрбие процесінің мәні туралы алдыңғы білімге сүйене отырып, тәрбиені
басшылыққа алатындай етіп, тәрбиенің принципі немесе оның негізгі қағидаларын
жасаңыздар.
Әдебиеттер:
1. Жұмабаев М. Педагогика А, 1994 – 280 бет
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
3. Е.Сағындықұлы. Педагогика. — Алматы, 1999.
4. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003. – 368 б.
5. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А.М.Құдиярова. – Алматы:
Дарын, 2004. – 448 б.
6. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. – Алматы, 2004 – 412 б.
7. Педагогика: Оқулық /Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 2-
басылым. – Астана: Фолиант, 2010. – 656 б.
8. Педагогика: Оқулық / Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 3-
басылым. – Астана: Фолиант, 2014. – 472 бет.

2 комментария для “Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидалары (ұстанымдары)”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *